7


  • Учителю
  • Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Күні: 25.02.2015

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың тақырыбы

§9.4 Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Жалпы мақсаты

Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды, есептеу формулаларын келтіріп шығаруды қалыптастыру, «ток күші», «кернеу», «кедергі» ұғымдарын айыра білу және олардың электр құбылыстары тарауындағы маңызды, әрі егіз ұғымдар екендігін түсіну үшін диалогтік оқыту әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.
Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

Ойлануды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді, өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді, пікірлерді салыстыра білуді, ұқсастық пен айырмашылықтарын табуды, сандық, логикалық және мағыналық есептедің шығарылу жолдарын қарастырып, ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді. Ғылыми көзқарасы қалыптасады, өз біліміне есеп беріп, өзге топтарды тыңдауды үйренеді, топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттейді.

Негізгі идеялар

Күнделікті өмірде, тұрмыстық жағдайларда «ток күші», «кернеу», «кедергі» шамалары қатар жүретіндігі, бұл құбылыс электр құбылысының негізгі заңдылығы екендігіне көз жеткізу.

"Миға шабуыл" стратегиясы

Сынып үш топқа бөлінеді, кейін оқушылар бір- біріне өткен тақырыптаң сұрақ қояды.

1.Кернеуліктің формуласы?

2.Тоқ күшінің өлшем бірлігі?

3.Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?

4. Тоқтың қасиеттері қандай?

5. Ом заңының формуласы?

6. Кернеуді өлшейтін құрал?

7.Кернеудің формуласы?

8.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

9. Меншікті кедергі формуласы?

10. Меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?

11. Кулон заңының формуласы?

12. Сыйымдылық формуласы

13. Алғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген ғалым?

14. Электр тоғы дегеніміз не?


І. Балама тесті (иә, жоқ)

Тақтаға дұрыс жауабы жазылады оқушылар бір-бірінін жауабын тексереді және бір-бірін бағалайды.


  1. 1. Өткізгіштерді тізбектей қосқан кезде тоқ күштері өзара тең болады.

  2. 2. Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.

  3. 3. Өткізгіштерді параллель қосқан кезде кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады..

  4. 4. R= R1+R2+……Rn -n өткізгіштерді параллель қосу формуласы .

  5. 5. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі вольт .

6. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда тізбектегі тоқтың жалпы келергісі артады.
7 . Параллель қосқанда - жалпы кедергі кемиді.

8. Тоқ күшін реттеуге арналған арнайы өткізгіштер реостаттар болады

9. Кернеуді Омметрмен өлшейді

10. Кернеу Вольпен өлшенеді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қолданылуы:

1. Тұрмыста, техникада қолданылатын құрылғылар.
2. Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар:
а) тізбектей жалғау
ә) параллель жалғау
3. Тізбектей жалғау ережесі.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, ал тізбектегі жалпы кернеу, олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

4. Өткізгіштерді параллель жалғау ережесі.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең; жалпы кедергі кемиді:

Трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электржелдеткіш т. б.


1. Егер 120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, 80 Ом кедергі арқылы қандай ток өтеді.
2. Егер кедергі 2 есе кеміген кезде ток күші 3 есе артса, тзбек бөлігіндегі кернеу қалай өзгереді?


Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?

Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.

2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.

Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.

3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?

Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.

4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?

Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.

Практикалық тапсырма

Оқушыларға схема беріледі, сол схема бойынша откізғіштерді жалғайді.

Кері байланыс

Оқушылар берілген тапсырмаларді жасалынған жұмыс туралы кері байланыс жасалынаді.

Үй жұмысы

§9,4 есептер шығару.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал