7


  • Учителю
  • Конспект урока по физике для 10 класса 'Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс'

Конспект урока по физике для 10 класса 'Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тема урока: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс. Урок предназначен для учащихся 10 класса общественно-гуманитарного направления с казахским языком обучения. Цель урока: дать понятие равномерного прямолинейного движения; развивать способность мыслить. Данная тема входит в
предварительный просмотр материала

Сабақ № 2.

Пән: Физика

Сынып: 10 (қоғ.-гум. бағыт)

Күні: «___»_______20____ ж.


Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, оқулық, тест.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдему. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

2. Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап.

  1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Материялық нүкте деп нені айтады?

  3. Санақ жүйесі дегеніміз не?

  4. Жолдың ұзындығы, қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  5. Лездік жылдамдық дегеніміз қандай жылдамдық?


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.


Қозғалыстың ең қарапайым түрі - бірқалыпты түзусызықты қозғалыс.

Жылдамдығының бағыты да, шамасы да тұрақты болатын қозғалысты бірқалыпты түзусызықты қозғалыс деп атайды.

Негізінен, ондай қозғалыс жоқ деуге болады. Алайда шамалы уақыт мезетіндегі дененің қозғалысын бірқалыпты деп есептей алуымыз мүмкін. Мысалы, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің қозғалысы, шариктің немесе доптың горизонталь бет бойымен баяу қозғалысы, ұшақтың ұшуы және т.б.

Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы орын ауыстырудың сол орын ауыстыруға кеткен уақыт аралығына қатынасымен анықталады:

v = s/t (1)

Демек, v = const кезінде, орын ауыстыру s = vt болады.

Егер жылдамдық тұрақты шама болса, онда кез келген тең уақыт аралығында дене бірдей қашықтықты жүріп өтеді.

Егер дененің бастапқы t0 уақыт мезетінде координатасы х0 нүктесінде болса, онда t уақыт ішінде ол s орын ауыстырады. 1 суретте көрсетілгендей, s векторының Ох осіне проекциясы sx=xc-x0 болады. Жалпы алғанда уақыт интервалын ∆t=t-t0 түрінде, яғни соңғы t және бастапқы t0 уақыт мезеттерінің айырымы ретінде жазуға болады. Сонда дене координатасын анықтауға арналған формуланы былай жаза аламыз:


vx=sx/∆t=xc-x0/∆t, ал бұдан xc=x0+vx∆t аламыз.

x0 s xc

0

s=xc-x0 x

1-сурет

Жылдамдық графигі:





Ж

x, мылдамдық теңдеуінің графигі:

х=x0+ vx·t



x0

t, c

х=x0- vx·t



  1. Жаңа сабақты бекіту.

Тест.

  1. Суретте дененің қозғалыс жылдамдығының графигі келтірілген. Осы дененің бастапқы жылдамдығы неге тең?

V, м/с

8

6 ---

4

2

0

2 4 6 t, с

А) 1 м/с

В) 4 м/с*

С) 6 м/с

Д) 12 м/с

Е) 8 м/с


  1. Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағытта 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстыр.

А) автобус және таксидің жүрген жолы мен орын ауыстыруы бірдей

В) автобустың жүрген жолы артық, орын ауыстыруы таксимен бірдей*

С) автобустың орын ауыстыруы артық, жүрген жолы таксимен бірдей

Д) таксидің жүрген жолы артық, орын ауыстыруы автобуспен бірдей

Е) автобустың таксиге қарағанда жүрген жолы және орын ауыстыруы артық

3. Туристер алдымен солтүстік-батысқа қарай 400 м, содан соң шығысқа 500 м және солтүстікке қарай 300 м. Туристердің жүрген жолы.

А) 1150 м

В) 1350 м

С) 1250 м

Д) 1200 м*

Е) 1300 м

4. Дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысы кезіндегі координатаның уақытқа тәуелділігі х=-5+12t болса, оның бастапқы орнының координатасы.

А) 5 м

В) 6 м

С) - 5 м*

Д) - 12 м

Е) 12 м

5. Денені материалдық нүкте деп есептеуге болатын жағдай.

А) Дискіні Жерден 0,5 м биіктікке көтеріп қойды

В) Дискіні станокта жасап тұр

С) Спортшы дискіні 50 м қашықтыққа лақтырды*

Д) Дискі 1 м қашықтыққа домалап барып тоқтады

Е) Дискі 0,5 м биіктіктен төмен құлады

6. Нүктенің жылдамдығы 2 м/с. 4 секундта жүрген жолы.

А) 12 м

В) 4 м

С) 8 м*

Д) 3 м

Е) 10 м

7. Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график.

V 4

3

2


1


А) 1 5 t

В) 5

С) 3

Д) 4

Е) 2*

8. Алдымен солтүстік-батысқа қарай 400 м, содан соң солтүстік-шығысқа 400 м, оңтүстік шығысқа 400 м жүрген туристердің орын ауыстыруы.

А) 800 м

В) 0

С) 400 м*

Д) 1 м

Е) 1200 м


9. 0,5 сағат ішінде 360 км ара қашықтықты бірқалыпты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығы.

А) 200 м/с*

В) 20 м/с

С) 40 км/сағ

Д) 7,2 км/сағ

Е) 400 м/с

10. Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс дегеніміз.

А) Жылдамдығы модулі бойынша артатын қозғалыс

В) Бірдей уақыт аралығында әр түрлі орын ауыстырулар жасайтын қозғалыс

С) Жылдамдығы модулі бойынша кемитін қозғалыс

Д) Жылдамдығы кез-келген тең уақыт аралықтарында бірдей өзгеретін қозғалыс

Е) Дене бірдей уақыт аралығында бірдей орын ауыстырулар жасайтын қозғалыс*


  1. Сабақты қорытындылау.

  2. Бағалау.

  3. Үй тапсырмасы.

§ 3. Бақылау сұрақтары.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал