- Учителю
- ҮЙкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
ҮЙкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
Пән: Физика.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
I нұсқа
1. Шананы қардың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта 25 Н күш түсіреді. Егер шана қар бетімен үйкелгенде үйкеліс коэффициенті 0,05 болса, шананың массасын табыңыз.
2.Қабырғасының ұзындығы 7 см және қабырғасының қалыңдығы 1 см болатын іші қуыс мыс текшеге қандай ауырлық күші әрекет етеді ?
3. Шоколадтың тығыздығын анықтаңыз. Құрал - жабдықтар: текше тәрізді шоколад, таразы, сызғыш немесе мензурка.
II нұсқа
1. Салмағы 4 кН шананы мұздың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта қандай күш түсіру керек? Шана мұз бетімен үйкелгендегі үйкеліс коэффициенті 0,03.
2. Салмағы 50 Н болатын іші қуыс шойын текшенің қабырғасының ұзындығы 12 см. Текшенің қабырғаларының қалыңдығын табыңыз.
3. Алманың тығыздығын анықтаңыз. Құрал - жабдықтар: алма, таразы, мензурка, суға толып тұрған ыдыс.