7


  • Учителю
  • Физика пәнінен сабақ жоспары 'Кулон заңы. Зарядтардың өзара әрекеттесуі', 8 сынып

Физика пәнінен сабақ жоспары 'Кулон заңы. Зарядтардың өзара әрекеттесуі', 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Физика пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы "Кулон заңы.Зарядтардың өзара әрекеттесуі" 8 сынып.Үй жұмысы тест түрінде тексеріледі.Оқушылар интерактивті тақта арқылы дұрыс жауаптары арқылы бір-бірлерін тексереді.Жаңа тақырып флипчарт бойынша түсінідріледі.Бекіту кезені тест
предварительный просмотр материала

"Павлодар қаласының № 20 лицей - мектебі" ММ









Физика пәнінен сабақ жоспары


Тақырыбы «Электр зарядтардың өзара әрекеттесуі.Кулон заңы.




















Құрастырған: физика пәнінін мұғалімі:

Мүлікбаева Тоғжан Султанқызы




2015 жыл


Мекеме атауы: № 20 лицей-мектебі.

Аты-жөні: Мүлікбаева Тоғжан Сұлтанқызы

Лауазымы: физика пәні мұғалімі

Жұмыс өтілі: 19 жыл

Санаты: бірінші

Пәні: физика

Тақырыбы: Электр зарядтарының өзара эрекеттесуі. Кулон заңы.

Сынып: 8


Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара эрекеттесуі. Кулон заңы.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Бір-біріне қатысты алғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерлесуін зерттеу және олар бағынатын заңды оқып үйрену.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау,қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыны алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.


Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, полиэтилен ленталары, маталар(жібек, жұн), таратпа материалдар.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап ,баяндау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру: 10 минут (Тест-activote бағдарлама арқылы)

3. Жаңа сабақ 14 минут.

4. Есеп шығару 14 минут

5. Қорытынды 2 минут. (Тест- activote бағдарлама арқылы)

6. Бағалау 2 минут

7. Үйге тапсырма 1 минут.

8. Рефлексия. 1 минут.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу.

Ә) оқушыларды түгелдеу.

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Тест-activote бағдарлама арқылы)

Тест сұрақтары.

1. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?

А. Англия

В. Греция

С. Ресей

2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

А. Элементар

В. Электрон

С. Эбонит

3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?

А. Денелердің электрленуі

В. Денелердің әсерлесуі

С. Денелердің беттесуі

4. Аттас зарядтар бірін-бірі

А. Тартады

В. Тебеді

С. Еш әрекет болмайды

5. Электр зарядының неше тегі бар?

А. Екі. Оң заряд

В. Бір. Теріс

С. Екі. Оң және теріс


6. Электр зарядының сақталу заңы

А.

В.

С.


7. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор

А. Динамометр

В. Калориметр

С. Электроскоп


8. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?

А. Өткізгіштер

В. Жартылай өткізгіштер

С. Диэлектриктер


9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын заттар не деп аталады?

А. Өткізгіштер

В. Жартылай өткізгіштер

С. Диэлектриктер

10. Жүнге үйкелген янтарьда болатын заряд.

А. Оң заряд

В. Теріс

С. Оң және теріс

Интербелсенді тақтада дұрыс жауптары көрсетіледі.Осы кілт бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.


Жаңа сабақ.

Мотивация: полиэтилен ленталарымен эксперимент жүргізу. Екеуін де бірдей матаға(жүнге) үйкелеу және біреуін- жұнмен, екіншісін-жібекпен.

-Не байқадыңдар? Түсіндіріңдер.

Жауабы: ленталар бірдей зарядтармен зарядталды, сол себептен олар тебіледі. Әр түрлі зарядтарға ие болса - тартылады.

-Дұрыс. Мына видеоклипке көңіл аударыңыздар.

(электронды оқулықтан «Зарядтардың өзара әрекеттесу» үзіндісі.)


Аттас және әр аттас зарядтар арасында тартылыс және тебіліс әсері болады. Осы әсерді зарядтар арасындағы әрекеттесуші күштер екендігін 1785 жылы француз ғалымы Шарль Кулон тәжірибе жүзінде дәлелдеп ашты.

Өте сезімтал айнымалы таразы алып, сол арқылы зарядталған шаралардың қалай әсерлесетінін анықтады.Айнымалы таразы- жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған,шыны таяқшадан тұратын қондырғы.таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар бекітілген,ал екінші ұшында оны тенгеріп тұратын жүк бар.Жіптің жоғары ұшыоның ширатылу бұрышын анықтауғаарналған бөліктері баршкалаға бекітілген.ыдыс тығынындағы тесік арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізіледі.егер шарларға заряд берсек,онда олар бір-бірімен әрекеттеседі.Өзара әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.(флипчарт)

F ~ q *q


F ~ (q *q ) / r 2


F ~ 1 / r 2


Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.


F = k*(q *q ) / r 2

к = 9*109 Н*м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент


ε = 8.85*10-12Кл2/Н*м2 - электр тұрақтысы


F = 1 / 4π ε * (q * q ) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε * (q * q ) / ε*r 2


ε- диэлектрлік өтімділік.


Кулон заңы.

F = к


q [Кл]

1 кулон- вакуумде 1 м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9*109 Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряд.

Есептер шығару. 14 ж. №4, №7 (Тақтада шығарылады.)

Берілгені:

r=2см 0,02м F = к

q=2·10-9Кл

q=·410-18Кл

F-?

Үлестірмелі қағаздар арқылы есептер беріледі.

1.Арақашықтығы 20см,зарядтары 4нКл және 6 нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?

2.Бір-бірінен 3 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 3,6 МН күшпен әрекеттеседі.Әр зарядтын шамасы қандай?


3.Аспандағы екі бұлттың электр зардтары сәйкесінше 2 мк Кл және 8 мк Кл бір-бірімен 9 кН күшпен әрекеттеседі.Бұлттар арасындағы орташа қашықтықты табыңдар.


Шығарып болғаннан кейін,оқушылар алдын ала таратпа қағаздарда дайындалған шығару жолы арқылы бір-бірін тексереді.


Қорытынды: (Тест- activote бағдарлама арқылы)

Бағалау.


Үйге тапсырма: §31, 14 ж. № 5, № 8.

Рефлексия: Не білдім?... Не үйрендім?.. Нені білгім келеді?...




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал