7


  • Учителю
  • ҮЙ жануарларының массасын өлшеу

ҮЙ жануарларының массасын өлшеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................3

1. Механикалық сипаттамасы.........................................................................5

1.1 Жылдамдықты өлшеу....................................................................................5

1.2 Массаны өлшеу..............................................................................................6

1.3 Тығыздықты өлшеу.......................................................................................8

1.4 Тірекке түсірілген Қысымды өлшеу............................................................9

1.5 Тартылыс күші............................................................................................9

1.6 Архимед күші..............................................................................................9

2.Жылулық және электрлік сипаттамасы........................................................11

2.1 Электрлену дәрежесін бағалау...................................................................11

2.2 Температуралық тәуелділік.......................................................................12

3. Қорытындысы...............................................................................................14

4. Қолданылған әдебиеттер............................................................................15



Кіріспе

Біз физика пәнін зерттей отырып әр түрлі физикалық шамалармен (масса , тығыздық , жылдамдық т.б)танысмамыз және оларды өлшеуді үйренеміз.Бірақ сабақта өтетін тәжірбиелердің көбісі жансыз заттармен өткізіледі . Жанссыз дүниелермен өткізілген тәжірбиелерге қарағанда жанды дүниелермен өткізілген тәжірбиелердің айырмашылығы қандай ? Бүгінгі тәжірбиеміздің нысаны үй жануарларына жататын қарапайым :мысық .

Біздің жұмысымыздың мақсаты ол бізге таныс үй жануарларының қарапайым физикалық мінездемелерін бақылау. Осыған орай біз эксперементтық тәжірбие жасадық ол жануардың барлық сезу мүшелерін , оның сипатын ЗЕРТТЕП және де оған жүргізілген тәжірбиенің оған аз зақым келтіруін камтамасыз етті.

Ғылыми жобаның өзектілігі: қазіргі заманға сай барлық физикалық эксперименнттер жансыз заттармен өткізіледі бірақ ешкім жанды заттармен өткізілген тәжірбиелердің қандай екенін байқап көрген емес. Бүгінгі жобада біз жанды заттармен тәжірбиенің қандай екенін көріп зерттедік .

Ғылыми жобаның мақсаты: жанды затпен тәжірбие өткізіп, физикалық сипаттама беру .

Ғылыми жобаның міндеттері :

1.Жанды заттпен тәжірбие өткізу

2.Үй жануарына яғыни мысыққа физикалық сипаттама беру.

3.Үй жануарының өміріне көңіл беру.

4.Жануардың электрлық мүмкіндігін анықтау.

Болжам: заманға сай әр бір үйде қарапайым мысық, күшік деген сияқты үй жануарлары бар .Адамдар олардың өмір , тіршілігіне көңіл бөле бермейді.Олардың физикалық сипаттамаларын да көп білуді қажет ете бермейді .Осы жобаның арқасында көптеген адамдар үй жануарлардың бірі мысықтың физикалық шамасын анықтап біле алады деген үміттеміз.

Ғылыми жұмыстың нысаны (объектісі):үй жануарларының бірі қарапайым мысық.

Зерттеу әдістері: әдеби-көпшілік, ғылыми-техникалық және интернет материалдарына шолу жасау, фотосуреттер, слайдтар дайындау, зерттеу күнделігін және мониторинг жүргізу, аударма жұмыстарымен айналасу.

1. Механикалық сипаттамасы

1.1 Жылдамдықты өлшеу

Мысықтың орташа жылдамдығы мынадай тәсілдермен өлшенді :

  • Қарапайым өлшеуіштің көмегімен 10 м қашықтықты өлшеп аламыз.

  • Сөре сызығында мысықты екінші оқушы ұстап тұрды.

  • Мәре сызығына келген кезде оқушыға мысықты жіберу командасы берілді.

  • Секундамер жылдамдықтың уақыттын өлшеп отырды.

  • Мысықты шығарып салып формула бойынша жылдамдықты таптық :

орт =s/t

S - жол, - t уақыт

Жануар

Қимылы

S , м

t , c

орт

м/С

Км/Сағ



Мысық

Қадам

20

15,4

1,3



5


Желіс

10,4

1,9

7


Жылдам жүрісі

6,1

3,3

12


Бізге берілген мысықтың жылдамдығы адамның (орт = 1,3 м/С) жылдамдығына тең деп айтуға болады . Берілген жануарлардың арасынан мысық тек тасбақаны (Vорт = 0,8 Км/Сағ) қуып жете алады деген қорытынды жасаймыз ал , қасқыр (V орт = 55 Км/Сағ) тіпті шыбын (Vорт = 18 Км/Сағ )да одан оңай құтылып кетеді.

1.2 Массаны өлшеу

Массаны өлшеу үшін бізге таразы және сөмке қажет болды . Мысықты сөмкенің ішіне салып таразымен өлшедікте , таразыдағы көрсеткішті жазып алдық. Осыдан кейін бос сөмкені таразыға қойып мына формула бойынша массаны есептеп жаздық :

m = mжалп - m сөмке

Бұл жерде m - мысықтың массасы , m жалп - жалпы масса , m сөмке - сөмкенің массасы .

Масса


m , кг

Сөмкенің массасы

0,1

Жалпы масса

4,6

Жануардың массасы

4,5




Екі аптадан кейін дәл осы уақытта жануар тамақтанып болғаннан кейін екі сағат өткен соң осы тәжірбиені қайталадық . Ол мынадай көрсеткіш көрсетті

Екі аптадан кейін

Сөмкенің массасы

0,1кг

Жалпы масса

4,7 кг

Жануардың массасы

4,6 кг

Екі апта ішінде мысықтың массасы 100 гр артқаны байқалады. Оның себебі күннің суытуына байланысты мысық көп уақытын ұйқымен өткізеді.



1.3 Тығыздықты өлшеу

Анықтамасы бойынша тығыздық - сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Айтып кеткендей бізге тығыздықты табу үшін алдымен жануардың массасын және көлемін анықтау керек болды . Жануардың көлемін сұйықтықтың көлемімен анықтадық . Өзіміздің тәжірбиеміз бойынша біз жануарды суға тек жартылай кіргіздік .Осыдан кейін ваннадағы судың қанша көтерілгеннін жазып алып мына формула бойынша есептедік : V=abx бұл жерде a- ваннаның ені , b- ваннаның ұзындығы , x- ваннадағы судың көтерілу деңгейі . Массаны осы тәжірбиенің алдында жасаған жұмыстардан алдық . Жануардың орташа тығыздығы мына формула бойынша есептелді :

Қорытындысы мына кестеде көрсетілген :

m, кг

V , мл

V , м3

, кг / м3

4 , 6

4500

0,0045

1022



Бұл көлем жуықтап есептелді алайда біз жануардың орташа тығыздығы судың тығыздығына тең деген қорытынды жасай аламыз .

1. 4 Тірекке түсірілген қысымды өлшеу .

Мысықтың тірегіне түсірілген қысымды біз үш түрлі тәсілмен (отырғанда, тұрғанда , жатқанда) өлшеп формула бойынша жаздық :

р = mg / S

Бұл жерде m - 4,6 кг , g -10 Н/кг . s - тіректің ауданы оны біз ватманға сызылған фигуралардың ауданынан алдық .

Қорытындысы төменгі кестеде көрсетілген :

Әрекеті

Массасы , кг

Аудан

См2

Қысым

Па

Қысым

кПа

Тұрғандағы

4,5

55

818

8,181

Отырғандағы

4,5

130

346

3,461

Жатқандағы

4,5

600

75

0,75



Әрекеттінің өзгеруіне байланысты мысықтың қысымы 0,75 -тен 8,181 кПа дейін көтерілді.

2. Жылулық және электрлық сипаттамалары

2.1 Электрлену дәрежесін бағалау

Кейбір денелерді жүнге үйкелеу кезінде денелердің электрленуі байқалады . Біз қай жануардың жүні көбірек электрленетінін анықтадық . Сондықтан біз мынадай тәжірбие жасадық үй жануарларына жататын мысық пен күшікті алып олардың жундерін құрғаттық себебі егер жүн ылғалды болса оның электр шамасы азаяды . Біз эбониттық таяқшаны алып оны кезек кезек екі жануардың жүніне бідей мөлшерде үйкелеп, оның ауытқу бұрышын таптық.



Жануар

Жіптің ауытқу бұрышы

Жүні

Мысық

45 0

Орташа ұзын және орташа қатты

Күшік

5 0

Орташа ұзын және қатты

Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады : жүн жұмсағырақ болған сайын оның электрлену шамасы көп болады, және мысықтың жүнінің электрленуі күшіктікіне қарағанда көбірек .

2 . 2 Температуралық өлшемі

Төмендегі кестеде мысықтың температуралық өлшемі көрсетілген. Өлшеулер төрт рет тәулігіне жасалды . Ең үлкен температура күндізгі уақытқа сәйкес болды себебі күндіз мысықтың қозғалысы көп болады.

Тәулікке байланысты өзгерген температура





Бұл диаграммада біз мысықтың температурасының өзгерісін көре аламыз. Мысық 10 минут ішінде жүріп өтті, жүріп өткеннен кейін ол тоқтады, тоқтағаннан кейін оның температурасы қайта өлшенді . Қорытындысы берілген жануардың температурасы оның қозғалысына байланысты .



3 . Қорытындысы

Осы жобамен жұмыс істеу барысында маған үй жануарларының жылдамдығын , массасын , көлемін , орташа тығыздығын , тірекке түсірілетін кысымын , жүнінің электрленуін, температуралық шамасын сипаттадық . Әрине де біз қалай болса да бұл тәжірбиенің мақсатына жету үшін оймыздағы барлық тәжірбиеге қатысты іс-әрекеттерді жасай алмаймыз.Біздің басты кедергіміз ол жанды нысаналар өзінің осы тәжірбиеге маңызын түсінбей көбінесе қарсыластығын көрсете отырып тәжірбиеге керекті іс-қимылдарды еріксіз орындайды. Бізге оның мінез қылықтарына көңіл бөліп, оның өміріне назар салуымыз керек болды . Мысықтар өзінің күнінің жартысын ұйқымен өткізетінін байқадық . Осылайша біз жұмыс барысында жанды дүниелермен физикалық тәжірбиелер жасау қиын екенін түсіндік . Ең қызықтысы осы тәжірбиедегі көптеген сұрақтар басқа тәжірбиенің бастауына әкеліп отырады.

Біз алған нәтижелер үлкен ашуларға алып келеді деп ойламаймыз. Бірақ біздің бұл тәжірбиедегі ашулар көптеген физика пәнін сүйіп оқитын балаларға қызықты болуы мүмкін және де өзінің үй жануарларын сүйетін оқушыларға қызықты болады деген үміттеміз. Қолданылған әдебиеттер

  • А.В.Перышкин Физика 7сынып . 2004 ж.

  • А.В.Перышкин Физика 8сынып . 2004 ж.

  • О.Ф. Кабардин Физика, 1992 ж.

  • М.Қ. Қаратаев Энциклопедия .

  • Р . Башарұлы,У. Тоқбергенова , Д . Қазақбаева Физика 7 сынып.

14




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал