- Учителю
- Планирования по физике на тему ' Физикалык эстафета' (7 класс)
Планирования по физике на тему ' Физикалык эстафета' (7 класс)
«Физикалық эстафета»атты сыныптан тыс сайыс сабағы
7«в» сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, логикалық ойлау қабілетін,есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқуға,саналы сезімге,жауапкершілікке,өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, физикалық приборлар, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,
Формасы: ойын сабақ
Ол үшін алдымен сыныпты 2 топқа бөлеміз.Топтарды эстафетаны өткізу тәртібімен таныстырамыз. Физикалық эстафета 8-кезеңнен тұрады.
-
«КІМ КӨП БІЛЕДІ? »
-
«ФИЗИКАЛЫҚ АСПАПТАР»
-
«ФОРМУЛАЛАР ЕЛІНДЕ»
-
«БІЛІМ ҚҰМАРЛАР ЕЛІНДЕ!»
-
«БҰЛ КІМ?»
-
«ДОМИНО»
-
«ТІЛ - ӨНЕР»
-
«ҚЫЗЫҚТЫ ФИЗИКА ЕЛІНДЕ»
Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып,тапсырмаларды орындайды. Топтардың орындаған жұмыстарын бағалау үшін әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз.
І-кезең: Кім көп біледі?
Бұл кезеңде тақтада сұрақтар жазылады,сол сұрақтарға кезекпен жауап береді. Қай топ дұрыс,көп жауап берсе сол топ жеңіске жетеді.
І-топ сұрақтары:
1. Физика дегеніміз?
2. Атом дегеніміз не?
3. Заттың неше күйі болады?Қандай?
4. Заттың қатты күйінің қасиеттерін ата.
5. Жүрілген жол дегеніміз не?
6. Орын ауыстыру дегеніміз не?
7. Масса дегеніміз не?
8. Дененің массасын қандай құралмен өлшейміз?
9. Заттың тығыздығы дегеніміз не?
10. Тығыздық қандай бірлікпен өлшенеді?
ІІ-топ сұрақтары:
1. Материя дегеніміз не?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Ауырлық күшінің формуласы?
4. Күш дегеніміз қандай физикалық шама?
5. Күштің өлшем бірлігі ретінде қандай бірлік қабылданған?
6. Ньютон кім болған?
7. Деформация деп нені айтады?
8. Деформацияның қандай түрлерін білесің?
9. Үйкеліс күші деп?
10. Үйкеліс күшінің формуласы?
ІІ-кезең: «Физикалық аспаптар»
Тақтаға физикалық аспаптар көрсетіледі. Сол аспаптардың аттарын атап, қандай қызмет атқаратынын айтады.
Берілетін приборлар: таразы, динамометр, манометр, термометр, мензурка, барометр.
ІІІ-кезең: «Формулалар елінде»
Бұл кезеңде 2 топтан кезекпен оқушылар шығып, тақтаға білетін формулаларын жазады. Қай топ дұрыс және көп формула жазады,сол топ жеңіске жетеді.
ІV-кезең:«Білім құмарлар елінде»
Бұл кезеңде 2-топтың алдына есептер беріледі. Берілген есеп тақтаға шығарылады. Дұрыс есеп 30-ұпаймен бағаланады. Есепке 2мин уақыт беріледі.
І-топ есептері: а) Судың 0,6м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Шешуі: һ=0,6м Есептелуі:
ρсу=1000кг/м3 р=ρgһ р=1000*10*0,6=6000Н/м=6кПа
т/к: р-?
б) Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 35мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.
Шешуі: Ғ=245Н Есептелуі: Ғ=kх, k=Ғ/х
х=35мм=35*10-3 k=245н/35*10-3=7*103
т/к: k-?
ІІ-топ есептері:
а)100см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
Шешуі: S=100 см2 Есептелуі:
F=50H Р=Ғ/ S Р=50Н/100*10-2=0,5*102Па
Т/к: Р-?
б) Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасы қандай?
Шешуі: Ға=10кН есептелуі:
Ға=mg m=Ғ/g, m=10*103Н / 10=103=1000кг=1 т
Т/к: m-?
V-кезең:«Бұл кім?»
Тақтада қысқаша деректер беріледі,сол бойынша қай ғалым екенін айтып беру керек, дұрыс жауап 10ұпаймен бағаланады.
VІ-кезең:«Домино»
Тақтада көрсетілген сөздерді ретімен орналастырып, тұжырымдама шығару керек.
VІІ-кезең:«Тіл өнер»
Тақтада көрсетілген жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару керек. Толық дұрыс жауап 30ұпаймен бағаланады.
VІІІ-кезең:«Қызықты физика елінде»
Бұл кезеңде тәжірибелер жасалып түсіндіріледі. 2-топтың алдына керекті құрал-жабдықтар беріледі.
І-топ: Дененің массасын анықтау керек.
ІІ-топ: Дененің тығыздығын анықтау керек.
Эстафетаны аяқтау үшін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңген топ марапатталады.
Қорытындылау:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер-деп эстафетамызды аяқтаймыз.
№13 орта мектеп гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
"Физикалық эстафета"
Өткізген: Жұбанова Г.О.
Ақтау,2013