- Учителю
- Физика пәні. 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: §33. Қысым.
Физика пәні. 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: §33. Қысым.
Физика 7а сынып 27.01.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: §33. Қысым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;
Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жүйелі білім алуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, флипчарт.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы: матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз. Сондықтан құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет. Енді оқушылар мынадай тәжірибе қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз суретке аударайық. Жіңішке төрт аяғы бар кішкене үстелді төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг гір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды (1, а-сурет).
Ал үстелдің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді (1, б-сурет).
Сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады (2-сурет). Мұның себебі не?
1-сурет 2-сурет
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатнасымен анықталады:
немесе
мұндағы р-қысым; F-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S-күш түсетін беттің ауданы.
Жоғарыдағы формуланы түрлендірсек:
F=pS немесе S=
SI жүйесінде қысым паскальмен ( қысқаша Па) өлшенеді. Ол француз ғалымы Паскальдың құрметіне осылай аталған. Бір паскаль - 1 Н күштің 1 м2 ауданға түсіретін қысымы 1Па=1Н/м2.
Блез Паскаль
(19.06.1623 - 19.08.1662)
Тәжірибеде қысымның гектопаскаль (гПа), килопаскаль (кПа), мегапаскаль (МПа) сияқты неғұрлым үлкен бірліктері де пайдаланылады:
гПа(гектопаскаль)=100 Па=102 Па
кПа(килопаскаль)=1000 Па=103 Па
МПа(мегапаскаль)=100000 Па=106 Па
IV. Есептер шығару.
15-жаттығу. №1, №2 есептер.
V. Пысықтау.
1. Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?
2. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
3. Қысымды арттырып немесе кемітуге болама? Ол үшін ен істеу керек?
4. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?
5. Қысымды табу формуласын айтыңдар.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:
§33. 15-жаттығу. Есеп №3.