7


  • Учителю
  • Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ауада ұшу. (7-Сынып)

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ауада ұшу. (7-Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қызылорда обылысы, Арал ауданы, ст. Сапақ №69 орта мектебі физика пәнінің мұғалімі: Мейрманова Құттыгүл Әмірханқызы. Тақырыбы: Су көлігі. Ауада ұшу. Пән мұғалімі: Мейрманова Қ Жалпы мақсаты •Су көлігі, ауада ұшу бойынша білімдерін жүйелеу •Кемеде жүзу мен ауада ұшу тари
предварительный просмотр материала

Қызылорда обылысы, Арал ауданы, ст. Сапақ

№69 орта мектебі физика пәнінің мұғалімі: Мейрманова Құттыгүл Әмірханқызы


Тақырыбы: Су көлігі. Ауада ұшу

Пән мұғалімі: Мейрманова Қ


Жалпы мақсаты


  • Су көлігі, ауада ұшу бойынша білімдерін жүйелеу

  • Кемеде жүзу мен ауада ұшу тарихымен танысу

  • Тарау бойынша алған білімдерін анықтау және бағалау

Күтілетін нәтиже


  • Кеменің су ығыстырымын, ватерсызықты, кеменің батуын, су бетіне көтерілуін, ауа шарының көтеру биіктігін біледі

  • Кеме, әуе шарларын тиімді пайдалану жолдарын біледі

  • Топтық, жеке тапсырмаларды орындау барысында өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді .

Негізгі идеялар

Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық- ватерсызықпен белгіленеді.

Кеме ватерсызыққа дейін суға батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады.


Ауа шарының құрылысы:

1-қабық немесе баллон

2-аспалы жүйе

3-адам отыратын орын.


Ауада қалқып жүрген шарға ығыстырылған ауаның салмағына тең архимед күші әрекет етеді. Бұл күш тік жоғары бағытталған. Шарға әрекет ететін ауырлық күші шарды төмен қарай тартады. Осы күштердің айырымынан көтеруші күш пайда болады:

Ресурстар

Компьютер, таратпа материалдар, қаламсап, қағаз, ақшалар, домбыра, сотка

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1. Сәлемдесу

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

3. Топқа бөлу. Топ құрамын ауыстыру үшін сыныпқа 500 және 1000 теңгелерді қағазға орап араластырып, тарату. Теңгелерді алу арқылы екі топқа бөлемін.

І-топ. 500т

ІІ-топ. 1000т

Бағалауды түсіндіріп кету. (депозит арқылы бағалауды жүргіземін)

ІІ. Топтық жұмыс: «Қарша бораған сұрақтар» ойыны (7 минут)

Жіпте конфертке салынған теңгелер ілінеді. Оқушылар біртіндеп қиып алған теңгенің сұрақтарына жауап береді.

Жауап берген теңгесін өзінің депозитіне салады.

Мадақтау (жақсы, тамаша, жарайсың т.б) арқылы бағаланады.

ІІI. Ой қозғау:

Екі топқа сөзжұмбақтар берем. Сол сөзжұмбақтарды шешу арқылы жаңа сабақты табады.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: Топтық жұмыс. (15 мин)

Оқушылар жаңа тақырыпты оқып, өз араларында талдап, постер қорғайды. (Интернеттен мәліметтер жинайды)



Бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

І

ІІ

1

Тақырыптың ашылуы, безендірілуі

2

Баяндамашының баяндауы

3

Топтық жұмысқа атсалысуы



Ү. Жұптық жұмыс:

1- жұп Физикалық диктант Жұптық жұмыс

Р/С

Берілген сұрақ:

Сұрақтың жауабы:

Берілген

балл

1.

Рұқсат етілетін шөгім кеменің корпусында қызыл сызық ---------------



2.

Ауа шары бірінші рет осыдан ---------- жыл бұрын Францияның Аноне деген кішкене қалашығында ұшырылды.



3.

------------- ауадан жеңіл ұшу аппараты, бұл қозғалтқышы бар аэростат болғандықтан, ауа ағынының бағытына тәуелсіз қозғала алады.



4.

Кеменің суға бататын тереңдігі --------



5.

Су көлігінің ішіндегі ең күрделісі - ---------------------



Сұрақ

жауабы:

Дирижабль, сүңгуір қайықтар, 200, ватерсызық, шөгім,

Қортынды

бағасы:


2-жұп

1- оқушы «Сәйкестендіру» Жұптық жұмыс

Ватерсызық- Рұқсат етілетін шөгім кеменің корпусында қызыл сызық

Шөгім- Кеменің суға бататын тереңдігі

Сүңгуір қайықтар- Су көлігінің ішіндегі ең күрделісі

Дирижабль- ауадан жеңіл ұшу аппараты, бұл қозғалтқышы бар аэростат болғандықтан, ауа ағынының бағытына тәуелсіз қозғала алады

ҮІ. Жеке жұмыс. Есептер шығару. Тест ( 10-минут)

  1. Ауа шары құрылыстарын ата?

А) шөгім В) адам отыратын орын С) қабық немесе баллон

  1. Кеменің суға батқан бөлігінің көлемі 25м3. Кеменің массасы неге тең? Судың тығыздығы 1000кг/м3

А) 0,5т В) 15т С) 25т

2) Кеменің салмағы 1000кН. Ол қанша су көлемін ығыстырып шығарады? (ρ=1000кг/м3, g=10Н/кг)

А) 10м3 В) 100м3 С) 1000м3

Жауап парағы:

Оқушының аты-жөні________________

Cыныбы _________________









ҮІІ. Бағалау 2-минут

Депозиттегі жинаған ақшаларын санайды және өзі-өзін бағалайды.



р/с

Оқушының аты-

жөні

Бағасы

Әділ Қымбат


    Барақов Айдос


      Балтабаев Нұртілеу


        Мешітбаев Ербол


          Модағазы Айшат


            Құдайбергенова Зәмза


              Ықылас Иманғали


                Тағыбергенов Бимұрат


                Бағалау шәкілі:

                1000т-3000т - «3»

                4000т-6000т - «4»

                7000т-10000т - «5»



                ҮІІІ. Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы оқушылардан кері байланыс алу. 2минут

                Менің білімімнің үшбұрышы


                Мен әлдеқашан білген зат


                Екі сұрақ

                Мен осы сабақта білген үш нәрсем

                ІҮ. Үй тапсырамасы: Су көлігі. Ауада ұшу. 26 - жаттығу № 3 (1-минут)



                 
                 
                X

                Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

                После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

                Кнопки рекомендации:

                загрузить материал