- Учителю
- Практикалық жұмыс: Жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу. (9 сынып)
Практикалық жұмыс: Жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу. (9 сынып)
Бекітемін: Сыныбы: 9 «В»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс: Жердің ауырлық өрісіндегі
дене қозғалысының параметрлерін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Дененің жердің ауырлық өрісіндегі дене
қозғалысын анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып,
жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім
мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны
бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа,
отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке
баулу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: карточка, тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Қорытынды
V. Бағалау
VI.Үй тапсырмасын беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
-
Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз не?
-
Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласы? Өлшем бірлігі?
-
Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық қалай аталады?
-
Дененің салмағы деген не?
-
Салмақ дегеніміз не?
-
Салмағы нөлге тең болатын дененің күйі не деп аталады?
-
Жасанды серік неліктен жерге құламайды?
-
Орбита бойымен айналатын Жер серігіне қандай күш әрекет етеді?
-
Жоғары қарай үдемей қозғалған дененің салмағы қалай өзгереді?
-
Масса, салмақ, ауырлық күшінің қайсысы салмақсыздық жағдайында нөлге тең болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Марстың массасы 6*1023 кг, радиусы 3300 км. Дененің Марс бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеп шығарыңдар.
-
Ай радиусы Жер радиусынан шамамен 3,7 есе кіші, ал массасы Жер массасынан 81 есе аз. Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?
-
Алманың массасы 40 г. Оны Жер қандай күшпен тартады? Егер алма үзіліп түскен бұтақ 2,4 м биіктікте орналасқан болса, онда алма қанша уақытта жерге түседі?
-
Айдың радиусы 1738 км, ал ондағы еркін түсу үдеуі Жердегіден 6 есе аз екені белгілі. Айдағы бірінші ғарыштық жылдамдықты есептеңдер.
-
Марстағы еркін түсу үдеуі 3,76 м/с2, ал оның радиусы 3,39*106 м. Марс бетіне жақын маңайда ұшып жүрген жасанды серік жылдамдығын анықтаңдар.
-
Жердің жасанды серігі жер бетінен 200 км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалса, оның Жерді айналу периоды қандай болады?
-
Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктіңсалмағы және оған түсірілген тіректің реакция күші қандай?
-
Көпірдің қисықтық радиусы 100 м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автокөліктің салмағы қандай?
-
Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі a=0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай болады?
-
Массасы 2 т автокөлік дөңес көпірден 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Егер көпірдің қисықтық радиусы 100 м болса, онда ол көпірдің ортаңғы нүктесін қандай күшпен қысады?
ІV. Қорытынды
-
Бала үйдің ашық терезесінен 10 м/с жылдамдықпен доп лақтырды. Егер үй іргесінен бастап есептегенде, доп 4,9 м қашықтыққа түскен болса, онда оны қандай биіктіктен лақтырған?
-
Түтіктен көкжиекке 300 бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен су атқылап тұр. Атқылаған судың ұшу уақытын, ұшу қашықтығын және максимал көтерілу биіктігін анықтаңдар.
-
Зеңбіректен көкжиекке 450 бұрыш жасай 1000 м/с бастапқы жылдамдықпен снаряд ұшып шықты. Снарядтың ұшу уақытын, горизонталь бағыттағы ұшу қашықтығын және максимал көтерілу биіктігін анықтаңдар.
V. Бағалау
VI.Үй тапсырмасын беру: қайталау