- Учителю
- Сабақ жоспары 'БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ'
Сабақ жоспары 'БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ'
БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ
Білімділер сайысы өту үшін 8 сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. әр топтың аты, өсиеттері, эмблемалары болады.
Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1-топтық аты: «Білімділер»
өсиеттері: «Білімділер мен дос бол - тарыққанда ақыл береді. адамшылығыңды біледі»
2-топтық аты: «Білгіштер»
өсиеттері: «Білгіштермен дос бол - адамшылығыңды біледі»
1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»
Мақалдың мағынасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады?
-
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
-
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
-
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
-
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
-
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
-
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
-
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
-
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
-
Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
-
Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»
Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.
-
Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)
-
Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)
-
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су - сұйық күй)
-
Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)
-
Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел - конвекция)
-
Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)
-
Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса - физикалық шама)
-
Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады - қатты дене)
-
Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор - жұғу құбылысы)
-
Көк лағым көген сүйреді. (ұршық - шеңбер бойымен қозғалыс)
3-сайыс: «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»
Әр топ оқушылары ақылдаса отырып, әрбір суреттің дұрыс жауаптарын тауып, қазылар алқасына табыс етеді, бағаланады. Екі топ дайындалып болғанша жақтаушылармен ойын ұйымдастырылады.
1-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Дауысынан біл!». Әр топ жақтаушыларынан үш-үштен алты оқушы ортаға шақырылады. Біреуінің көзі байланып ортада тұрады. Қалған оқушылар оны айнала жүріп физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айтады. Ортадағы бала «Тоқта!» дегенде тоқтай қалады, қарсы тұрған бала өзінің соңғы сөзін қайталайды. Қай оқушы екенін дұрыс тапса, орындарын ауыстырады, таба алмаса формулалар айтады.
2-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі топтан екі оқушы шақырылады. Екі оқушы қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады. Арлы-бері тербейді. Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады. Жауап: Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші т.б.
3-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Жер», «Теңіз», «Ауа». Жақтаушылар сәйкес 3 топқа бөлінеді. Сұрақ: осы үш сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілінде не айта аласың?
Мысалы: «Теңіз»
Физика тілінде: Су - сұйық күйде,
Биология тілінде: Су -тіршілік көзі, балықтар
Химия тілінде: 2Н2+О2=2H2O,
Әдебиет тілінде: Сусыз өмір жоқ. т.б.
4-сайыс: «Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле ! »
Үй тапсырмасы: «Физикалық көріністерін тамашалау»
1-топ -«Бүкіл әлемдік тартылыс заңы»
2-топ-«Архимед күші »
5-сайыс. «Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!»
Топ басшыларымен сайыс
1-сайыс
А) «Білімділер» басшысы
Қысым деген не? Деген сұраққа жауап береді.
Сөзінің соңында қысым деген шамаға анықтама береді.
Б) «Білгіштер» басшысы
Күш деген не? деген сұраққа жауап береді де аяғында күш деген шамаға анықтама береді.
2-сайыс
Топ басшылары кезекпен ғалым физиктердің фамилияларын айтады.
Мысалы 1-топ 2-топ
Ом Ньютон
Ватт Архимед
Ампер Бор т.б
Қорытынды . Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен
марапатталады.