- Учителю
- конспект урока по английскому языку на тему 'Let's go skiing! Кел, шаңғы тебейік!' (2 класс)
конспект урока по английскому языку на тему 'Let's go skiing! Кел, шаңғы тебейік!' (2 класс)
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Let's go skiing! Кел, шаңғы тебейік!
Сабақтың мақсаты: Gg әрпінің [g], [ʤ] болып оқылуымен таныстыру, қысқы ойынды ойнауға шақыруды үйрету
Сабақтың міндеттері:
-
Білімділік: g әрпінің оқылу ережесімен танысу. Оқушыларды «Let's» құрылымымен таныстыру.
-
Дамытушылық: Тақырып бойынша тыңдау және оқу дағдыларын жетілдіру.
-
Тәрбиелік: «Let's have fun» әнін жаттау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: СД диск, дыбыстар жазылған сөздер, слайд, суреттер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дене шынықтыру
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі кезең
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
В) Тірек білімді белсендіру
С) Жаңа материалмен жұмыс
ІІІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
How are you? (Cl: Fine, thanks). Sit down, please.
ІІ. Негізгі кезең
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Hello, children!
One, two, three.
Clap with me.
Clap, clap, clap.
One, two, three.
Sit down, please!
You are so merry as this sun!
You are so beautiful as this flowers!
You are so friendly as this friends!
Бүгінгі сабақта g әрпінің оқылу ережесімен танысып, достарымызды бip жерге немесе бip нәрсе icтeyгe шақыруды үйренеміз, сонымен қатар жаңа ән жаттаймыз.
Балалар, бүгін біз «Білім еліне» саяхатқа аттанамыз. Ол үшін бізге бірінші не керек? Дұрыс, автобус. Қанеки, барлығымыз автобусқа мінейік. Ол елге жетуіміз үшін біз алты аялдамадан өтуіміз керек, ал автобусқа отыруымыз үшін мына тапсырманы орындауымыз керек.
В) Тірек білімді белсендіру
«Like+V ing» құрылымын қайталау.
Суреттер бойынша сөйлем құра. Оқушылар «Like+Ving» құрылымын пайдаланып, сөйлем құраулары керек.
He / reading Pl1: He likes reading
We / swimming Pl2: We like swimming
They (билеу) Pl3: They like dancing
С) Жаңа материалмен жұмыс
1-аялдама. Фонетикалық.
Тапсырма: Мұғалімді мұқият тыңда
G әрпінің оқылу ережесі
Мұғалім суреттерді көрсетеді: jug, bag, fig, dog. Балалар ол сөздерді айтады. Суреттерді тақтаға ілемін де, ол сөздерді алдымен өзім айтамын, ал оқушылар хормен және жеке-жеке қайталайды.
Ex. 1, p. 76 (CD №51) - Listen, point and repeat. (Тыңда, көрсет және қайтала)
Took-took-took,
Open your book.
Оқушылардан оқулықты ашуларын сұраймын: Open your books at page 76
Жаттығу орындайды.
2-аялдама. Грамматикалық.
Тапсырма: Оқулықтағы 2-жаттығуды орында.
Ex. 2, p. 76 (CD №51) - Listen and tick. (Тыңда және белгіле)
Бұл жаттығу сабақ тақырыбы бойынша тыңдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Балалардың міндеті - мұқият тыңдап, естіген сөздерін белгілеу. Answers:
page
giraffe
fig
gym
dog
Жаттығуды тексереді.
Ex. 3, p. 76 - Write. (Жаз.)
Балалар 2-жаттығуда белгілеген сөздерді баспа әріптерімен жазып шығады. Бұл жаттығуды оқулыққа қарындашпен немесе сөздік дәптерлеріне жазады. Одан соң сөздерді әріптеп айту: Spell the word.
3-аялдама. Лексикалық.
Тапсырма: Мұғалімді мұқият тыңда
Ex. 4, p. 77 (CD №52) - Listen, point and repeat. (Тында, көрсет және қайтала.)
Суреттерді көрсетіп, тақтаға ілемін. Балалар хормен және жеке-жеке қайталайды:
skating
skiing
sledding
snowboarding
Дискіні қосып, барлығы бірінші бөлімін тыңдайды, балалар оқулықтағы суреттер мен сөздерді көрсетеді.
Екінші бөлімін тыңдайды да, диктордан кейін қайталайды.
Track № 52
skating skiing sledding snowboarding
Одан кейін карточкаларды араластырып көрсетіп, сөздерді сұраймын. Бұл тапсырма Т- CI, Т- Р11, Р12 тәртібімен жүргізіледі.
Remember айдары.
Мұғалім тақтаға Let's деп жазады. Ол «Қанеки» деп аударылатынын және ол қандай да бip ic-қимылға шақыру үшін қолданылатынын түсіндіреді. Бұрын өткен етістіктерді пайдалана отырып, мысалдар келтіреді. Мысалы:
Let s play.
Let's swim.
Let s read.
Одан әpi балалар сөйлем құрайды.
Мұғалім оқушылармен бipгe оқулықтағы кестеге назар аударады. Сөйлем құрап, оқиды.
Сергіту сәті
(Сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткіземін)
Hands up,
Hands down.
Hop, hop,
Turn around.
Bend left, bend right,
Turn around and sit down.
4-аялдама. Ең үздіктер
Тапсырма: Жұмыс кітабынан 2-жаттығуды орында
5-аялдама. Жазу
Тапсырма: Оқу кітабынан 5-жаттығуды орында
Ex. 5, р. 77 - Look and write. (Қара және жаз.)
Тапсырманы түсіндіремін: «Let's» қаратпа сөзін пайдалана отырып, сөйлем құраулары керек. Жаттығуды оқулыққа қарындашпен немесе дәптерге орындайды.
Answers:
Let's Let's
Let's Let's
Оқушылар құраған сөйлемдерін оқиды.
6-аялдама. Ән айту
Тапсырма: Әнді жаттап ал
Ex.6, p.78 (CD №53) - Listen and sing. (Тыңда және ән сал.)
а) Мұғалім оқушылардың назарын суреттерге аударып, олардың не істеп жатқанын сұрайды. Одан соң мұғалімнің жетекшілігімен әнді жаттайды.
ә) Мұғалім дискіні қосады, оқушылар оқулыққа қарап отырып, зейін қойып тыңдайды.
Track № 53
Let's have fun!
Here is the snow,
Take your snowboard.
Let s go snowboarding.
I like snowboarding,
She likes snowboarding.
Let's have fun!
Have fun!
Here is the ice-rink.
Put on your skates.
Let s go skating.
I like skating,
He likes skating.
Let's have fun!
Have fun!
Here is the snow.
Take your sled.
Let s go sledding.
I like sledding,
It likes sledding.
Let's have fun!
Have fun!
б) Одан кейін бәрі ән салады.
ІІІ. Қорытынды
Сонымен балалар, біз «Білімділер еліне» де келіп жеттік. Алдымызда қасиетті ағаш тұр. Осы ағашқа ендігәрі не білгіміз келетінін жазайық.
Үйге тапсырма: Жұмыс кітабындағы 3-жаттығу.
Бағалау.
The lesson is over, good-bye!