- Учителю
- Сабақ жоспары: автомобиль қозғалысы
Сабақ жоспары: автомобиль қозғалысы
Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы «Дарын» мектеп-интернатымың физика пәнінің ұстазы: Нарботаева Балжан Касымқызы
Сыныбы: 8б
Пәні: физика (бағыттау сабағы)
Сабақтың аты
Автомобиль қозғалысы
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
-
Автомобиль қозғалысының бірқалыпты, бірқалыпты айнымалы қозғалысы жайлы мағлұмат беру
-
Автомобиль қозғалысының бірқалыпты, бірқалыпты айнымалы қозғалысы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
-
өзгенің пікірімен санасуға баулу
Күтілетін нәтиже
-
Автомобиль қозғалысының бірқалыпты, бірқалыпты айнымалы қозғалысы жайлы мағлұмат алады
-
Автомобиль қозғалысының бірқалыпты, бірқалыпты айнымалы қозғалысы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
-
өзгенің пікірімен санаса алатын болады
Негізгі идеялар
Автомобильдің бірқалыпты қозғалыс-дене бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүреді
Автомобильдің бірқалыпты айнымалы қозғалыс-бірдей уақыт аралығында жол бірдей шамаға артып немесе кеміп отырады.
Қозғалыс
Бірқалыпты қозғалыс
Бірқалыпты айнымалы қозғалыс
кемімелі
үдемелі
Бірқалыпты қозғалыс
Бірқалыпты айнымалы қозғалыс
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «есептер шығару»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
-
Кинематиканың негізгі ұғымдарын еске түсіріп шолу жасау
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
-
Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Кез-келген дененің орнын табу үшін қандай тәсілдерді қолданған тиімді?
-
Қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы)
Берілген формулаларды түсіндіреді
-
2. 3.
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут)
-
Поезд 90 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, жылдамдығын тежей бастайды. Бірқалыпты баяу қозғала отырып 40 с ішінде тоқтайды.Поезд тоқтағанға деін қанша жол жүреді?
-
40 м/с жылдамдықпен горизонтал лақтырылған дене 4 с жерге түседі. Дене қанша қашықтыққа ұшқан?
-
Тік ұшақ 200 км жол жүріп 900 қа бұрылып тағыда 150 км жол жүрері жүрілген жол мен орын ауыстыруды анықтаңыз.
-
Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағытта 6 рейс жасайды, автобус пен таксидің жолы мен орын ауыстыруын салыстырыңыз.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу. Б.Рахашев есептер жинағынан есеп шығару
Кейінгі оқу
Қозғалыс түрлерінің формулаларын қайталап келу