7


  • Учителю
  • Жарық және жарықтың қасиеттері

Жарық және жарықтың қасиеттері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың қасиеттері

§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

§ 62. Күн -жұлдыз.

§ 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.

Сабақтың мақсаты:

жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы, Күннің құрылысы, Күннің және Айдың тұтылуы туралы мағлұмат беру;

Білімділігі:

әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;

Дамытушылығы:

оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі:

сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жеке , топпен жұмыс

Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, танымдық ойындар

Пәнаралық байланыс: геометрия, жаратылыстану

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық

материалдар, глобус, электр шамы, шар, штатив, т.б.

Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 59, 60

А) тест жұмысын беру

  1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?

А) электр өрісі

ә) Электрмагниттік индукция құбылысы

б) магнит өрісі

  1. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?

А) Андре Мари Ампер

ә) Александро Вольта

б) Майкл Фарадей

  1. "Индукция" латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) магнит

ә) бағыттау

б) индукция

  1. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина

А) трансформатор

ә) генератор

б) ротор

  1. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?

А) трансформатор

ә) генератор

б) ротор

ә) үлестірмелі карточкалар беру.

1) Күн - Электромагниттік индукция құбылысы не үшін қолданылады? (жылу мен гидроэнергия станцияларына электр энергиясын алу үшін)

2) Жұлдыз - Генератор қандай бөліктерден тұрады? (индуктор, якорь, контакт сақиналары)

3) Найзағай - Генератор дегеніміз не? (механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар)

4)От -Трансформатор неден тұрады? ( темір өзектен, әр түрлі орам саны бар екі шарғыдан)

5)Қыздыру шамы - Генератордың айналатын бөлігін, ал қозғалмайтын бөлігін қалай атайды? (ротор, статор)

6)Май шам - Троансформатор дегеніміз не? (Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғылар)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.

Жарық нені білдіреді?

Жарық -заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.

Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.

Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде -бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.


Вакуумде с=300 000 км/с

Ауада с= 299 711 км/с

Суда с=225 000 км/с

Шыныда с= 200 000 км/с

Вакуумдегі жарық жылдамдығы - табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.

Жарық көздері - жарық шығаратын денелер.










Ғаламдағы негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.

Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.

Барлық жұлдыздар сияқты Күн-қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.



  1. Ядролық белдеу - мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді.

  2. Сәулелік белдеу - энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.

  3. Конвекция белдеуі - "сәулелік" белдеудің үстіңгі жағынан Күннін дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады( астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)

  4. Атс\мосфера - бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Аьмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 -300 км, ең терең қабаты-фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.

Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында.

Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі - бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.


ІІІ. Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен - түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы.

Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.

Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

Көлеңкенің пайда болуы - біртекті ортада жарықтың түзусызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырйық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта Э экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады. Егер S және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді.

Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ - алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды.

Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында байқалады.

Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса , онда ол Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла-Күн тәжін көреміз. Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 мин-қа созылады және ұзақтығы 8 мин-та (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс.

Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлікболуы мүмкін.

Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1048 жж) Ай тұтылу кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап, суреттеп жазған.

Тәжірибе көрсету.

  1. Күннің тұтылуы

  2. Жарықтың түзу сызықпен таралуы


Топқа бөлу

І топ Жарық

ІІ топ Фотон

Оқулықпен дәптермен жұмыс.

Сызбаны толтыру

"Жарық" тобына



"Фотон" тобына

Тақтамен жұмыс.

"Кім жылдам" ойыны. Қолдарына кеспе қағаздарын беріп, тақтада ілінген жарық көздерін сәйкес ілу.

"Жарық" тобына

"Фотон" тобына



Люминесценттік шамдар Электр тогын өткізетін газдар

Теледидар экраны Жарнамалық түтікшелер

Тамыр шірінділері Лазерлер

Жарық қоңыздары Кварц шамдары

Судың терең қабатында жүзеті

н балықтар Солтүстік шұғыла

Металдардың әр түрлі тұздары Күн желі

Сабақты бекіту.

"Бәйге" жарысы. Шарты: Аттардың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы екі топ жарысады. Жауап берген топтардың аттары алға қарай жылжиды.




МӘРЕ

"Жарық" тобына

- Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен таралады?(с= 300 000 км/с)

- Табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық қайда? (вакуумде)

- жарық көздері неше топқа бөлінеді?( екі, дербес жарық көздері, шағылған жарық көздері)

"Фотон" тобына

- Бізге ең жақын жұлдыз ата ? (Күн)

- Жарық қоңыздары, теледидар экраны, тамырдың шірінділері, судың терең қабатында жүзетін балықтар, т.б. сиретілген газ қай жарық көзіне жатады? (плазмалық)

- күн желі деп аталатын ыстық қай жарық көздеріне мысал бола алады ? ( люминесценциялық)

"Арқан тартыс" ойыны. Шарты: Сұрақтарға жауап беру арқылы екі топ арқан тартысады.

"Жарық" тобына

1) Күннің бізге көрінетін бөлігі қалай аталады? (фотосфера)

2) Жарықтың таралу заңы дегеніміз не? (түзу сызықпен таралуы)

3) Күннің толық тұтылуы неше минутқа созылады және ұзақтығы неше минуттан аспайды? (2-3 мин, 8 мин (7 мин 40 с)

4)Суретте көрсетілгендей егер бақылаушының көзі жарық өткізбейтін экранға қатысты болып орналасса, онда бақылаушы экрандағы саңылау арқылы S жарық көзін көре алмайды. Себебі неде? Сызба арқылы көрсет.

"Фотон" тобына

  1. Соңғы деректер бойынша күннің жасы нешеде? (5 млд.)

  2. Көлеңке дегеніміз не? (жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістік)

  3. Айдық толық тұтылуы неше сағатқа жетуі мүмкін? ( екі сағатқа)

  4. Суретте көрсетілгендей S жарық көзінің және горизонталь орналасқан төрт білте тақтайдың орны көрсетілген. АВ қабырғасының қай жерінде жарықтың жіңішке жолақтары пайда болады? Сызба арқылы көрсет.


Логикалық тапсырма "Тездет, бірақ қателеспе"

Суреттер беру.

"Жарық" тобына

АВ экранында шардың ең үлкен көлеңкесін алу үшін шамды нүктелердің (1 және2) қайсысына қойған жөн? Кескіндеп салыңдар.

"Фотон" тобына

Сызбаны сызып, S1 және S2 жарық көздерінен жарықталған доптың көлеңкесі мен шала көлеңкесін кескіндеңдер

Қорытындылау .

Пікір талас. Тақтаға "Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық" мақалының физикалық мағынасын түсіндіру.

(Көлеңке пайда болады және жарықтың түзу сызықты бойымен тарайды)

Үйге тапсырма.

§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

§ 62. Күн -жұлдыз.

§ 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.


Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал