7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Атмосфералық қысым', Архимед күші' атты тақырыптарға есептер шығару.

Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Атмосфералық қысым', Архимед күші' атты тақырыптарға есептер шығару.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МӘРТӨК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ХЛЕБОДАРОВКА ОРТА МЕКТЕБІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:"Атмосфералық қысым",""Архимед күші" атты тақырыптарға есептер шығару.

Пән мұғалімі:Аяпбергенова Ләззат Мухетанқызы



Хлебодаровка-2016

Сабақ тақырыбы: Есеп шығару

Сабақ мақсаты: Оқушылардың физикаға деген

қызығушылығын арттыру,есеп шығаруда

сабақты түрлендіріп өткізу.


Білімділігі: Оқушылардың өтілген тақырыптарды

толық меңгеріп білуі.


Дамутышылығы: Оқушылардың өтілген тақырып негізін

есеп шығаруда қолдана алуы.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетімен ойлауға,

ұйымшылдыққа , өз ойларын айтуға,

білімдерін көрсете білуге үйрету.

Сабақ түрі: Дәстүрсіз сабақ

Көрнекілігі: Кеспе қағаздар,домино,"2030 жылға

сапар" ойыны,физикалық би ойынының

шарттары.Криптограмма.

Әдебиет: Арызханов Б.С."Физика",ИФМ №4,5-2001.№3,4-1993.Л.А.Горев"Физикадан қызықты тәжірибелер жинағы",Х.Д.Рошовская 6-7 сынып "Физиканы оқыту методикасы",А.В. Перышкин,Н.А.Родина ФИЗИКА-7

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру 2 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру 5 мин

3. Сергіту ойыны"Кім жылдам" 2 мин

4.Физиктерді білесің бе? 3 мин

5.Физикалық би 8 мин

6."2030 жылға сапар"ойыны 10 мин

7.Домино 5 мин

8.Қорытынды 3 мин

9.Үй жұмысы 3 мин

10.Бағалау 2 мин

Сабақтың ерекшілігі:

1. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы;

2. Оқушылардың өз білімдерін көрсете алуы;

3. Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешеу жолдарын іздестіруі;

4. Оқушылардың топпен жұмыс жасауы;

5.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы;

6. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы.

Сабақты жүргізу тәртібі:

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. Сергіту ойыны"Кім жылдам"

1.Сұйықты,металл түрім бар

Атымды өзің біліп ал? "Манометрлер"

2.Мені ұғып түсінген

Торричелли ісімен? "Атмосфералық қысым"

3.Атмосфералық қысымды

Тауып білген,

Қысымды өлшеу үшін

Қандай құрал енген? "Барометр-анероид"

4.Сұйыққа-газға түсірілген,

Сұйықтың,газдың нүктесін берген,

Бұл физикада қандай қағида делінген? "Паскаль заңы"

3. Физиктерді білесің бе?

1.Атмосфералық қысымды XVII ғасырда кім тәжірибемен дәлелдеді? "Торричелли"

2.Рычаг ережесін тағайындаған,гидростатика заның ашқан кім?

"Архимед"

3.Сұйықтар мен газдардың маңызды қасиеттерін ашып зерттеген француз ғалымы кім? "Паскаль"

Жауап берулеріне байланысты үш топқа бөлінеді:

1. "Торричелли"

2. "Архимед"

3. "Паскаль"

4. Физикалық би

Оқушылар берілген кеспе қағаздары бойынша берілген формула теңдігін анықтау.Орындарынан қол көтеріп,өзінің теңдігіне сәйкес нөмірлерін атау.

p=F/S;m=p*V;V=m/p;F=P; v=s/t ;s=v*t; t=s/v; =g** =g*p*h ;P=m*g

5. "2030 жылға сапар"ойыны

Есеп шығаруда шапшаң,дұрыс орындағаны үшін бағаланады.

6. Домино

Домино-ойыны әр оқушыны қайталау тақырыптарын бағалау үшін қолданылады.

Қорытынды:Криптограмма ойынын пайдаланып оқушының логикалық ойлауын дамытып,дәл шешімін табу ұйымдастыру.Сабақ соңында оқушылардың сабаққа ынтасын шапшаңдығын,тарауды қалай меңгергендіктерін айтып сабақты қорытындылау.Әр топ жетістігін хабарлап

1.Даналар тобы

2.Білгіштер тобы

3. Ойшылдар тобы

атағы беріледі.

Үй жұмысы:181-бет №70,№71,№74 есептер."Атмосфералық қысым","Архимед күші" атты тақырыптарды қайталау.

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал