- Учителю
- Ашық сабақ 'Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр'
Ашық сабақ 'Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр'
Сыныбы:7а Сабақтың тақырыбы:Күш.Деформация.Гук заңы.Динамометр. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күш,деформация ұғымдарын,оның айырмашылықтары мен қасиеттерін түсіндіру,практикалық маңыздылығын ашу
Дамытушылық:Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын,есте сақтау қабілетін арыттыру,өз бетінше қорытынды жасауға,өз-өзіне сын көзбен қарауға машықтандыру. Тәрбиелік:Оқушылардың белсенділігін арттыруға,ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сатылай кешенді талдау,сын тұрғысынан ойлау технологиясы, есеп шығару
Сабақтың көрнекілігі:ракетка,доп,шар,ермексаз,динамометр,жүктер,серіппе
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
II.Үй тапсырмасын тексеру.Ой қозғау кезеңі Терминологиялық диктант.Физикалық шамаларды жазып,қандай әріппен белгіленетінін көрсету
1.Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты анықтау үшін...деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі.Оны...әріппен белгілейміз. 2.Өлшем бірліктері... 3....деп аталатын құралмен анықтаймыз. 4.Денелердің өзара әрекеттесу кезігндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін сипаттайтын шама...деп аталады. 5.Өлшем бірліктері... 6....тартып өлшеу арқылы анықтаймыз 7....деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Оны...әрпімен белгілейміз. 8.Өлшем бірліктері...
III.Жаңа сабақты түсіндіру Күш-денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама Күш сандық мәнімен (модулімен)және бағытына сипаттайтын физикалық шама Оны Fәрпімен белгілейді. SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон Н алынған,Ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне алынған. Үлкен күш бірлігі-килоньютон Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация( латынша деформация-бүліну,бұзылу) деп атайды.
Деформация
Серпімді Пластикалық Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса мұндай деформация пластикалық деп аталады. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса,мұндай деформация серпімді деп аталады. Деформациялаушы күшке қарама-қарсы бағытталған күш серпімділік күші деп аталады. 1660жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал,яғни
F=k*x
Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш,х=l-10-дененің созылу немесе сығылу шамасы,k-қатаңдық.SI- жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (н/м)өрнектеледі. Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар -динамометр(грекше динамис-күш және метрео-өлшеймін ) қолданылады.
IV.Жаңа сабақты бекіту.Ой қорыту кезеңі.(Есептер шығару). 13-жаттығу(1)
Берілгені: Шешуі: K=7,2*104н/м F=kx Х=10*103Н/7,2*104н/м=14см
F=10кН=10*103Н
x=F/k Жауабы:х=174см
Табу керек Х---?
13(2)
Берілгені: Шешуі: F=245H F=k*x k=245H/35*10-3м=7*103Н/м x=35 мм35*10-3м k=F/x
Жауабы:k=7*103H/м Табу керек k-?
Күш, деформация сөздеріне морфологиялық талдау Зат есім-не?Күш,Деформация Сын есім-қандай?-серпімді,пластикалық,серпімділік Сан есім-қанша?-аз,көп,әр түрлі,150Н Етістік-не істеді?-жұмсалды,түсірілді,ұшырайды.
Формулалардың сәйкесін тап
U=k*x масса =S/t күш v=F/k қатаңдық m=m/ ұзару F=m/v тығыздық
k= *v көлем
x=F/x жылдамдық Демалыс сәті Ой ашар
1.Сынып оқушылары « Күш» тақырыбын өтуде Толқиды теңіз бір,
Толқиды теңіз екі,
Толқиды теңіз үш
Ол деген зор күш
(Оқушылар түрегеліп тұрып,қолдарын бір-біріне ұрады.Денелеріне күш түсіретіндей етіп қисайып,оңға-солға қарай қозғалады). 2.Сынып оқушылары деформацияға ұшырайды.(Оқушылар орындарынан тұрып,қолдарын жоғары,төмен көтеріп,керіліп созылады). Не білемін? Стратегиясы.
Ғ бағытына байланысты
Иссак Ньютон Сан мәні көп те
Күш.Деформация
Әрекет аз да болуы мүмкін
Жылдамдық V.Бағалау VI.Үйге тапсырма: § 34,35,36. 13-жаттығу
2,3есептері