- Учителю
- ' Шынының сыну көрсеткішін анықтау' зертханалық жұмыс
' Шынының сыну көрсеткішін анықтау' зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.
Құрал-жабдықтар: жазық параллель пластина, ағылшын түйреуіші -4 дана, өлшеуіш сызғыш, ақ қағаз; шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағаш сымдар, саңылау бар экран, транспортир.
Жұмысытң теориясы.
Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылыс бақыланады. Мұның себебі - әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:
n=sinα/sinβ
Жұмыстың барысы:
1. Электр шамын кілт арқылы батаеяға қосып, тізбек құрыңдар.
2. Шамның алдына саңылау бар экранда орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын алыңдар.
4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.
5. Пластинаның пішінін қағазға салып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белігдеңдер.
6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинадан алыңдар.
7. А мен В, В мен Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.
8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.
9. Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.
10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар.
11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар.
Бақылау сұрақтары:
1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінінң түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінен анықтаңдар. Осы тәуелділіктің графигін салыңдар.
2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?
3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?
4. Сыну көрсеткішін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?