- Учителю
- Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы 7 Д сынып
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы 7 Д сынып
Күні: 20.10.2015ж Пәні: физика Сыныбы: 7 «Д»
Сабақтың тақырыбы: §11 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, тәжірибе жасау.
Сабақтың көрнекілігі: зертханалық құралдар(су,шыны ыдыс, стакан, мұз. т.б.)
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау).
ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы).
ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру).
V. «Қызықты оқиға» (қорытындылау).
VІ Сабақты бекіту.
VІІ. Үй тапсырмасын беру.
VІIІ. Бағалау.
І . Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау).
§10. Заттың күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.
1
«Кім жылдам?»
ойыны
5
2
4
3
-
Заттың қанша күйі бар ?
-
Температура дегеніміз не
-
Броундық қозғалыс дегеніміз не?
-
Диффузия дегеніміз не?
-
Температураны өлшейтін құрал?
ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы) .
1 тәжірибе: Қатты денелерге
2 тәжірибе: Сұйық денелерге.
3 тәжірибе: Газ күйіндегі денелерге
ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру) .
Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)
Қозғалыс
Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.
Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.
Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?
Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.
Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.
Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Санақ денесі - қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.
Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
V. Қорытындылау. Бейнебаян көрсету
VІ Cабақты бекіту.
1.Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
2.Механикалық қозғалыстарға мысал келтіріңдер.
3. Санақ денесі дегеніміз не?
VІІ. Үй тапсырмасын беру.
§11 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. 8-тапсырма
VIII. Бағалау.Оқушылардың белсенділіктерін атап, теориялық білім деңгейлерін ескере отырып, ой өрісі мен шығармашылық кезіндегі жіберген және теориялық сұрақтарға берілген жауаптарындағы кемшіліктерін ескере отырып бағалау.