- Учителю
- 'Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы' (9 сынып)
'Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы' (9 сынып)
Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
Долайты орта мектебі
Физика пәні мұғалімі:Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна
Пәні
Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы
Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы
Жалпы мақсат
Ауырлық күші, денелердің еркін түсу үдеуі және денеге әрекет ететін ауырлық күші бойынша түсінік беру, оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту, есеп шығару барысында Бүкіләлемдік тартылыс заңының мәнін ұға отырып, өз қорытындысы мен ұсынысын қолдана алуға жағдай туғызу, танымның ғылыми әдістерін меңгеруге, іскерлікке, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Қарастырылған модуль
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
1.Диалог
2.Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету
3.АКТ
4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
5.Бағалау
Оқыту нәтижелері
Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда шеберлік танытады
Түйінді идеялар
Топпен және жеке жұмыс істей алады, өз алдына ізденеді, өзін-өзі реттейді, бірін-бірі бағалай алады,
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы
-
Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар.
-
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында И.Ньютон қандай болжам ұсынды?
-
Г.Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?
-
Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?
-
Неліктен барлық денелер үшін өзара тартылыс байқала бермейді?
Сабақ мақсатымен танысу: ауырлық күші, денелердің еркін түсу үдеуі және денеге әрекет ететін ауырлық күші
Жаңа сабақ
Г.Галилей өзінің жүргізген тәжірибелерімен барлық еркін денелер, өздерінің массаларына тәуелсіз жерге бірдей үдеумен түсетінін тағайындады. Ал Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары мен бүкіләлемдік тартылыс заңы еркін түсудің, яғни денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуының негізіг ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік берді.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі - денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атайтынын білесіңдер.
Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші
F=G (1)
m - дененің массасы, Mж - Жердің массасы, R - Жердің радиусы, h- дененің Жер бетінен биіктігі.
Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес:
g=
-
Формуланы ескере отырып, Жер бетінен һ биіктіктегі еркін түсу үдеунің модулі үшін:
gh= G (2)
өрнегін аламыз, ал Жер бетінде (һ=0)
g=G болады.
(2)формуладан еркін түсу үдеунің дененің m массасына тәуелсіздігі, ал оның шамасының дене Жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады. Алайда, егер дененің Жер бетінен көтерілу биіктігі 100 км-ден аспаса, онда Жер радиусымен салыстырғанда, бұл биіктікті ескермеуге болады. 100 км -ге дейінгі биіктікте еркін түсу үдеуін шамамен 9,8 м/с2-қа тең деп есептеуге болады.
Тапсырма
Тақырыпқа байланысты қосымша есептер шығару
Қорытынды сұрақтар
-
Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
-
Еркін түсу үдеуі қандай шамаларға тәуелді?
-
Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
-
Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді еместігін қалай дәлелдеуге болады?
-
Полюсте және экваторда бір денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?
Бағалау
Формативті бағалау
Үйге тапсырма беру: § 16-17 оқып келу , 14 жат