7


Рефлексивтік есеп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мусина Б С 38 мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімінің бір жылғы өткізген жұмысының рефлексивтік есебі. Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде нег
предварительный просмотр материала

Мусина Б С 38 мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімінің бір жылғы өткізген жұмысының рефлексивтік есебі. Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту - қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет)

Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Мұғалімдердің сыни ойлауын дамытуды диалог арқылы жүргізіп отыруға жоспарладым. "Мектебіміздің жан жақты дамып, қаламыздың үздік мектептерінің алды болу үшін не қажет?" атты коуч өткіздім.Ұстаздарды әр түрлі фигуралар арқылы топқа бөлдім. Берілген тақырыпты өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Әр топ талдау жасап болғаннан кейін карусел методы бойынша орындарын ауыстыру арқылы басқа топ мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған қосымша диалог орнату арқылы тақырыптың ашылуына бағыт бердім. Топтарға берілетін тапсырмаларды алдын-ала түрлі түсті маркерлерді қолдану арқылы плакатқа дайындап төрт бұрышқа іліп қойдым. Тапсырмалардың жауаптарын жазып болған топтардың постерлерін басқа топтарға орын ауыстыру арқылы өзара тексеру, дұрыстау, толықтыру жұмыстарын жүргізді. Ұстаздардың белсенділі жоғары болды.

Тақтаға әр топтан көшбасшы ұстаздар баяндаушы ретінде өңделген постерлерін қорғап шықты. Сондағы байқағаным, дұрысталған, толықтыру енгізілген тұстарына жете мән беріп, қызу талқылауға түсірді. . Мұнда тапсырмасын қалай орындағаны байқалды. Тақтаға жазу алдында топ болып және сынып болып диалогты талдау арқылы нақты жауаптарын жазып шықты, жаңа тақырыпты сыни ойлау арқылы меңгеруі өте қызықты болып шықты. Ұстаздар қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана топтық талдау жасай отырып, қызыға жауап берді. Ұстаздар сындарлы сөйлеуге, зерттеуге ынталандыру, қызығушылығын ояту, сыни тұрғыдан ойлауды ойлауға ынталандыру мақсатында қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Сыныпта диалог өрбіту арқылы сыни тұрғыдан ойлана алуға қалыптасты. Сонымен қатар, оқытудағы қиындықтарды және түсінбестіктерді сыныппен, топпен бірлесе отырып анықтап, шешіп отыруға мүмкіндік алдым. Сыни тұрғысынан ойлаудың өзіне тән рефлексиялық ойлау дағдылары бар. Сабақтарымда қолданған сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістері ұстаздардың қызығушылығын арттыра білді деген сенімдемін. Себебі, келесі сабақты қалай оқимыз, бүгін де басқаша сабақ өтейікші деген ұсыныстар ұстаздар тарапынан түскенде, менде сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуге деген талпыныс арта бастады. Сонымен қатар алдағы уақытта күнделікті дәстүрлі сабақтан гөрі сыни ойлай отырып тақырыпты ашу арқылы және жаңа сабақты осындай әдістер арқылы түсінгілері келетінін айтты. Ұстаздар қалай оқу керектігін өздері анықтап, өздері сабақтың мақсатын анықтап оқу әлдеқайда тиімдірек екенін түсінді. Сындарлы пікірлер айта алды. Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Қазіргі кезде барлық білім беру ұйымдарында оқушылардың білімін бағалауда кетіп жатқан олқылықтар көптеп кездеседі. Сонымен қатар,мектептерде әлі де оқушыларды тек алған білімі үшін ғана бағалау дәстүрі қолданылып келеді.Бағалауда асыра сілтеушілікке,кейбір оқушылардың білімін бағалауда әділетсіздікке жол беріледі.Осының салдарынан оқушы білімі нақты анықталмайды да,оқушы мектепте алған білімін мектептен тыс өмірлік жағдаяттарда пайдалануда қиыншылықтарға кездесіп жатады. Сонымен қатар қазіргі кезде оқушы білімін тиянақтылығын көрсетуде басты мәселе болып отырған Ұлттық Бірыңғай тестілеу кезінде де, кемшіліктердің кездесетіндігін байқауға болады. Осы мәселелерді тереңірек қарастыра келе Назарбаев интеллектуалдық мектептің физика пәнінің мұғалімінің сабақтарына қатысу барысында критериалды бағалау бойынша іс-тәжірибемді кеңейтуге мүмкіндік алдым. Басқа мектептердегі әріптестеріммен осы тақырып жөнінде талқылап ,критериалды бағалау әдісінің тиімді екеніне көзіміз жетті.

Физика пәнінің мұғалімі сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына, кері байланыс жасау арқылы , өздігінен білім алуына мүмкіндік жасады. 8 сыныпта «Заттың агрегаттық күйлері» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Жағымды атмосфера қалыптастыру үшін сергіту сәті өткізілді.Оқушыларды үш топқа бөлді. Әр топ өздері топ ережесін жасап, ереже құрды. Ой қозғау мақсатында бірнеше ашық сұрақтар берілді.

Үш топ берілген тапсырмалар бойынша зерттеу жұмыстармен шұғылданып,қорғады. Әр топ бір-бірінің жұмысын дәстүрлі сандық бағамен бағалады,бағалау парағы бойынша өз -өздерін де бағалады,екі жұлдыз ,бір ұсыныс бойынша бір-біріне зерттеу жұмыстары нәтижесіне пікір айтты. Дәстүрлі оқуды сандық бағалаудың оқушы білімін бағалауда мұғалімнің жалғыз бағалаушы тұлға бола отырып, оқушы білімі жан-жақты сараланып,зерттелмейтіндігін білеміз. Бұл жердегі бағалау мақсаты тек баға қою.

Сабаққа критерийлер жасап бердім. Оқушылардың орындаған жұмыстарының бағалау критерийлеріне қаншалықты сәйкес екендігіне өздерінің көздерін жеткізе білді.Әр сабақ сайын ерінбей бағалау критерийлерін жасап отырсақ ,оқушы білімін бағалауда жетістікке жетіп,жұмыстың табысты болуына септігін тигізетіндігін зерделей алдық. Оқушылар топта бірлесе жұмыс істеді, топ ережесі бойынша рөлдерін өздері анықтап,бірлесе жұмыс жасады. Олар зерттеу жұмыстарын бұрынғы өздерінде бар игерілген білімдерін басшылыққа ала отырып қағаз бетіне мазмұнды түрде түсіре алды.

8 сыныпта физика пәнінен Lesson Study тәжірибесін өткізу бойынша «Оптикалық аспаптар» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Оқушылар топқа бөлініп, тапсырмалар тізбегін топпен бірлесе отырып орындады. Зерттеу тобы жоспарлаған физика сабағындағы «Оптикалық құралдар.Көз оптикалық жүйе» ашық сабақ өткіздім. Сабақ мақсаты оптикалық аспаптардың түрлерімен алғаш рет танысу.Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принципін түсіну.
Олардың тұрмыста, табиғатта, техникада қолданылу мысалдарын білу.
Оптикалық аспаптар» атты презентация, кесте қолданылды.Өтілген тақырыпты сұрау «Миға шабуыл» сұрақ-жауап түрінде өткізілді.

Оптика сөзін естісек көз алдымызға не келеді? « Оптикалық аспаптарға» не жатады. Көзімізді жұмып, көз алдымызға табиғаттың әсем көріністерін елестетейік. Әсем табиғат көріністеріне не жатады екен? ББҮ кестесін толтыру. Оптика тақырыбын «Білемін» бағанына толтыруды тапсырдым. Жаңа сабақты өтер кезде сабаққа қызығушылығын арттыру үшін -Оптикалық құбылыстары туралы не білгіміз келеді екен? Қандай мақсат қояр едіңдер? Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.(жеке, топ арасында талқылап, өкіл әдісі арқылы топ жетекшілері түсіндірілді.

Сабақта оқушылар өздеріне берілген тапсырманы түсіну бөлімінде презентация түрінде қорғады. Қолдану бөлімінде жұмысты микроскоппен және ұлғайтқыш қол әйнегімен оқушылар тері құрылысын микроскоппен қарап, зерттеужұмысын орындады.Фотоаппараттың күнделікті өмірдегі ,көз әйнектің қолданылуына егжей- тегжейлі тоқталып өтті. Бұл сабақта тәжірибелік бөлімде оқушылар жеке жұмыстанды. Талдау бөлімінде оқушылар деңгейлік есептер шығарып сабақтың аяғында сементикалық карта ,венн диаграммасын толтыру арқылы жинақтап өздерін өздеті ,топты бағалауды арнайы құрылған критерилер арқылы түсіндірдіМұғалімдер тобы бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап, фото, видеоға түсіріп , жазбаларға белгілеп отырды. Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алды. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап берді. Мен бүгін жаңа не білдім немесе бүгін мен не үйрендім? Мен нені түсіндім немесе маған өз білімімді нығайту үшін әлі де не істеуім керек? Сабақтан маған не ұнады немесе сабақтың соңындағы менің көңіл-күйім. Олар үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде сұраудың ұнағанын және сабақтың топтық жұмыс түрінде өткізілгенін қалайтындарын айтты. Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

. Оқушылардың кері байланыс парағында сабақты жақсы игергендігі, өз бетінше жұмыс жасағандығы, мұғалімге деген көзқарастың, бағасының жоғары екендігі байқалды.

Зерттеу тобы мүшелері болашақта өз сабақтарында осы жұмысты жалғастыра отырып , жұмыс нәтижесін желілік қоғамдастықта әріптестерге коучинг ақпарат құралдары арқылы жариялауды ұйғардық.










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал