- Учителю
- Сабақ жоспары 11-сынып Электромагниттік тербелістер
Сабақ жоспары 11-сынып Электромагниттік тербелістер
Шетпе лицейі
"Контурдағы электромагниттік тербелістер туралы түсініктерді қалыптастыру, электромагниттік тербелістердің теңдеулері "
Сынып: 11 А
Пән мұғалімі:
Дарменова ЖҚ
Шетпе 2013
Сабақтың жоспары
11 сынып
Сабақ тақырыбы: Электромагниттік толқындар. Контурдағы электромагниттік тербелістер туралы түсініктерді қалыптастыру, элетромагниттік тербелістердің теңдеулері
Сабақтын мақсаты:
Білімдік Негізгі түсінікті қалыптастыруға күш салу: «электромагниттік тербелістер» тарауы бойынша;
Дамытушылық Білімдері мен біліктерін жалпылай білу машығын дамытуға жағдай жасау;
Тәрбиелік Аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға күш салу.
Білім алу кезіндегі әрекет:
1. Мотив:
Сенің нені білгің келеді? Неге қажет деп ойлайсын?
2. Жоспарлау:
а) Оқушыларды топқа бөлу
б) Тапсырмалар беру
3. Іске асыру жүйесі:
Өзара пікір алмасу (5-7 минут) мұғаліммен бірге берілген тапсырмамен танысады.
4. Жоспарды орындау:
Сұрақтарға жауап
5. Рефлексия:
Жұмыстарды талдау, бақылау, салыстыру
6. Бағалау:
Топ ішінде өзара бірін-бірі бағалау
7. Қорытынды.
8. Түзету.
Сабақты техникалық жабдықтау
Интерактивтік тақта, проектор, документ камера, электрондық оқулық
Сабақ көрнекіліктері:
Осциллограф, тербелістердің осциллограммасын алуға арналған қондырғы
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І - кезең: Ұйымдастыру кезеңі..
ІІ - кезең: Білім тексеру
ІІІ - кезең: Теориялық блок.
ІV - кезең: Практикалық блок.
V - кезең: Қорытындылау.
VІ - кезең: Бағалау.
VІІ - кезең: Үйге тапсырма беру.
І - кезең: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.
IІ - кезең: Білім тексеру
Естеріңізге түсіріңіздер! Сұрақтарға жауап беру. Фронтальді сұрақтар. (Тербелмелi қозғалыс және оның ерекшеліктері. Гармониялық тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалыстың энергиясы. Өшетін тербелістер. Автотербелістер. Еріксіз механикалық тербелістер және резонанс)
-
Гармоникалық тербелістер деп қандай тербелістерді айтамыз?
-
Гармоникалық тербелістердің теңдеуі?
-
Гармоникалық тербеліс жасайтын дененің жылдамдығы мен үдеуі?
-
Гармоникалық тербелістер жасайтын дененің толық энергиясы?
-
Толқындық ұзындығы, жиілігі және таралу жылдамдығы арасында қандай байланыс бар?
-
Автотербелістің анықтамасын беріңіздер. (Жауабы: Жүйеде сыртқы периодтық күштердің әсерінсіз өтіп жатқан өшпейтін тербелістер)
-
Еріксіз механикалық тербелістер және резонанс.
Тест сұрақтары: («Өз ойынын» телевизиондық бағдаралама бойынша ойын)
-
Егер Айда еркін түсу үдеуі Жерге қарағанда 6 есе аз болатын болса? Математикалық маятниктің тербеліс периоды Айда қалай өзгереді?
Жауабы:
-
Келтірілген толқындардың қайсысы қума толқын?
А. Радиотолқындар;
В. Су бетіндегі толқындар;
С. Газдағы дыбыс толқындары;
D. Инфрақызыл сәулелер;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
-
Келтірілген толқындардың қайсысы көлденең толқын?
А. Радиотолқындар;
В. Сұйықтардағы дыбыс толқындары;
С. Газдағы дыбыс толқындары;
D. Инфрақызыл сәулелер;
Е. Ультракүлгін сәуле.
-
Егер әткеншікке бір адамның орнына екі адам мінетін болса, онда әткеншіктің периоды қалай өзгереді? Әткеншікті математикалық маятник деп есептеу керек.
Жауабы: Математикалық маятниктің периоды тек оның ұзындығына ғана тәуелді болады? Сондықтан периоды өзгермейді.
-
Ауадағы дыбыс толқындары дегеңіміз...
Жауабы: ауа бөлшектерінің бойлық тербелістері.
-
Дыбыстың қаттылыгы...
Жауабы: тербелістің амплитудасымен анықталады
-
Дыбыстын биіктігі...
Жауабы: толқынның жиілігімен анықталады
-
Қатандық коэффициенттері k1 және k2 серіппелер бірінші рет тізбектей, екінші рет параллель жалғанған. Сы серіппелерге ілінген жүктің гармоникалық тербелістерінің периодтарының қатынасы Т1/Т2 неге тең?
А. В. С. D. Е.
-
Материялық нүктенің гармоникалық тербелісінің бастапқы фазасын ... анықтайды.
А. тербелістер амплитудасы;
В. бастпқы уақыт мезетіндегі нүктенің тепе теңдік күйден ауытқуы;
С. тербелістің периоды мен жиілігі;
D. нүктенің тепе-теңдік күйден ауытқуының максимал жылдамдығы;
Е. нүктенің механикалық энергиясының толық қоры.
Массасы m оң зарядталған шарик жіпке ілініп? Жазық конденсатордың ішінде тербеліп тұр. Кернеулік күш сызықтары төмен қарай бағытталған. Егер өріс жоғалып кетсе, тербеліс периоды қалай өзгереді? Жауабы: Өріс төмен бағытталған қосымша үдеу беріп тұр, қосымша үдеу болмаса тербеліс периоды артады.
-
Массасы 0,1 кг дененің қатаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс амплитудасы 0,15 м. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасы
A) 5 м/с.
B) 0,3 см/м.
C) 7,5 м/с.
D) 0,3 м/с.
E) 5 см/с. -
Суретте FС серпінділік күшінің серіппенің Х деформациясына тәуелділік график көрсетілген. График бойынша серіппенің қатаңдығы.
A) 500 Н/м.
B) 200 Н/м.
C) 100 Н/м.
D) 400 Н/м.
E) 300 Н/м.
12. Жіпке ілінген дене еркін тербеліс кезінде ең үлкен сол жақ ауытқудан тепе-теңдікке дейін 0,2 с-та жетеді. Дененің тербеліс периоды:
A) 0,8 с.
B) 5 с.
C) 0,2 с.
D) 0,4 с.
E) 2,5 с.
13. Дененің гармоникалық тербелісінің дөнгелек жиілігі 5 рад/с, ал максимал үдеуі 1,5м/с2 -қа тең. Дене тербелісінің амплитудасы қандай?
А. 7 см;
В. 6 см;
С. 30 см;
Д. 45 см;
Е. 3 см.
14. Серіппеге ілінген жүкті тыныш тұрған күйінен 1 см-ге дейін созады. Егер жүкті тартылмаған күйден 2 см төмен ығыстырып, одан кейін жіберсе, ол гармоникалық тербелістер жасайды. Оның периоды қандай?
А. 2,0 с; В. 0,3 с; С. 0,2 с; Д. 0,4 с; Е. 1,8 с
15. Серпінді деформацияланған дененің деформациясы 2 есе азайғанда, оның потенциялдық энергиясы
A) 2 есе азаяды.
B) 4 есе азаяды.
C) 2 есе ұлғаяды.
D) өзгермейді.
E) 4 есе ұлғаяды.
16. Материялық нүктенің қозғалысы х = 2 - 4t + t2 теңдеуімен сипатталады. Оның массасы 2 кг деп алып, бастапқы уақыттан 1 с өткеннен кейінгі импульсін анықтаңыз.
A) 4 . B) 6 . C) 0. D) -4 . E) -6
17. Суретте математикалық маятниктің тербеліс графигі келтірілген. Тербелістің циклдік жиілігі Жауабы:
18. Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы еркін тербелістер жөнінде айтылған?
1. Сыртқы күштердің әсерінен оқшауланған жүйеде өтеді.
2. Тұйық жүйеде өтеді.
3. Тербеліс амплитудасы кемиді.
4. Сыртқы периодты өзгеретін күштің әсерінен амплитудасы тұрақты.
A) 1,3; B) 4; C) 2,3
D) 1,2,3; E) 1,2
19. Массасы 1 кг жүкті серіппеге ілгенде оның ұзындығы 12 см болады. Серіппенің қатаңдығы 500 Н/м. Осы серіппеге массасы 1 кг тағы бір жүк ілгендегі оның ұзындығы:
A) 0,24 м
B) 0,2 м
C) 0,18 м
D) 0,14 м
E) 0,16 м
20. Маятниктің Жер бетіндегі тербеліс периоды 1 с. Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2, ал Жерде 9,8 м/с2. Осы маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периоды
A) 2,5 с.
B) 2,1 с.
C) 2,4 с.
D) 2,2 с.
E) 2,3 с.
ІІІ - кезең: Теориялық блок.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. /Презентация/, / электрондық оқулық «Физика 11 сынып» III тарау §1,2,9 /
-
«Электромагниттік толқындар» туралы түсінік;
-
"Тербелмелі контур" деген не?
-
Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістердің қалай пайда болатынын түсіндіру.
-
Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістердің пайда болуына өздік индукция құбылсы қандай роль атқарады.
-
"Идеал тербелмелі контур" деп нені айтамыз?
-
Электромагниттік тербелістердің анықтамасы.
-
Еркін электромагнитік тербелістердің теңдеуі.
-
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің толық энергиясы.
Көрсетiлiмдер
-
Еркін механикалық және электромагниттік тербелістердің түрлері.
-
Тербелмелі контурдағы төменгі жиіліктегі еркін электромагниттік тербелістер.
-
Өшетін механикалық және электр тербелістері.
-
Еріксіз тербелістер.
-
Электр тербелістерінің резонансы.
ІV - кезең: Практикалық блок
Деңгейлік тапсырмалар Физика в задачах: Н.В.Турчина - М: ОНИКС Мир и Образование; 2008.
Есеп:
I деңгей (2 балл) №13.1.2
-
Еркін тербелістері жиілігі υ=10МГц алу үшін, тербелмелі контурға конденсатордың сыимдылығы С=50пФ-ға тең қандай индуктивтілігі бар катушканы қосу керек?
II деңгей (3 балл) №13.1.3
-
Идеал тербеліс контурда конденсатордағы кернеу u=50cos105t заңымен өзгереді, ал сол мезетте конденсатордағы максимал заряды qm=5·10-5Кл. Контурдың индуктивтілігін табыңыздар.
III деңгей (5 балл) №13.1.7
-
Тербелмелі контурда 1 кондесатор болғанда, контурдың тербеліс жиілігі υ1=12кГц болды, ал 1 конденсатордың орнына 2 конденсатор жалғағанда тербеліс жиілігі υ2=16кГц болды. Егер 1 және 2 конденсаторларды тізбектей жалғанса тербеліс жиілігі неге тең болады?
Есеп шығару:
О-I.3; §1.1-1.2; Жаттығу №1.2.1; 1.2.3; 1.2.5; 1.2.7
V - кезең: Қорытындылау.
VІ - кезең: Бағалау.
Бағалау критерийі:
«5»
8,9 -10
«4»
7,5 - 8,8
«3»
6,0 - 7,4
«2»
0 - 5,9
VІІ - кезең: Үйге тапсырма беру.
Үй жұмысы:
О-I.3; §1.1-1.2; Жаттығу №1.2.2; 1.2.4; 1.2.6; 1.2.8