- Учителю
- Конспект урока по физике на тему 'Маятник периоды'
Конспект урока по физике на тему 'Маятник периоды'
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:
«Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Математикалық және серіппелі маятниктердің периоды».
Сыныбы: 9 «А»
Өтілетін мерзімі: 18.12.2009 ж.
Пән мұғалімі: Есенжолова Л. Т.
Семей қаласы
2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Математикалық және серіппелі маятниктердің периоды.
Мақсаты:
Оқыту: Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу.Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі және эволюциялық прцестегі рөлін анықату.
Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін спалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері: Фронтальді, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: Тестілер, карточкалар, Венн диаграммасы
Құрал жабдықтар: Штатив, жіп, серіппе, денелер, сағат, сызғыш.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сәлемдесудің әлем тілдеріндегі айтылуын білесіңдер ме? /түгендеу/.
Оқушылардың ыңғайларына қарап, ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын орындауларын карточка арқылы тексеру.
ІІІ Жаңа сабаққа дайындық
/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./
- Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?
- Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.
- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/
ІV Мағынаны ашу
Топтарға эксперименттік тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, тербеліс периодын анықта.
2-тапсырма. Ұзын жіпке жүкті іліп, оны әртүрлі бұрыштармен ауытқығандағы тербеліс периодын анықта.
3-тапсырма. Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.
Тапсырмалар жауаптарынан жаңа сабақтың мағынасы ашылады.
V Жаңа сабақ
Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады
Т- период
L- жіп ұзындығы
g - еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2
п=3,14
Серіппелі маятник деп серіппеге ілінген кішкентай ауыр шарды айтады
Т- период
m- дене массасы
к- серіппенің қатаңдығы
п=3,14
VІ Жаңа сабақты бекіту «Кім жылдам?»
Тест тапсырмалары беріледі:
-
Математикалық маятниктің жиілігін қалай өзгертуге болады?
-
Айдың бетінде математикалық маятниктің периоды қалай өзгеретін еді?
-
Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса, не болады?
-
Маятниктің тербеліс амплитудасы уақыт өтуімен не істейді және неліктен?
-
Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса период қалай өзгереді ?
VІІ Сабақты қорытындылау. Шығармашылық тапсырмалар:
-
Егер серіппеде ілулі тұрған жүктің массасы 100 г, ал серіппенің қатаңдығы 40 Н/м болса, онда оның тербеліс жиілігі неге тең?
-
Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайтын болса, осы серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?
-
Маятник Жер бетінде 2 с периодпен тербеледі. Осы маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2.
VІІІ Рефлексия жасау.
Венн диаграммасы беріледі. Оқушылар математикалық және серіппелі маятниктерді салыстырады.
ІХ Үйге тапсырма:
22 жаттығу: 4,5 тапсырма. 99 бет.
Х Бағалау
Смайликтер санымен бағаланады.