7


  • Учителю
  • Физика 'Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы' (10 сынып)

Физика 'Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы' (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы


Жалпы мақсаты:Магнит өрісін тереңірек зерттеу жолдарын оқып үйрену, магнит өрісіне байланысты физикалық шамаларды білу.


Міндеттері: - магнит өрісінің қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсерін қарастыру, формуласын білу.

- тақырыптың мазмұны мен мағынасын түсіну.

- оны практикада, есептер шығаруда қолдану.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, плакат.

Сабақ түрі: Тақырыпты өз бетімен меңгеру, топтық жұмыс.

Әдісі: Сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс, есеп шығару.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй тапсырмасын тексеру;

3. Жаңа сабақ.

4. Сабақты бекіту;

5. Сабақты қорытындылау;

6. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру:

Сабақтың мақсатымен таныстыру, топқа бөлу, топтың спикерлерін сайлау .

Бағалау критериі : Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсер

ететін куштің формуласын білу

Тақырыптың мағынасын түсіну.

Формуланы- есептер шығаруда қолдану.


(Топ ережесіне назар аудару).

Әр топқа бағалау парағын беру.

Үй тапсырмасын сұрау (карточка бойынша жұмыс жасау).

Үй тапсырмасын қорытындылау (мұғалімнің түйіндеу сөзі).

Үй тапсырмасын қорытындылау:

  1. Магнит өрісі деген не?

  2. Оның күш сызықтары қай ережемен анықталады?

  3. Ампер күші деген не, формуласы, анықтамасы.

  4. Өлшем бірлігі, альфа қандай бұрыш?

  5. Магнит ағыны деген не, формуоасы, анықтамасы.

  6. Магнит ағынының өлшем бірлігі.

  7. Ампер күші моменті деген не?

Жаңа сабақ (миға шабуыл стратегиясы).

Тақырыпты анықтау:

Түсіндіру (3 мин).

Оқулықпен жұмыс:

Формула (сызба түрінде, алдарындағы А3-ге көрсетеді маркермен).

Әр түрлі формулалар арқылы бағалау.

Әр топ өз тақырыпшасын қорғайды

Слайд корсету.(3мин)

Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары.

  1. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшекке әрекет ететін күш неге тең?

  2. Ол күш қалай аталады, оның бағытын қалай анықтау керек?

  3. Лоренц күші қандай шамаларға тәуелді, альфа бұрышы?

  4. Лоренц күшінің бағытын қандай ереже бойынша анықтайды, тұжырымдау.

  5. Лоренц күшінің жұмысы не себептен нөлге тең?

  6. Ампер күші мен Лоренц күшінің ұқсастығы және айырмашылығы?

  7. Зарядталған бөлшектің радиусы, периодының формуласы?

Сабақты бекіту.

Есеп шығару (карточка бойынша жұмыс жасау).

Карточкамен жұмыс (4 топқа барлығы 5 мин), әр топ өз есептері бойынша А-4 бойынша сөйлейді.

Есепті түсіндіру, қорғау.

Осы кезде әр топ келесі топтарға сұрақ дайындап отырады.


Қорытынды («Ыстық картоп» ойыны).

Рефлексия: Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді? (алдарындағы қағазға жазып тақтаға апарып жапсырады).


Бағалау парағы (әр топ бір-бірін бағалайды және сол бағаға қысқаша түсінік береді).

Үйге тапсырма 10.7, §10.8 . 23 жаттығу (3,4,5).

















Үй тапсырмасы бойынша берілетін сұрақтар:


І-топ


  1. Ампер күші дегеніміз не? (формуласы, анықтамасы)

  2. Ампер күшін қай жылы қай елдің ғалымы ашты, ол қандай тәжірибе жасады?



ІІ -топ


  1. Магнит индукция векторының мағынасы (формуласы, өлшем бірілігі)

  2. Сол қол ережесін тұжырымда?



ІІІ -топ


  1. Магнит ағыны деген не? (анықтамасы, формуласы)

  2. Он қол ережесі нені анықтайды?



ІV -топ


  1. Магнит ағынының өлшем бірлігі, ол неге тең?

  2. Магнит өрісінде тогы бар рама қалай орналасады, Амер күштерінің моменті?



Сабақты бекіту есептері


І-топ есептері


  1. Индукциясы 4мТл біртекті магнит өрісінде қозғалған электронның айналу периоды (q = 1,6·10-19Кл; m =9,1·10-31кг )

Ж: 8,9 нс

  1. Индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісіндегі ұзындығы 50см, 2А тогы бар өткізгішке 0,05Н күш әсер еткендегі, тоқтың бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.

Ж: 300


ІІ -топ есептері


  1. Индукциясы 0,2 Тл-ға тең магнит өрісіндегі 10Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл)

Ж: 0,32 пН

  1. Сымының орам ұзындығы 0,2м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20А болғанда, 1Н күш әсер етеді. Осы өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясы.

Ж: 0,25Тл


ІІІ -топ есептері


1. Индукциясы 0,01Тл магнит өрісінде радиусы 10см щеңбер сызған протонның жылдамдығы (q = 1,6•10-19Кл; mp =1,6•10-27кг ).

Ж: 100км/с

2. Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш. Ж: 1Н



ІV - топ есептері

1.Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығ ы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы (0,08Тл)

2.Индукциясы 0,4Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2*104км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл)

Ж: 1,28 пн

Fл = qvBsinά
1892 ж.

q- қозғалыстағы заряд

v-қозғалыстағы заряд жылдамдығы

B-индукция векторы

ά-жылдамдық вектры мен магнит индукция векторы арасындағы бұрыш

- шеңбер бойымен қозғалған бөлшек радиусы

- бөлшектің айналу периоды




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал