7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік'

Ашық сабақ 'Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: физика 8 сынып

Пән мұғалімі: Ш.Байдрахманова

Тақырыбы: Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жылу берілудің түрлерімен танысып, жылуөткізгіштік туралы мәлімет алу. Тәжірибеде, күделікті тұрмыста кездесетін жылу берілу түрлерін ажырата білуге дағдыны қалыптастыру, бақылау, салыстыру және талдау жасау қабілеттерін дамыту;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, өз ойлврын толық жеткізе алуға, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Оқушылар білуі қажет: Жылу берілу түрлері және жылуөткізгіштік дегеніміз не, не үшін қажет және қандай мақсатта қолданады

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, интерактивті тақта, сптрт шамы, колба , бояу , шыны бакал, темір қасық балауыз, ағаш қасық,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныптың оқушыларын суреттер арқылы топқа бөлу. Оқушылар өз топтарына ат қойып қорғайды.

«Молекула», «Температура», «Диффузия»

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

3 топ бір-біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.

  1. Дененің ішкі энергиясын кандай әдістермен өзгертуге болады?

  2. Қандай белгілері бойынша білеміз

а) ішкі энергияның артқанын қалай байқаймыз?

б) ішкі энергияның кемігенін қалай білуге болады?

3) Баллондағы ауаны сорып алғаннан кейін қалған аузының ішкі энергиясы неліктен кемиді?

4) Ішкі энергияның жұмыс істеу барысында: үйкеліс, соғу, сығу кезіндеөзгеруіне мысалдар келтіріңдер,

5) Жылы бөлмеге даладан аузы тығындалған бөтелкені енгізеді. Біраздан соң бөтелкенің тығыны ұшып кетті.Неліктен?

6) Резина доп қандай да бір биіктіктен қүлады. Жерге соғылғаннан кейін қайтадан жоғары көтерілді.Осы кезде энергияның кандай түрленулері жүрді? Неліктен доп бастапқы биіктікке көтерілмейді?


ІІІ.Жаңа сабақ


А)Қызығушылықты ояту

Оқушылар алдыңыздағы, жан-жағыңыздағы, бөлмедегі заттарды қолдарыңызбен ұстап көріңіздер.

-Не байқадыңыздар?

-Бөлменің температурасы қандай?

-Неге ол заттардың температуралары әр түрлі болып сезіледі?

-Не себептен деп ойлайсыздар?




Жылу берілудің түрлері. Жылу өткізгіштік.


Денемен жұмыс істемей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі жылу берілу деп аталады. Анағүрлым көбірек қыздырылған дененің бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, оның бөлшектеріне энергияны тікелей береді.

Жылу берілудің үш түрі бар:

1.жылуөткізгіштік.

2.конвекция

3.сәуле шығару



  1. Жылуөткізгіштік

І
шкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады

Тәжірибе №1 (электронды оқулықпен) .

Жылуөткізгіштік ерекшелігі:

- қатты, сұйық және газдарда жүре алады;

-зат өзінің орнын ауыстырмайды;

-әртүрлі заттардың жылуөткізгіштігі түрліше болады.


2.Конвекция

• Жылу қондырғылары еденге жақын төменде орналасқанымен, бөлменің жоғары жағындагы ауаның температурасы әдетте төменгі жағынан жоғары болуының себебі неде?

Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш - Архимед күші әрекет етеді.

К
онвекция дегеніміз - сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

Конвекция ерекшелігі:

-Сұйықтарда және газдарда болады;

-қатты денелерде және вакуумда болмайды;

-газдар мен сұйықтар өздерінің орындарын алмастырады;

-газдар мен сұйықтарда төменнен бастап қыздырады.

Тәжірибе №2


2.Сәулешығару

• Сәуле шығару (сәулелік жылу алмасу) деп электрмагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.

• Сәулелену энергиясының дененің ішкі энергиясына айналуын жұтылу деп атайды.



Сәуле шығару ерекшелігі:

-Кез-келген затта жүре алады;

-дене температурасы артқан сайын сәуле шығару қарқындылығы артады;

-вакуум арқылы да таралады;

-қара денелер сәулені көбірек жұтады, ал ақ денелер керісінше сәулелерді көбірек шағылдырады.


Жылу берілудің түрлерінің тұрмыста қолданылуы.


Үйді су құбырлар жүйесімен жылыту.


ІV. Жаңа сабақты пысықтау

Сурет сұрақтар

1
. Не себепті ұшақтар мен зымырандарды ақ және күміс түстес бояйды?


Жауабы: Сәулені жақсы шағылдыратындықтан.

  1. Кірпіштен жасалған үйлерге қарағанда ағаштан жасалған үйлердің жылы болатыны неліктен?


Жауабы: Кірпіше қарағанда ағаш жылуды жай өткізеді.

3.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі?

Жауабы: жылу пешке сүйеніп отырған балаға жылуөткізгіштік арқылы беріледі.



.

4.Жылу көзінен балаға энергия қалай беріледі?

Жауабы:құм үстінде жатқан балаға жылу күннен сауле шығару арқылы, ал құмнан жылуөткізгіштік арқылы беріледі.


5.Тез бұзылатын азық-түлікті қай вагонмен тасыған дұрыс? Неліктен?

Жауабы:Тез бұзылатын азық-түлікті ақ түске боялған вагондармен тасымалдайды. Себебі ақ түсті сәулені көбірек шағылдырады.


6. Неліктен қыста құстар мен жануарлар тоңбайды?

Жауабы:олардың сыртқы жүндерінің арасында ауа болатындықтан. Себебі ауаның жылуөткізгіштігі нашар. Ауа дененің өз жылуын сақтауға көмектеседі.

7. Неліктен тұрғын үйлердің терезелері екі қабатты етіп жасалады?


Жауабы: екі қабаттың арасында ауа болады . Ал ауаның жылуөткізгіштігі нашар. Сондықтан жылуды сақтап тұрады.

8. Жылу берілудің қайсы түрінде зат алмасу процесі жүреді?


Жауабы: Конвекция

V. Қорытындылау

Рефлексия

«Идеялар жәрменкесі»

  1. Бүгінгі сабақта біз қандай мәселелерді қарастырдық?

  2. Бүгінгі үйренгеніміз Сіз үшін болашаққа қажет деп ойлайсыз ба?

  3. Сабаққа қандай толықтырулар енгізер едіңіз?



VI.Үйге тапсырма

§5,6,7 тапсырма

1-топ 2-жаттығу 4- тапсырма

2топ 3жаттығу 4- тапсырма

3топ 4жаттығу 4- тапсырма



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал