7


  • Учителю
  • Ашық сабақ'Қатынас ыдыстар'7 -сынып

Ашық сабақ'Қатынас ыдыстар'7 -сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Физика пән мұғалімі: Э. Джуанышова.

Пәні:физика Сыныбы: 7


Сабақтың аты

§38 ,39 Қатынас ыдыстар, Су құбыры.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Қатынас ыдыстар жайлы мағлұмат беру

  • Қатынас ыдыстарды күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

  • Бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Қатынас ыдыстар жайлы мағлұмат алады

  • Қатынас ыдыстарды күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

  • Бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды.


Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.


Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу («Жеміс ағашы» арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сен білесің бе?

(слайд) және есеп

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

Балалар, үй тұрмысында қолданылатын ыдыстар әлемінде біз шай ішіп шөлімізді қандыратын ыдыс түрлері бар екенін білеміз. Ол қандай ыдыстар? Кәне кім біледі? Ж: шәугім, шәйнек, кофейник, су құйғыш, құмған т.б.

Ал, ендеше осы ыдыстарды жалпы қатынас ыдыстар деп атайды.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қатынас ыдыстар.

Сабақтың мақсаты: қатынас ыдыстарға анықтама бере отырып, қасиетін демонстрациялап көрсету және қатынас ыдыстардың практикалық үй тұрмысында және қоғамда су бұрқағы, су құбырында қолданылуының жұмыс істеу принципін түсіндіру.


ІҮ.Мұнда біз не білуіміз керек?

А) Үш топ: Постер қорғау «Суреттер сөйлейді»

Б) Сұрақ-жауап «Сен маған, мен саған»

В) Демонстрация көрсету. «Біздің барлық біліміміздің тәжірибеден басталатыны сөзсіз».

Иммануил Кант

Алдымыздағы құралдармен тәжірибені көрсету.(шыны шәйнек, үш тармақты шыны пробирка, манометр, глицерин, су, маргонцовка)

Ү. Сергіту сәті «Қызыл өрік»

ҮІ. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»

(есептер шығару, слайд жауабымен)


Қорытынды:

VІІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


1

Білу

Қатынас ыдыстар дегеніміз не?

2

Түсіну

Қатынас ыдыстарды ата ?

3

Қолдану

Қатынас ыдыстардың қолданылуына мысал келтір ?

4

Талдау

Қатынас ыдыстардың су деңгейлерін салыстыр?

5

Жинақтау

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал екенін дәлелде?


6

Бағалау

Қатынас ыдыстарды білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.


ҮІІІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ)


Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§38, 39 Қатынас ыдыстар, Су құбыры.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал