- Учителю
- Тақырыбы: 'Инерция'. 'Кеңістік пен уақыт'
Тақырыбы: 'Инерция'. 'Кеңістік пен уақыт'
Сыныбы- 7 | |
Пәні | Физика |
Сабақтың тақырыбы | §28, 29 Инерция.Кеңістік пен уақыт |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты |
|
Күтілетін нәтиже |
|
Негізгі идеялар | Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды. Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:
Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады. Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:
Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы. Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.
|
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Топтық жұмыс | |
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
-
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
-
Орын ауыстыруды координаталар айырым арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар?
-
Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?
-
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
-
Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
-
Инерция деп нені түсінеміз?
-
Кеңістік және уаұыт туралы не айтуға болады?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Топтық жұмыс (5 минут) (суреттерді түсіндіреді)
VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
Білу
Инерция дегеніміз не?
2
Түсіну
Инерцияға мысал келтір?
3
Қолдану
Биіктен секіріп түскенде адам неге тізесін сәл бүгіңкірейді?
4
Талдау
Жыл мен айды салыстыр?
5
Жинақтау
Уақыттың негізгі қасиеттеріне нелер жатады?
6
Бағалау
Инерцияны білу біздің өміріміз үшін маңызы неде?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Эссе жазу
Кейінгі оқу
§21, 22 Инерция.Кеңістік пен уақыт