7


  • Учителю
  • Эссе. Физика пәнінен Xplorer GLX пайдаланудың кейбір жолдары

Эссе. Физика пәнінен Xplorer GLX пайдаланудың кейбір жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы, Мартук ауданы, Хазретовка ауылы
Хазретовка орта мектебі, физика және информатика
пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы

Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

(Эссе)

Адамзат ақыл-ойының ХХ ғасырдағы қол жеткен ең ірі табыстарының бірі-кибернетика және осыған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. Заман талабына сай бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді оқытуда ақпарат құралдарыды пайдалануды алдымен әрбір пән мүғалімдері жетік білгені жөн. Ақпараттық технологияның ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде өзіндік ерекше орыны бар. Оқу орындарында интерактивті оқыту мен ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқытуда қолданудың арқасында оқытушы мен оқушы арасында көзге көрінбес білімге деген, жан-жақты білуге деген көзқарас дамитындығы байқалады.

Ақпараттық технологияны әрбір пән мұғалімі өз оқыту жұмысын жүргізуде қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек.Оқыту мен тәрбие беру үрдісінде ақпараттық технологияны жүйелі пайдалану барысында оқушы мен оқытушы арасындағы білімге деген сара жол ғылым мен техниканың дамуында өзіндік ерекшеленетін жаңалықтарына толып, жалғасып отырғанын аңғарамыз. Қазіргі уақытта оқыту процесінде компьютер, мультимедия құралдары,электрондық оқулықтар, электрондық бейне таспалар, интернет қолданып отырмыз. Ақпараттық оқытудың енгені әрбір пәнге байланысты оқытуда оқушының жұмысын оқытушы бақылап отырады, оқушы тапсырмалар жүйесін ретімен өз деңгейінде орындай алады және оқыту нәтижесін интерактивті тақта арқылы жариялы түрде көрсетіп отыруда толық мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану - әр бір оқытушы мен оқушы өз білімін әрі қарай жетілдіру болып табылады. Міне көріп отырғанымыздай өскелең ұрпақ уақытты тиімді пайдалана алтын, жан-жақты, іздемпаз,шығармашылыққа жаны құмар, ойлау қабілеті дамыған, белсенді, ақпараттық технологияны жете меңгерген болып шығады.

Физика пәнін оқытуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

-Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізе алады (интернет,қашықтан оқыту)

- Олар оқушыларға тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады

-Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру және оқу материалдарының сапасы арттады

-Компьютер көмегімен оқушы өз бетінше және өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасай алады

-Оқу курсындағы жаттығулар мен эксперименттік тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады.

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Физика пәнін оқытуда берілген зертханалық жұмыстарды орындауда есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады. Жаңа ақпаратты технология құралдарын физика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық,интелектуальдық қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылардың қалыптасуына әкеледі. Зерттеу жұмыстарында түрлі эксперементтік тәжірбиелер жасалынады, есептеулер жүргізіледі. Заңдылықтарды тұжырымдау барысында зертханалық жұмыстар жасалынып, дәлелдемелер келтірілді. Міне осындай жұмыстарға негізделген зертханалық оқу құралы Xplorer GLX -ті 2006 жылдан бастап PASCO scientific компаниясының авторлық құқығымен қамтамасыз етілген зртханалық оқу құралы 2010-2011 оқу жылынан бастап Қаратоғай орта мектебінде физика пәнін оқытуда қолданысқа енді. Осы қолданысқа еніп отырған оқу құралында PASSPORT Xplorer GIXТМ құрылысы арқылы зертханалық жұмыстардың орындалуы көрсетілген , ол автономды қолмен басқарылатын есептегіш құрылғы. GLX бұл оқушылар мен оқытушыларға арналған құрал. Бұл-құрал деректерді жинайды, талдайды, графиктерді салады, керек кестелерді дер кезінде есептеп шығарады, қажет деректі қағазға баспа құралы (принтер) арқылы басып шығарып бере алатын мүмкіндіктері бар. Xplorer GLX екі температура сенсорын қоса алғанда,бір уақытта төрт PASPORT сенсорларымен жұмыс жасайды және тағы бір кернеу сенсорымен GLX порттарына бүйір жағына қосыла алады.

Міне, физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың өзі-ғылым мен техниканың қарыштап дамығандығын көрсетеді. Және Xplorer GLX -пен бірге физика сабағын өткен кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №3. 2004ж

  2. «Физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №4. 2009ж

  3. Физика Xplorer GLX -пен бірге. Физика бойынша зертханалық оқу құралы

  4. А.Ж.Қалығұлов «Физиканы оқыту методикасы». Алматы. «Рауан» 1992

  5. «Физика» ғылыми - әдістемелік журналы, №4. 2010ж

  6. www.45minut.kz сайты.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал