- Учителю
- Сәулелік жылу алмасу. Жылу берудің табиғаттағы және техникадағы мысалдары 8- класс
Сәулелік жылу алмасу. Жылу берудің табиғаттағы және техникадағы мысалдары 8- класс
Ақтөбе облысы, Мартук ауданы, Хазретовка ауылы
Хазретовка орта мектебі, физика және информатика
пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы
8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§7.8. Сәулелік жылу алмасу. Жылу берудің табиғаттағы және техникадағы мысалдары.
Сабақ мақсаты:
-
Жылу берілу ұғымын әрі қарай жалғастыру. Сәулелік жылу алмасу, жылу берудің табиғатағы және техникадағы қолданулары туралы түсінік алуға жағдай жасау,
-
Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін қалыптастыру.
-
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, жылуқабылдағыш, манометр, жылу шығарғыш
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
-
Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
-
Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?
-
Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?
-
Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?
-
Конвекция құбылысы дегеніміз не?
-
Конвекцияның жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?
-
Табиғи және еріксіз конвекция дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады. (Видеофрагмент көрсетіледі).
Көрсетілетін тәжірибелер:
Электромагниттік сәуле шығару - бұлар электромагниттік толқындар: радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері, көрінетін сәуле.
Сәуле шығару қарқындылығы дененің температурасына, дененің түсіне байланысты.
Жылу берілудің табиғаттағы және техникадағы қолдануларына мысалдар келтіру.
ІV. Жаттығу жұмыстары.
-
Айна жақсы қыза ма?
-
Өрт сөндірушілер неге бастарына жылтыр металл дулыға киеді?
-
Бірдей жағдайда қандай топырақ жақсы қызады: қара топырақты ма, әлде күлдісі ме?
-
Жазда адамдар қара емес, ақ киім киюі неге байланысты?
-
Тоңазытқыш вагондар мен үй тоңазытқыштары неліктен ақ түске бояйды?
-
Қыздырғыштарды - радиаторларды үйдің қандай бөлігіне орнатады? Неліктен?
-
Ескек желдер деген не?
-
Жылыжайлар қалай жасалады?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§7.8.4- жаттығу.