- Учителю
- Физика пәнінен ашық сабақ 'Қысым'
Физика пәнінен ашық сабақ 'Қысым'
Пәні: физика
Сыныбы: 7сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысым
Сабақтың мақсаты:
білімділік: қысымның физикалық ұғымын қалыптастыру (қысымның бірліктері,қысымның формуласы), қысымды есептеуге арналған қарапайым есептер шығаруды үйрену;
тәрбиелік: құбылыстарды танып білудегі себеп-салдар байланыстарының маңызын көрсету;
дамытушылық: құбылыстарды салыстыру, түйін және қорытынды жасау іскерлігін қалыптастыру барысында жұмыс жасау.
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта,дидиктикалық материалдар, деңгейлік есептер.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Оқушыларды 3 топқа бөлу
I-топ- «Алғырлар»
II-топ- «Тапқырлар»
III-топ- «Білгірлер»
Сабақты «Алтын қақпа» ойыны өтетінін хабарлау.
3.Тас қақпа тапсырмасы
Үй тапсырмасын қорыту. IV тарауды пысықтау.
I-топ- Масса дегеніміз не?
Зат тығыздығының формуласы?
II-топ- Күш дегеніміз не?
Ауырлық күшінің формуласы?
III-топ-Деформация дегеніміз не?
Үйкеліс күшінің формуласы?
4.Тас қақпаның жабылуы.
5.Күміс қақпаның ашылу тапсырмасы
Сөзжұмбақ
Қ
Ы
С
Ы
М
1.Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші не деп аталады?
2.Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама?
3.Деформацияның түрі?
4. F=kx- Гук заңы.Мұндағы к-...
5.Массаның өлшем бірлігі ?
5.Жаңа тақырып.Қысым
Кесте арқылы түсіндіру.
6.Күміс қақпаның жабылуы.
7.Алтын қақпа тапсырмасы.
Есептер шығару
I-топ- 100 см2 ауданға 50кН күш әрекет етеді.Қысымды анықтаңдар.
II-топ- Шынжыр табанды трактордың массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2.Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтыңдар.
III-топ-Семей қаласындағы көпірдің жалпы массасы 18,5 т, көпірдің төрт пилон тірегінің ауданы 72м2 болса,көпір жерге қандай қысым түсіреді.
8.Алтын қақпаның жабылуы.
9.Алтын сандық.
Жаңа сабақты қорыту.INSERT стратегиясы.
Сұрақтар
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қысымды қалай анықтайды?
3.Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
10.Сабақ бекіту.Бағалау
Үйге тапсырма.Қысым тақырыбы.