7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі' (8 класс)

Сабақ жоспары 'Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Физикадан өткізген сабақ жоспарымның үлгісі.Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі.Сабақ мақсаты:Оқушыларға  электр өрісі, электр кернеулігін   көрсетіп,   бағыт - бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттер
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Электр өріс. Электр өрісінің кернеулігі».

Сынып: 8

Мерзімі: ________

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға электр өрісі, электр кернеулігін көрсетіп, бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: топтық оқыту, жұптық жұмыс ,білімді тексеру және бағалау сабағы

Құралдар: бағалау парағы, оқулық , интербелсенді тақта

Әдіс-тәсілдер: ойшақыру, топтастыру, еркін жауап, пікірін қорғау, топпен жұмыс

Оқыту нәтижесі:

  • Ой-өрісін қозғайды

- теориялық білім практикамен ұштасады

  • өз бетінше жұмыс жасайды

  • Қорытынды жасай алды.

Сілтеме: физика оқулығы, есептер жинағы (Физика 8-сынып, Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова, күнтізбелік жоспар)

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Мотивация кезеңі: Қызығушылықты ояту

  • Балалар көңіл- күйлерін қалай?

  • Ендеше, мен сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Осы арқылы сыныпқа психологиялық ахуал орнату.

Смаликтер арқылы оқушыларды екі топқа бөлу.


Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады Мұғалім сурет бойынша оқушылар топқа бөлінеді.

Топтың бақылаушысын , хатшысын , тілшісін тағайындайды.

Білім


3 мин

Эксперименттік көрсетілім: Шыны таяқшаны қағазға үйкеп , жақындатамыз.

Ортаға сұрақ : Не байқадыңдар?

Жауап: жапырақшалары көтерілді.

Не себептен?

Жауап : Қағазға үйкелгеннен кейін шыны таяқша электрленді , электр өрісі пайда болды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Электр өрісі. Электр өріснің кернеулігі»


Тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ өз ойларын эксперименттің қорытындысы бойынша айтады..

Сабақтың тақырыбын ашады.


Түсіну

10 мин

«Есте сақта »

1.Ауызша төмендегі сұрақтарға жауап береді

I топ

А) денелердің электрлену қасиетін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

В) аттас және әр аттас зарядтар өзара қалай әсерлеседі?

II топ

А)Электроскоп не үшін қажет?

В) электрөткізгіштер мен электр өткізбейтін заттарды ата

2. Кестені толтыр

Физикалық

шаманың атауы

Физикалық

Шаманың

белгіленуі

Физикалық

шаманың

өлшем бірлігі

Электр заряды

Диэлектрлік өтімділік

Кернеулік

Кернеу

Жұмыс

Потенциалдар айырымы

Электр сыйымдылық


Қолдану

20 мин

Есептер шығару

I топ

1. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 0,2 мкКл зарядқа 0,15 Н күш әрекет етеді . Осы нүктедегі өрістің кернеулігін анықта.

II топ

1. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары 20 Кл және 30 Кл . Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?

Физикалық жұмбақтар.

  1. Жердің жүзін шарлайсың
    Онсыз еш жерге бармайсың
    Көлікпен де, жаяу да
    Саралайсың, таңдайсың.

  2. Жылдамдықты өзгертеді
    Қозғалысты тездетеді
    Қарсы шықса қозғалысқа
    Тоқтарына көз жетеді.

  3. Көтерілсе жоғары
    Ерітеді мұхит
    Төмен түссе шамалы
    Сездірер суық ызғарын


Оқушылар есептерді шығарады , талдайды , дәптерге жазады

Жинақтау

(синтездеу)


5 мин

Тест жұмысы


Әр топтан бір оқушы шығып, жауаптарын айтады .


Бағалау:


Үйге тапсырма

4 мин


1 мин

Оқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.


  • §32 оқу. 15- жаттығу №3, №4 есеп


Әр топ көшбасшысы өз топ мүшелеріне баға береді.

Оқушылар күнделікке жазып алады .Күнделікке бағаларын қойғызады

Пән мұғалімі: Шукирхан О Тексерген: ___________























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал