- Учителю
- 'Физикадан 3 тоқсан тест ' 10- класс
'Физикадан 3 тоқсан тест ' 10- класс
10- класс 3-токсан тест
1. Қаныққан будың қысымы қандай шамаға тәуелді?
А)сұйық бетінің ауданына; В) молекулалардың массасына; С) көлемге; Д) температураға; Е) будың тығыздығына.
2. Сұйықтың қайнау температурасы тікелей қандай шамаға байланысты өзгеруі мүмкін?
А) сұйықтың көлеміне; В) сұйықтың тығыздығына; С) сыртқы қысымға; Д) молекулалардың массасына; Е) жылу берілу ауданына.
3. Кризистік температура деген қандай температура?
А) сұйықтың қайнау температурасы; В) сұйықтың булану температурасы; С) сұйықтың қатаю температурасы; Д) конденсациялану кезіндегі температура; Е) сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттердің өзгешелігі жойылатын температура.
4. Су буының парциал қысымы деген қандай қысым?
А) қанықпаған бу қысымы; В) судың қайнау кезіндегі будың қысымы; С) қаныққан бу қысымы ; Д) ауадағы басқа қоспасыз таза су буының қысымы; Е) кризистік температура кезіндегі қысым.
5. Қалыпты жағдайдағы су буының ауадағы парциал қысымы 1,2 кПа болған кезіндегі ауаның ылғалдылығы 50%. Қаныққан бу қысымы қандай?
А) 1,8 кПа; В) 2,4 кПа; С)2,2кПа; Д) 2кПа; Е)1,6кПа.
6 Болат арқанның салыстырмалы ұзару 0,001 болғанда пайда болатын кернеу қандай?
Болат үшін серпімділік модулы Е=210 ГПа.
А) 2,1*108 Па; В) 21 МПа; С) 210 кПа; Д) 2,1*106 Па; Е) 2,1*10 9 Па.
7. Көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2 сымға 120 Н күш түсіргенде салыстырмалы ұзаруы 1,5*10 -3 болды. Сымның серпімділік модулы неге тең?
А) 150ГПа; В) 200 ГПа; С) 180 ГПа; Д) 160 ГПа; Е) 170 ГПа.
8.Әрқайсысының заряды 1мкКл болатын екі нүктелік заряд 30 см қашықтықта бір-бірімен қандай күшпен әсерлеседі?
А) 1мкН; В) 1нН; С) 10мкН; Д) 0,1 Н; Е)10 Н.
9.Әрқайсысының заряды 3 мкКл болатын екі кішкентай шар бір-бірімен 0,9 Н күшпен әсерлеседі. Олардың ара қашықтығы қандай болған?
А) 30 см; В) 27 см; С) 0,1 м; Д) 0,03 м; Е) 9 мм
10.Заряды 32 мкКл металл шарик бетіне қанша еркін электрон орналасқан?
А) 3*1013; В) 2*1014; С) 4*1012; Д) 1016 ; Е)5*1012.
11.Кернеулігі 3 кВ/м тең электр өрісіне орналасқан 10нКл зарядқа өріс тарапынан қандай күш әсер етеді?
А) 0,3мкН; В) 3 мкН; С) 3*10-4мкН; Д) 30 мкН; Е) 3 мН
12.20 нКл заряд өрісінің зарядтан 6 см қашықтықтағы нүктедегі кернеулігі қандай?
А) 30 кВ/м; В) 40 кВ/м; С) 50кВ/м; Д)12кВ/м; Е) 60кВ/м.
13.Әрқайсысының сыйымдылығы 4 мкФ болатын үш конденсатор схемада көрсетілгендей жалғастырылған. Олардың жалпы сыйымдылығы қаншаға тең?
А) 2,66 мкФ; В) 1,2 мкФ; С) 1,84 мкФ; Д) 3,62 мкФ; Е)6,5 мкФ.
14.Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға 6 мКл зарюд берілген. Конденсатордың энергиясы қандай болды?
А) 0,8 мкДж; В) 0,9 Дж; С) 900 нДж; Д) 90 мкДж; Е) 8 мкДж.
15. Өткізгіш бойымен 10 А ток жүрген кезде оның көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде қанша электрон өтеді?
А) 1,6*10-22; В) 6,25*1020; С) 16*1023 Д) 6,25*1019 Е) 16*102.
16.Өткізгіш ұштарына түсетін кернеу екі есе артқанда оның бойымен қозғалатын еркін электрондардың жылдамдығы қалай өзгереді?
А) өзгермейді; В) 3 есе артады; С) 2 есе артады;
Д) 2 есе кемиді; Е) 3 есе кемиді.
17. Егер кедергісі 8 Ом өткізгіштен 4 мин ішінде 120 Кл заряд өтетін болса, оған түсетін кернеу қаншаға тең?
А) 6 В; В) 4В; С)3 В; Д) 5В; Е) 2В.
18.6 Ом кедергіге арналған мектептің сырғымалы тиекті лабораториялық реостаты ұзындығы 6,7 м, көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 сымнан оралған. Сымның меншікті кедергісін анықтаңыз?
А) 47*10-8 Ом*м; В) 110*10-8 Ом*м; С)72*10-8 Ом*м;
Д) 63*10 Ом*м; Е)36*10-8 Ом*м.
19.Суретте көрсетілген схеме бойынша R1=30 Ом кедергіден өтетін ток 4 А. Егер R2 кедергісі арқыл өтетін токтың шамасы 0,5 А болса, оның кедергісі қаншаға тең?
А)120 Ом; В) 160 Ом; С) 220 Ом; Д) 200 Ом; Е) 240 Ом.
20.Суретте келтірілген тізбекке 42 В кернеу түскен кезде амперметр 3 А ток күшін көрсетті. Егер R1=6 Ом, R2=3 Ом болса R3 кедергінің шамасы қандай болғаны?
А) 8 Ом; В)10 Ом; С) 12 Ом; Д) 14Ом; Е) 16 Ом.
21.Кедергісі 18 Ом өткізгіштің бойымен 3 мин ішінде 200 Кл заряд өтті. Токтың жұмысын есептеңдер.
А) 3 кДж; В) 4 кДж; С)5 кДж; Д) 6 кДж; Е)6,4 кДж;
22.220 В кернеуге қосқанда 10 мин ішінде 66 кДж жылу беретін қыздырғыштың кедергісі қандай болады?
А) 440 Ом; В) 280 Ом; С) 360 Ом; Д)460 Ом; Е) 380 Ом.
23.220 В кернеуге арналған қуаты 101 кВт электр қыздырғышының кедергісі қаншаға тең?
А)32 Ом; В) 36 Ом; С) 40 Ом; Д) 44 Ом; Е) 48 Ом.
24.Қалта фонарын ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде оның шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді . Шамның 1 мин жануы кезіндегі сыртқы күштердің өндірген жұмысы қаншаға тең?
А) 12 Дж; В) 135Дж; С)125 Дж; Д)140 Дж; Е)145 Дж.
25.ЭҚК-і 12 В ішкі кедергісі 0,9 Ом аккумуляторды кернеу көзінен зарядтаған кездегі зарядтау тогының шамасын анықтыңыз. Өткізгіш сымдардың кедергісін 0,1 Ом деп алыңыз.
А)2 А; В)2,4 А; С)2,8 А; Д) 3,2А; Е)3,6 А.