- Учителю
- Сабақ: Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. §64. Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері.
Сабақ: Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. §64. Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §63. Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. §64.Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері.
Сабақ мақсаты:
-
Радиаизотоптар, таңбалы атомдар, радиациялық сәулелер, изотоптардың активтілігі, сәулелену дозасы, жұтылған доза туралы түсінік беру.
-
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
-
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, дозиметр.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Заттың қандай күйін плазма деп атайды?
2. Термоядролық реакциялар дегеніміз қандай реакциялар?
3. Басқарылатын термоядролық реакция алу үшін қандай проблемаларды шешу керек?
4. Токамак қондырғысының жұмысы қандай физикалық идеяларға негізделген?
5. Күн 1с ішінде қанша энергия өндіреді?
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
Жасанды жолмен алынатын радиактивті изотоптарды радиоизотоптар деп атайды.
Алынған изотоптар:
Изотоптардың атомдары шығаратын радиациялық сәулелері олардың қозғалатын ортасының жай-күйі туралы үнемі хабар беріп тұрады. Сондықтан радиактивті изотоптардың атомдарын таңбалы атомдар деп атайды.
Радиактивті сәулелер радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады.
Иондағыш сәулелердің өтімділік қасиеттері:
- парақ қағаздан өте алмайды. Адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.
β -бөлшектрдің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1-2 см тереңдеп ене алады. Бірніше мм алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.
γ - сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін қоғасынның немес бетон плиталардың қалың қабаты пайдаланылады.
Изотоптардың активтілігі деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады.
Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды.
Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.
Дененің бір кг-да жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза деп аталады.
;
Е-организмде жұтылған радиация энергиясы, яғни сәулелену дозасы,
m -дененің массасы.
Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей алынады.
Айналадағы ортаны радиация қалдықтармен ластау - адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан радиактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жоятын болады. Сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға жауапкершілік жүктеледі.
IV. Пысықтау.
-
Радиоизотоптар дегеніміз не және олар қалай аталады?
2. Радиоизотоптардың табиғи радиактивті изотоптарға қарағанда қандай артықшылықтары бар?
3. Таңбалы атомдар деп қандай атомдарды айтады?
-
Радиациялық сәулелер, таңбалы атомдар қай жерде және қандай мақсатта қолданыс табады?
-
Радиациялық сәулелердің қауіптілігін қалай түсінеміз?
-
Радиактивті сәулелердің өтімділік қасиеттері қандай?
-
Изотоптардың активтілігі деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
-
Сәулелену дозасы және жұтылған деп қандай шамаларды айтамыз?
-
Олардың өлшем бірліктері қандай?
-
Шекті босатылған доза мен адам өміріне қауіпті доза мөлшері қандай?
-
Халықты радиациядан қорғау және басқа елдердің радиактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге сендердің көзқарастарың қандай?
V. Есептер шығару. № 1202, № 1200 .
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма: §63. §64.
VІІІ. Бағалау.