- Учителю
- Сабақ жоспары. Физика 7 класс
Сабақ жоспары. Физика 7 класс
Абаева Айгуль Турлыханқызы
«Қаратал орта мектеп-бақшасы» КММ. ШҚО. Үржар ауданы
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника. Қазіргі әлемдегі физика.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың физика пәні туралы түсініктерін кеңейту.
уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурс
1 мин
Сергіту сәті.
Психологиялық ахуалды реттеу.
«Көңілді суыр» сергіту жаттығуын жасау.
Ноутбук.
Проектор.
Интернет
3 мин
Оқушыларды топқа бөлу. «Жер жаннаты-Жетісу»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
Берілген тапсырма бойынша топқа бөлінеді.
Мақал-мәтелдер жазылған тілше қағаздар
15 мин
Үй тапсырмасын сұрау. Анықтамаларды өздері қорытып, табиғатты аялау, қорғау сезімдерін әр оқушы бойында қалыптастыру.
Әр топ 2-3 табиғат құбылысын бейнелеп, себеп салдарын айтып береді. Нәтижесінде табиғат құбылысы, физикалық құбылыстың анықтамаларын қорытындылайды.
5 мин
Оқушыларға ашық сұрақтар беру:
- Қалай ойлайсыңдар, табиғат құбылыстарының арасында байланыстар бар ма?
- Оған қалай көз жеткізуге болады?
- оны кімдер зерттейді немесе бақылайды? -деген сияқты сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашуға жетелеу.
Сұрақтарға жауап бере отырып, табиғат құбылыстарының арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды табу арқылы табиғат заңдары туралды ой түйіндейді. Физика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдармен, физикалық термин ұғымымен алғашқы таныстыққа ұмтылыстар жасайды.
1 мин
Сергіту сәті.
Видеороликтегі іс-қимылдарды қайталау.
10мин
Оқулық бойынша өте шағын түрде берілген тақырыпшаларды оқып, бірінші жұп болып бір-біріне түсіндіруге, содан соң топ болып жалпы тақырыпты талқылауға тапсырма беру.
Әркім оқулық бойынша берілген шағын ғана мәтінді оқып, а) жұптық, ә) топтық тапсырмаға қатынасу.
Оқулық, жұмыс дәптері, А4 қағаздары, клей, маркер.
5 мин
Өз түсінгендерімен келесі топпен бөлісуге ұсыныс білдіру.
Тақырып бойынша топтық талқының қорытындысын шығарып, жинақтап, келесі топқа түсіндіреді.
Постерлер
3мин
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника. Қазіргі әлемдегі физика туралы интернеттен оқып келу.
2мин
Кері байланыс.
Стикерлер, смайликтер.