7


  • Учителю
  • Взаимодействие тел. Масса тела. 7 класс

Взаимодействие тел. Масса тела. 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:29.11.11. 30.11.11.

Пәні: Физика

Сыныбы:7а,б 7ә

Сабақтың тақырыбы: §30.Денелердің өзара әрекеттесуі. §31. Дененің массасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға денелердің өзара әрекеттесуі мен дененің массасы жайлы теориялық білім беріп, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, өздігінен еңбек етуге ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: физикалық видио, карточка, дербес компьютер, мультимедиялық тақта, плакат.

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия.

Сабықтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тірек сызба бойынша сұрау.

ІІІ. Үй жұмысын бекіту

Оқушыларға сұрақтар қойып, инерцияға видио мысалды көрсете отырып бекіту

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Денелердің қазғалысын бақылау олардың бір біріне әрекет етуінің екі жақты сипаты болатынын көрсетеді. Денелердің бір біріне әрекет етуі өзара әркеттесу болып табылады.

Денелердің өзара әрекеттесуімен біз үнемі кездесіп отырамыз. Табиғатта басқа денелермен әркеттеспейтін денелер жоқ. Оған кез келген екі дененің соқтығысуы да, сондай-ақ бір-бірімен серіппе немесе жіп арқылы байланысқан денелердің әркеттесуі де мысал бола алады.

Өзара әрекеттесу - күрделі құбылыс. Біз бұл жерде күнделікті өмірде көріп жүрген өзара әрекеттесудің қарапайым мысалдарын қарастырамыз. Кейінірек, білімімізді жинақтай келе, оның күрделі түрлерін де қарасытыратын болмыз.

Сонымен, мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жіберді делік. Сол кезде олар бағыттары қарама - қарсы жаққа қарай сырғанап кететін болады. Бұл жерде қай бала итерсе де, құбылыстың нәтижесі бірдей болады.

Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала ақырын жүріп келе жатқан баламен қақтығысып қалса, онда олардың қозғалыс жылдамдығы өзгереді.

Әдетте денелер бірнеше өзара әркеттесуге қатысады. Мысалы, адам ауыр шкафты орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде ол Жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі. Егер дене өзара әрекеттесу кезінде жылдамдығын өзгертпесе, мысалы, тыныштық қалпын сақтаса, онды оның тағы да басқа денемен өзара әрекеттесуін байқауға болады.

Бұл келтірілген мысалдар денелердің бір-біріне ықпалы әрдайым өзара әркеттік сипат алатынын көрсетеді. Сондықтан бұл қарастырылған құбылыс әрекет емес өзара әркеттесу болып табылады.

Физикада денелерді, олардың қозғалыстары мен өзара әрекеттесуін сипаттау үшін бір қатар физикалық шамалар енгізілген. Ол шамалармен физиканы одан әрі оқу барысында танысатын боласыңдар.

Күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдайларды масса ұғымы қолданылады.

Денелердің өзара әрекеттесуін бақылай отырып, әрекеттесу кезінде бір денелер жылдамдығын көбірек, ал екінші біреулері тым аз өзгертетініне көз жеткізуімізге болады. Мысалы: роликті коньки киіп тұрған кішірек және ерексектеу екі бала бірін-бірі итеріп жібергенде, кішірек бала ересектуіне қарағанда едәуір тез қозғалатын болады.

Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама - масса деп аталады. Массаны m әріпімен белгілейді.

Екі дененің массасының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады, яғни

Қандай да бір дененің массасын өлшеу үшін, оның бірлі ретінде қабылданған дененің массасы мен салыстыру қажет. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (SI) масса бірлігіне килограмм (кг) алынған.

Таразының тепе-теңдік жағдайында дененің массасы кірлердің массасына тең болады. Массаны өлшеу үшін килограмның мыңдық және миллиондық үлесі - грамм және миллиграмм, сондай-ақ массасы үлкен денені өлшеу үшін тонна пайдаланылады.

1г=0,001 кг; 1кг=1000 г ; 1кг = 1000000 мг; 1 т = 1000кг; 1кг = 0,01 ц.

Масса - едәуір күрделі физикалық шама болып табылады.

Күннің массасы m=1,99*10кг, ал өте кішкентай бөлшек - электронның массасы m= 9.1093897*10кг.

VІ. Жаңа сабақты 11- жаттығудың есептерін шығарта отырып бекіту.

№1.

Шыбынның қанаты: 0,00005г=5*10-5 *10-3 =5*10-2кг=0,05кг

Тенис добы: 2,5г=2,5*0,001=2.5*10-3кг=0.0025 кг

Футбол добы: 400г=400*10-3 кг=0.4кг

Автомобиль: 1,45т=1,45*103 кг=1450 кг

VІІ. Үйге тапсырма: §30.Денелердің өзара әрекеттесуі. §31. Дененің массасы оқып, түсінік айту.

VІІІ. Оқушыларды бағалау.



45 «Ақ Орда » мектеп-гимназиясы







Тақырыбы:Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.









2011-2012 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал