7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: кинематиканы қайлау сабағы

Сабақ жоспары: кинематиканы қайлау сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы «Дарын» мектеп-интернатымың физика пәнінің ұстазы: Нарботаева Балжан Касымқызы

Сыныбы: 11

Пәні: физика (бағыттау сабағы)

Сабақтың аты

Кинематика тарауын қорытындылау

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Жол, орын ауыстыру, жылдамдық жайлы мағлұмат беру

  • Жол, орын ауыстыру, жылдамдық формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • өзгенің пікірімен санасуға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Жол, орын ауыстыру, жылдамдық жайлы мағлұмат алады

  • Жол, орын ауыстыру, жылдамдық формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • өзгенің пікірімен санаса алатын болады

Негізгі идеялар

Жол-траекторияның ұзындығы (сколяр шама). Орын ауыстыру-материлдық нүктенің кеңістікте қалдырған ізі(векторлық шама). Жылдамдық-орын ауыстырудың өзгеру тездігі немесе орын ауыстырудан алынған бірінші реттік туынды(векторлық шама).


Бірқалыпты айнымалы қозғалыс

Вертикаль бағыттағы қозғалыс

Еркін түсу

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы



Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «есептер шығару»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Кинематиканың негізгі ұғымдарын еске түсіріп шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Кез-келген дененің орнын табу үшін қандай тәсілдерді қолданған тиімді?

  3. Қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы


Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

2

Міндетін атқару

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы)

Берілген формулаларды түсіндіреді


  1. 2. 3.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут)

1. Айналып жатқан дискінің шеткі нүктелерінің сызықтық жылдамдығы 3м/с, ал айналу осіне 10см жақын орналасқан нүктелердің жылдамдығы 2м/с болса, дискінің айналу жиілігі

А) ≈1,31айн/с; В) ≈1,47айн/с; С) ≈1,59айн/с; D) ≈1,63айн/с; Е) ≈1,79айн/с.

2. Садақтан вертикаль жоғары атылған жебе 5,6 секундтан кейін кері қайтып оралды. Садақ жебесінің көтерілу биіктігі және атылған жылдамдығы (g =10м/с2 )

А) 38,4м; 27,4м/с. В) 50,5м; 50м/с. С) 20м; 50м/с D) 27,4м; 38,4м/с; Е) 20м; 40м/с.

3. Ұшақ 216км/сағ жылдамдықпен ұшып, сосын 20с уақыт бойы 9м/с2 үдеумен қозғалады. Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін ара қашықтығы

А) 30км; В) 9км; С) 900м; D) 300м; Е) 3000м.

4. Дене 9м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылады. Қандай биіктікте дененің жылдамдығы 3 есе кемиді?

А) 7,2м; В) 1,8м; С) 3,6м; D) 5,4м; Е) 5,66м.

5. Адам жазық даламен дәл солтүстікке қарай 400м, сосын шығысқа қарай 100м, одан оңтүстікке қарай 100м, сосын тағы шығысқа қарай 300м жүрсе, онда адамның орын ауыстыру векторының модулі:

А) 900м; В) 500м; С) 0м; D) 100м; Е) 100м.

6. Екі дененің қозғалысы х1 =2t+t2 және х2 =7t+6 теңдеулермен берілген. Олар қашан және қайда кездеседі?

А) 48м; 6с. В) 4м; 4с. С) 48м; 16с. D) 24м; 6с. Е) 64м; 8с.

7. Қозғалмай тұрған жолаушы метрополитен эскалаторымен 1мин, ал қозғалмайтын эскалатормен 3мин көтеріледі. Қозғалыстағы эскалатор арқылы жолаушының көтерілу уақыты

А) 30с; В) 45с; С) 20с; D) 50с; Е) 40с.

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу

Қозғалыс түрлерінің формулаларын қайталап келу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал