7


  • Учителю
  • 'Ана - өмірдің шуағы' (ашық тәрбие сағаты 11-сынып)

'Ана - өмірдің шуағы' (ашық тәрбие сағаты 11-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты: - оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. - өзіндік қабілеттерін дамыту - қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.Міндеті: - алған білі
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ана өмірдің шуағы.

Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сыныбы: 9-11

Күні: 06.03.2015ж.

Түрі: ашық тәрбие сағаты, мастеркласс

Көрнекіліктер: безендірілген гүлдер, нақыл сөздер, шарлар, плакаттар

Барысы:


1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.
2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз - аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

1- жүргізуші: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.


Оқушылардың жыр шумақтары.


1 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, - деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже, «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

2 - жүргізуші:
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.


Тренинг «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына жылы сөздер айта отырып, балаларына адымдап жету керек.

1-жүргізуші:
Ананың алдында асқар тау да аласа,
Дүниенің жарық күні анамыз!
Жарық күннен қуат алған санамыз,
Ұлы болсаң анаменен данамыз.

Оқушылар аналар туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады.

1. «Анаңды меккеге үш арқалап апарсаңда,
Қарызыңнан құтыла алмайсың».

2. Ердің анасы-елдің анасы.

3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

4. Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.

5. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен.

2-жүргізуші
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Бірлескен шығармашылық жұмыс. «Мейірімділік» тақырыбында.



1-жүргізуші

Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Келген қонақтарға сұрақ қою

1. Балалық шақтарыңыз туралы әңгімелеп берсеңіздер?

2. Оқыған мектептеріңіз туралы айтсаңыздар?

3. Бала тәрбиелей отырып, еңбек ету дұрыс па? Қиындық келтірмей ме?

4. Сіз 8-наурыз мерекесінде анаңызға, апа-сіңілілеріңізге қалай құрмет көрсетуші едіңіз?


2-жүргізуші
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


1-жүргізуші
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Тренинг «Көліктер»

Қорытынды. Рефлексия



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал