7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен жаттығу жұмыстары 5-11 сыныптар

Қазақ тілінен жаттығу жұмыстары 5-11 сыныптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қ.Қ. Тоғасбаева.













Қазақ тілінен жаттығулар жинағы

(Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған)















































































Буын



1-жаттығу. Сөздерді оқы. Сөздерді буынға бөліп, көшіріп жазыңдар. Соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айтыңдар.



Достық, етікші, мұздай, шеберлер, құрылысшы, қаздар, ауылда, көшеде.



2-жаттығу. Жуан дауысты дыбыстар және жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар. Олармен сөйлем құраңдар.



Әнші, батырлық, жүмысшы, көрермендер, жолдастар, балалық, күздік, өзендер, жүзім, ағаш.



3-жаттығу. Сөздерді қазақшаға аударып, буынға бөліп жазыңдар. Буынның түрлерін анықтандар.



Воспитание, в мире, качество, значение, хозяйство, поколение, соединяющий, ответственный, издревле, понятие, кормилец, положение, последний, глубокий, будущее, рассказ, как железо.



4-жаттығу. Өлнңді оқып, жатқа жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айтыңдар.



Нан анасы - бидаймын.

Ырзықты елге сыйлаймын.

Дәнім толып, піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

(Әдібай Табылдиев.)





Түбір мен қосымша

1-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің қосымшаларын тауып, жұрнақтын астын бір, жалғаудың астын екі рет сызындар.



Мақал-мәтелдер.



1.Өнерлінің қолы - алтын,

Өлеңшінің сөзі - алтын.

2.Ерінбеген етікші болады.



2-жаттығу.а) Жұмбақты және оның шешуін оқындар. Қарамен жазылған сөздердің түбірін қосымшалардан бөліп жазындар.



Жұмбақ.

Темір қайшы -қос қайшы,

Шығыршықсыз бос қайшы.

Еңбеккерге дос қайшы.

Еріншекке қас қайшы.

Өтпейді бір бос күні...

(сағаттың қос тілі)

б) Қосымшаның қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ екенін ажырытындар.



3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазындар.Қара әріппен жазылған сөздерден зат есім мен етістікті табыңдар.



Халида мектепте химиядан сабақ береді. Оның әкесі-Отан соғысында қаһармандықтың үлгісін көрсеткен адам. Айдын мен Тимур -дос. Олар шахмат ойнайды. Оқушылар Жамбылдың өлеңдерін жатқа айтты.



4-жаттығу.Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазындар.



Кітапхана, велосипед, шахтер, каһарлы, фабрика, шахмат.



5-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызындар.





1.Бүлдірген, жазда, теруге, барды, балалар. 2.Асфальт, жүріп, жолмен, машина, келеді. 3.Жылы,жаққа, қайтып, құстар, барады. 4. Тұрады, күн, жазда, жоғары.

6-жаттығу. Жаңа мағынаны тудырып тұрған қосымшаларды (жұрнақтарды) анықтаңдар.

Оқушы, әнші, басшы, үйшік, жолдас, бастық, қалашық, жұмысшы, етікші, хабарлас, қалалық, дәоілік, малшы, баяндама, сақшы, сөйлем, сенім, озат, сайлаушы, білім, білгіш, замандас, түйіншек.



7-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазыңдар, түбір мен қосымшаларды белгілеңдер.



Ұқыптылықпен, жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық, білімді, достық, ағаштар.



8-жаттығу. Төмендегі түбірлес сөздердің әрқайсысына синонимдер жазындар.



Оқу, оқытушы, оқылық;

Дос, достық, достасу,

Шын, шындық, шыншыл.



9-жаттығу. 1. Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып жазыңдар, сөз құрамына қарай талдаңдар.

2. Сөйлемдерді бірнеше рет оқып, жатқа жазыңдар.

3. Өз достарын туралы әңгімелеңдер.



Жадыра -оқушы. Ол жақсы оқиды. Жадыра оқулықтарын таза ұстайды. Оны мұғалімдер мақтайды. Жадыра- мектептегі үлгілі оқушы.



10-жаттығу. Берілген сөздерді қосымшалардың түріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.



Сұрама, өнеріне, жаратылған, сіңірген, алғысым, ризашылық, мұрагеріміз, уақытша, жақсылыққа, өнерпаз, көйлекшен, байланыс, танымал, жолдастық, тәрбиеленуші, көркемдік, шығыстың, жан-жақтымын,тапқыр, бақытты, көргішпін.



11-жаттығу. Сөздердің құрамына қарай талдау жасаңдар. Сөздермен сөйлем құрастырыңдар.



Қызметің, тәртіппен, тағайындалғаннан, республикасының, билігін, президентіне, шарттардан, өкілдіктері.





Біріккен сөз.



1-жаттығу. Төмендегі жаңылтпашты оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірлерін ажыратып жазыңдар.



Жаңылтпаш.



. Айнабұлақ айна ма,

Қайнарбұлақ қайнар ма?

Айнабұлақ- айналы

Қайнарбұлақ-қайнарлы



2-жаттығу. Төмендегі сөзйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздердің түбірлерін ажыратыңдар.



Алмабек пен Әділхан өз қаласындағы оқушылармен бірге тоғайға барды. Жолда олар саршұнақтың бірнеше індерін кездестірді.



3-жаттығу. Төмендегі берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлеп құрап жазыңдар.



Жүнісәлі, Әскербек, Орынтай, Әлімжан, Айгүл, Ақылтай, теміржол, Жетісу, Екібастұз.



4-жаттығу.



Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызындар.

Әмірбек Ақтеректе- малшы. Ол малдарды әлдеқашан әріске айдап кетті. Бір кезде аспанды қою қара бұлт қаптады. Біраздан кейін жаңбыр жауды. Жаңбыр ашылған соң, қызылды - жасылды кемпірқосақ көрінді.



5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді теріп жазыңдар, түбірлерін ауызша ажыратыңдар.



Көкжиектен Күн шығып келеді. Біз Алайғыр руднигіне таяп қалдық. Қайыржан рудникке бірінші рет келе жатыр. Ол күншығыс жатқан жарқыраған төбешікке қарады. Оның көзіне аспандап ұшқан қарақұс пен көкқұтандар түсті.



6- жаттығу. Біріккен сөздерден жасалған өсімдік аттарын жазыңдар. Түбірлерін ажыратып айтыңдар.



7-жаттығу. Өлеңді оқып, біріккен сөзді табыңдар.



Біраздан соң басылды,

Тау жаңбыры шегініп.

Күн сандығы ашылды,

Кемпір қосақ керіліп.

(А.Нысаналин.)





8-жаттығу. 1. Біріккен сөзден жасалған заттардың атын жазыңдар.

2. Жазған сөздерінді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап айтындар.



9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.



Атасы Қойшыбекке үш көжек сатып әперді. Қойш...бек қо...ндарына қора жас...ды. Тем...р тормен

Қ...ршады. Алты а...да қоянда...ы т...рға сымай кетті. Біразын да...ындау орнына өткізді. Әук...тай ақсақал қоян...ың өсі...талдығына қайран қалды.



10-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.



1. Тұрады, Түйемойнақта, Әбдісамат. 2. Фермасы, Ащысайда, қой, орналасқан. 3. Шөп, Сарыөзектен, шапты, Аманбай.



11-жаттығу. Жұмбақты оқып шығып, шешуін жазыңдар.



Жұмбақ.



Бір қаланың ішінде бірнеше шар,

Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

(Асбұршақ.)





12-жаттығу. Берілген сөздерді оқы. Оларды сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған.



Бұлақ -(Айна, Жар, Кер, Талды)

Көл-(Ала, Жалаңаш, Сексен, Сасық)

Дәулет-(нұр, Бақ, Жан, Ес)

Аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасбақа.





Қос сөздер.





1-жаттығу. Сөздерді жазып, оларды құрамына қарай ажыратып айтыңдар.

От, жазушы, үлкен-үлкен, құрт-құмырсқа, жұмыс, жұмысшы, қызмет, қызметкер, ата-ана, бала-шаға, қонақүй, асхана, өте-мөте, мейрамхана, биік-биік, жалт-жұлт, жақсы-жақсы.



2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қос сөздер кездессе, белгілеп жазыңдар.



1. Бізге киім-кешек сатып алу керек. 2. Ол өз мекен-жайын көрсетіпті. 3. Іскер адамдар күні-түні жұмыс істейді. 4. Олар молекулалық биологияны таңдапты. 5. Мен қыпшақ-оғыз тілдерін зерттеймін.



3-жаттығу. 1.Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.





Жұмбақ.

Тұрып-тұрып тербелеп,

Бәрін берер теңгеріп.

(Таразы.)

2. Қос сөздің астын сызып, оның қалай жасалғаның айтындар.



4-жаттығу. Өлеңді оқып, қос сөзді табыңдар. Оның қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.



Бірге ренжіп, құанған,

Бір үйдегі ұл-қызша.

Бес баладан құралған,

Топиын аты «Жұлдызша»

(«Балдырған» журналынан.)



5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қос сөздердің арасына дефис қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.



Біз «Алатау» ауылында тұрамыз. Ол сыңсыған бау-бақша аясында. Алма өрік ағаштары мен тал теректер, жасыл скафандр киіп алғандай, көрікті.



6-жаттығу. Өлеңді оқып, мазмұның түсіндіріңдер. Қос сөздерді тауып, қос сөздері бар өлең жолын көшіріңдер.

Үлгілі Гүлсім.



Үйінде де, түзде де,

Туысына, бізге

Гүлсім үлгі береді.

Аға менен жеңгецін

Ата-анадай көреді.

Сіңлісіңе сыпайы,

Інісіне ыңғайлы,

Түрлі өнер үйретіп,

Жәбірлемей, жылатпай,

Үсті-басын былғатпай,

Ойнатады билетіп.

(С.Сауытбеков.)



7-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.



Жұмбақ

Үлп-үлп етіп тымағы,

Желп-желп етіп құлағы

Суды кешіп тұрады.

(Құрақ.)

2.Қос сөздердің астын сызындар.



8-жаттығу. Төмендегі қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.



Сап-сары жапырақ. Мая-мая шөп. Бес-алты бала. Әп-әдемі сынып.



9-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерді оқып, қос сөздерді табыңдар.



Бөтен үйдің босағасына жаңа жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Өңшен ұсқынсыз, ескі-құсқы аяқ киімдер табалдырық жақ төр үйге қарай шашылып жатыр. Қалай болса, солай үйме-жүйме боп жатқан мұндай аяқ киімдерді бұрын көрмеген жаңа бәтеңке таң қалды. (С.Жүнісовтен.)

2. мазмұның түсіндіріңдер.



10-жаттығу. Төмендегі сөздер неше түбірден жасалып тұрғанын айтыңдар.



Күншығыс, кемпірауыз, Белгібайұлы, Жетіқарақшы, Қызылқұм, баспасөз, жауынқұрт, теледидар, Қазақконцерт.



11-жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр.



Ата-баба, кезек -кезек, тау-тас, күте-күте, быт-шыт, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, үп-үлкен, жап-жасыл, ағайын-туыс, шаршап-шалғып, жүре-жүре.

Зат есім

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, зат есімді атаңдар. Олардың түбірін тауып, сұрақ қойыңдар.



Бір топ бала Ақшабындыққа экскурсияға бардық. Бізді мұғалім бастап апарды. Біз шабындық жерді аралап көрдік. Алдымыздан бір бөдене пыр етіп ұшты. Күлшат қорқып қалды. Біз бөдененін ұшқан жерін қарадық. Оның балапандары бар екен. Оған тимедік.



2-жаттығу. 1. Мақалды көшіріп жазыңдар. 2. зат есімнің астын сызыңдар



Мақал.



Өнерлінің жолы кең.

Құс болып аспанға да ұшады,

Балық болып суда да жүзеді



3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, кісі, жер аттарының қалай жазылып тұрғаның айтыңдар.



Мен Жұматай ағайдың сөзіне жөнді мән беоргенжоқпын. Міне, машинада от алды. Екеуіміз жолға шықтық.- Біз қайда барамыз, аға?- деп сұрадым. -Сарышұбар қырқасына барамыз. Сенің жолдастарың темір жинап жүр. Соны мектепке жеткізіп береміз.



(М.Етекбаев.)

4-жаттығу. Жұмбақты, оның шешуін оқындар, зат есімді тауып, түбір күйінде айтыңдар.



Жұмбақ.



Шапаным да тоным да

Даланың жүр жоныгда.

Атам сонын сонында,

Таяғы бар қолында.

(Қой.)



5-жаттығу. Төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар, оған ауызша сұрақ қойыңдар.



Аққу, асфальт, велосипед, вожатый, геолог, кереует, космонавт, медаль, подъезд, хат, пошта, троллейбус, ғаламтор, компьютер, Толағай, оқытушы, бапкер.





6-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Кісі, жер-су аттарын көшіріңдер.



Соғыстын түтеп тұрған кезі. Алматыдағы Жамбыл атындағы № 18 мектептің үшінші класс оқушысы Рашид Ғиззатов шиқылдақ көне столда қзақ шұқшиды. Алдында ұмаждалып, тозағы жеткен газет бетіндегі жолдардың арасына әр әрпін анық, көркем етіп түсіру үшін бар өнерін салып, хат жазып отыр.

(С.Әлиевтен.)



7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.



Каспий теңізі.



Кспи... тең...зі Қазақста...ның батысында. Каспий балыққ... бай. Ау...л тұрғындары Каспийден

балық а...лайды. Каспийге Жай...қ, Вол...а өзендері құ...ды. Бұл өзендердің ағысы қа...ты.



8-жаттығу. Төменде берілген мәтіннен күрделі зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарына талдау жасаңдар.



1. Ақтөбе, Қызылорда станцияларында перронға шығып, таза ауада болдық. 2. Арал теңізі қазіргі кезде экологиялық апатты аймаққа айналып отыр. 3. Сізге көп рахмет, бала-шағаңыз аман болсын. 4. Қазақстан Республикасы - БҰҰ-ға мүше елдердің бірі. 5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас», - деген еді.



9-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар. Күрделі зат есімдерді анықтандар.



Ата-ана/ әрдайым/ бала/ болашағы/ ойлау.

Келесі/ апта/ сабақ/ кесте/ өзгерту.

Жарқанат/ тек/ қараңғы/ ұшу.

Ол/ тоғызқұмалақ/ ойын/ жақсы/ білу.



10-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.



Меценат/ ұғым/ қазақ халқы/ бар/ бұрын.

Дәулет адамдар/ әнші, ақын, өнер адамы/ көмек/ көрсету.

Шүлен/ дәстүр/ Тәуелсіз Қазақстан/ жалғасын/ табу.

Жыл сайын/ өнер, әдебиет, ғылым/ үздік табыс/ жету/ азамат/ «Тарлан» сыйлығын беру.







11-жаттығу. Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастырыңдар.



Халық, өмір, бай, ел, дәстүр, өз салтын, сақтау, ұрпақ, қонақжай, сыбаға, өнер, домбыра, жомарт, пейілі кең, шүлен тарату, ата-баба, бата беру, білу, керек, ұлт, ерекшелік.



12-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап жазыңдар, зат есім сөздерге сұрақ қойыңдар.



Бәйгеге қатысу, қазақ елінде, ерекше дәстүр, шағын киіз үй, әнді сүйемелдеу, үздік табыс, домбыра аспабы, күй атасы.





Көмекші есімдер.



1-жаттығу. Көп нүктенің орныны тиісті жалғауларды қойып жазыңдар. Көмекші есімді табыңдар.



Қала... іші., ауыл... сырты, көпір... үсті, аялдама... алды, аялдама... арты, төсек... жаны, базар... маңайы, орман... жаны, жол... қасы.



2-жаттығу.Сөйлемдерді оқыңдар. Көмекші есімдер болса, оларды тіркесіп тұрған сөзбен бірге жазыңдар.



1.Ауылдың сыртында өзен гүрілдей ағып жатыр. 2. Өнер сайысы осы аптада аяқталады. 3. Өнер адамдарының жанында әрдайым халық көп болады. 4. Әртістер туралы бір очерк жазғым келеді. 5. Біз театрдың алдында тұрып, суретке түспекшіміз.





3- жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қазақшаға аударып жазыңдар.

Нашло свое предложение, оказали большую помощь, аристократы, ежегодно в искусстве, в литературе, в науке и т.п., каждому деятелю.

4-жаттығу. Көмекші есімдерді көрсетіңдер.

а) ата-ана, әке-шеше;

ә) қызыл-ала, қара ала;

б) терезе, еден, қабырға;

в) жаны, үсті, алдында.





Зат есімнің жекеше, көпше түрі.



1-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған зат есімді көпше түрге айналдырып жазыңдар.



Өршеленіп суық жел,

Қарлы боран соқса да.

Қызыл қырын, қызыл ер

Тұр күзетте жақсы аға.

(Т.Молдағалиев.)





2-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.



Жұмбақ



Бір жерде тұр сары ине,

Үсті басы бәрі ине.

Инелерін санасақ,

Сан жетпейді әрине.

(Самырсын.)

2. Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызыңдар.



3-жаттығу. Төмендегі сөздерді жекеше түріне айналдырып жазыңдар.



Жемістер ,бұршақтар, жұмыртқалар, киіздер, түрлер, термостар, эксковаторлар, сіріңкелер, ракеталар.



4-жаттығу. 1.Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар.

2. «Менің оқу құралдарым» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңдар.



Өшіргіш, кітап, қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер.



5-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына зат есімдерді қойып жазыңдар.

2. 5 сөйлем құраңдар.



Тәртіпті... қызыл... биік...

Қызық.... көк... суық...

Әдемі... ақылды... тәтті...

Ащы... терең... жылы...



(Керекті сөздер: оқушы, бала, қыз, алма, ту, тау, үй, кітап, аспан, шөп, ауа, жел, қауын, су, көл, адам.)



6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар .Қарамен жазылған сөздердің қосымшаларын белгілеңдер.

Балалар орманға келді. Орманшы балаларға биік қайынды көрсетті. Орман ішінен әнші құстардың дауысы естілді. Орманда түрлі ағаштар өседі екен..





Зат есімнің тәуелді түрі.

1-жаттығу. Мақал-мәтелді оқып, қарамен жазылған сөздердің зат есімнің қандай түрі (жекеше, көпше, тәуелді) екенін айырып, оны көшіріңдер.

Мақал-мәтел.

Көңлі жетіктің -қолы жетікті.

Жолдасы бардың -олжасы бар.



2-жаттығу. Зат есімнің жай түрін тәуелдік жалғаулы түріне айналдырып жазыңдар.



Чемпион, участок, костюм, лимонад, конверт.



3-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, оның шешуін табыңдар. Тәуелдік жалғаулы сөзді оқыңдар.

Жұмбақтар.



Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.

(Жұлдыз.)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

(Шырша.)



4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазыңдар, тәуелдік жалғаулы сөздің астын сызыңдар.



Шаңырағың - шырағым,

Топырығың - тұмарым,

Ғаламда жоқ сыңарын,

Ғажайыбым, жұмағым,

Басы таза бұлағым,

Басылмайтын құмарым,

Қазақстан - қыраным!

(Ұ.Есдәулет)



5-жаттығу. Төмендегі сөздерді үш жақта қатар жазыңдар.



Планшетім, планшеті, планшетіңіз, планшеттері, планшеттерін, планшеттеріміз, планшеттеріңіз, планшеттерің.



6-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздің қай жақта тұрғанын айтыңдар.



Біз әжемнің түлегі,

Әжем - үйдің тірегі,

Қайда барсам, қасымда

Қамқор болып жүреді.

(Ә.Табылдиев.)





7-жаттығу. Төмендегі сөздерге үш жақта тәуелдік жалғауын қосып жазыңдар.

Туған жер, денсаулық, өмір, жайлау.

8-жаттығу. Жұмбақты оқып, оның шешуін табыңдар.



Тыңдап әнін, өлеңін,

Үйден кино көремін.

(теледидар)



Қатар-қатар бүрмелі

Етек-жені түймелі.

Қозғай берсең түймесін,

Таусылмайды күйлері.

(баян)





Тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздердін жазылуы.



1-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.



Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты -еңбек.

Кесте тіксең әзірлеп,

Мұның аты - еңбек.

Сабағына жөндеп

Әзірленсең - еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев.)



2-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді құрамына талдаңдар.



Орманы пүліш, бұлағы -күміс,

Бұлбұлы -жыршы, ұлы-қызы - керім.

Таулары -заңғар, өзені - ырыс,

Ғажап қой, шіркін Республикам менің.

(Д.Әбілов.)





3-жаттығу. 1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. 2. қос сөздердің астын сызыңдар.



Мәнш...к жан-жағын ба...қап қар...ды. Көз...не бұтақт...ғы құс ұ...сы шалынды. Бұл - ш...мшықтың ұясы еді. Іш...нде балапандары бар. Олар а...зын ашып шиқ-шиқ етеді.



4-жаттығу. Жұмбақты және оның шешуін оқып, қарамен жазылған сөздерді құрамына талдаңдар.



Жұмбақ.

Көтерді әкесі баласын,

Деді: «сәнім, көркім!»

Киіп алды баласы,

Әкесінің бөркін.

(Керкге, уық, шаңырақ.)



5-жаттығу. Сөйлемдегі тәуелдік жалғау бар сөздірді теріп, құрамына талдаңдар.

Біздің басты мақсатымыз адамның бақыты.арықтың арнасын тазартты. Құрылысшылардың бригадасы жұмысқа кірісті. Отбасында қандай жақсы іс-әрекеттер жасап жүрсің? Ертең үйлеріңізге қонақ келеді. Сіздің көйлегіңіз қандай әдемі.

6-жаттығу. Үш жақты тәуелдік жалғауларын пайдаланып сөйлем құрастырыңдар.

Әр сөзді құрамына талдаңдар.

Cурет, жер көгереді, күн жылынады, ағаштар гүлдейді, бұлбұлдар сайрайды, бозторғай шырылдайды.





Зат есімнің септелуі.



1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.



Мен үйден шықтым да, мектепке бардым. Сыныпта сабақ оқыдық. Асқар сөмкесінен оқу құралдарын алды. Мектепке кіру керек. Мектепте білім алу керек. Менде әдемі ертегі кітап бар. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салдым.



2-жаттығу. Мақалды көшіріл жазып, өнер сөздің өлеңнің әр жолында қалай өзгергенін айтыңдар.



Өнер- еңбектің жемісі.

Өнерді ешкім біліп тұмайды.



Өнердің салған өрнегін

Шебердей жақсы көремін.

(Ө.Тұрманжанов.)



3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.



Республикадағы мемлекет тіл- қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және Мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.



4-жаттығу. Жұмбақты және оның шешуін көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.



Жұмбақ.

Еңбекте бір өлшемге бағынасың..

Сол өлшеммен сертіңнен табыласың.

Егерде бас әрпін оқымасаң,

Айтасың қателіктің мағынасын.

(Сағат.)

5-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңдер.

Полиглот, дүние жүзі, ғаламтор, шетел тілдері, Отан, мекеме.

6-жаттығу. 1.Мақал-мәтелді көшіріп жазып, атау септіктегі сөздің астын сызыңдар. Оған сұрақ қойыңдар.



Мектеп-білім бесігі,

Кітап-ғылым есігі.

Білім-өмір шырағы,

Оқу -білім бұлағы.

2. Мақал-мәтелді жаттап алыңдар.



7-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ілік септікте тұрған сөздердің астын сызыңдар.



Арғы атамыз.

«Арғы атамыз Шыңғысхан жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Одан кейінгі атамыз Жошы хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл, Еділ-жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.

Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан. Одан кейінгі атан - Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі - менің қолымда тұрған аға сұлтандық», - деді Шыңғыс Шоқанға.



8-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. 2. Атау, Ілік септіктегі сөздерді тауып, сұрағын жазыңдар.



Мұстафа Өзтүрік.

Белг..лі спортшы, таэквандо қара белдігінің 6 дан иегері, қ..ғам қайрат..ері Мұстафа Өзтүрік 1995 жылы 15 на..рызда дүние салды.

Мұстафа Өзтүрік аз өмір..нің ішінде кө..теген істер тындырып үлгерді. Ол Тайвань Ұлттық с..яси университенінің халық..ралық журналистика факультетін бітірді. Әле..нің бірнеше дүркін чемпионы. Біздің республикамызда тұңғыш жоғары дәр..желі таэквандо мект..бін ашты.

Мұстафа - қазақ халқының д..рынды да талантты ұлдарының б..рі.



9-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, барыс септікте тұрған сөздерді табыңдар, сұрақтарын жазыңдар.



Дүкенге өзім барамын,

Үйге ас-су аламын.

Айтады әжем мың алғыс

Дейді мені: «Тіл алғыш!»

(С.Молдашев.)



10-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, тәуелдік жалғаулы сөздерге жалғанып тұрған барыс септік жалғауының астын сызыңдар.



Айша ағасына көмектесті. Оның ағасы бесінші класта оқиды. Айша оның малақайына бау тағып берді. Айша інісіне де қарайды. Оның жеңіне кезекшілік белгі қадады.



11-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіріңдер. Зат есімдерді тауып, олардың қай септікте тұрғаның айтыңдар.



Сар..адырға шөпш..лер келді. Олар ж..лдан бірнеше ат..ы ала келді. Алды..ғы атты.. т..згіні шұбатылып жүр. Қуат аттың тізгінін жөндеді. Аттард.. тырна..ышқа жекті.



12-жаттығу. Өлеңді көшіріп ,қарамен жазылған сөздердің септік жалғауының астың сызыңдар.

Бақа көлін сүйеді.

Балық суын сүйеді.

Жігіт елін сүйеді.

13-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, жатыс септіктегі сөздердің астын сызыңдар.

Қазақ тілінде кітап бастыру ісі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін - 19 ғасырдан басталады. Алғашқы қазақ кітаптары Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көп кітаптары Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген «Сейфімәлік» кітабынан басталған. Көп кітаптары Қазан университетіндегі Каримовтар мен Хусаиновтар баспаларынан шығып тұрды.





14-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп жазыңдар. Жатыс септіктегі сөздердің астың сызыңдар.



Ілімде бұлақ, білімде шырақ.



Жаманда дос жоқ, жалқауда ар жоқ.



15-жаттығу. 1.Мақалдарды көшіріп жазыңдар. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғаның айтыңдар.



1.Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар. 2. Отан оттан да ыстық. 3. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар. 4.Барлық өнерден сөз өнері күшті.



2.Мақалдардың мағынасын түсіңдіріндер.



Бітер істің басына, жақсы келер қасына.

Ер-елдің баласы, жер - елдің анасы.



Білгенің - бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз.



Бір кісі қазған құдықтан

Мың кісі су ішеді.



16-жаттығу.Сызбаны пайдаланып, сөйлем құраңдар.



Астана шықты

Автобус -нан/-нен хабарлады

Алма - дан/ден келді

Үй - тан/-тен дайындады

Радио түсті



17-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сызба бойынша шығыс септігінде тұрған сөздерді түсіңдіріндер.



1.Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. 2.Мұғалім Салтанатпен ұзақ сөйлесті. 3.Әсия терезені таза шүберекпен сүртті. 4.Марат театрға атасымен келді. 5.Нағашы әжемнің үйіне пойызбен бардық.





18-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.













1. Оқығанды көңілге ықылас... тоқылық. 2.Хат Астана... келіпті. 3.Асыл Жанар... сөйлесті. 4. Қой... жүні пайдалы. Жүн... фабрика... түрлі маталар тоқылады. 5.Құрылық... айнала су... қоршалған бөлігі арал деп аталады. 6.Қымыз негізінен жылқы терісі..., емен, арша сияқты ағаш... жасалған ыдыстар... дайындалады.



19-жаттығу. Берілген жалғаулардың қайсысы жіктік жалғауы, қасысы септік жалғауы екенін дәлелде.





















Сын есім.



1-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.



Ерке бала- ерсі бала.

Әдепті бала әдетті,

Тентек бала әлекті.



2-жаттығу. Өлеңді оқыңдар, сын есім сөздерді тауып сұрақ қойыңдар.



Нан- ардақты адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде,

Қол жұмай, оны ұстамас.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

(Ө. Тұрманжанов.)



3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызыңдар.



Қазақстан дүние жүзіндегі барлық елдермен дерлік дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз даму үшін кепіл бола алатын дүние жүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды.

Бұл орайда БҰҰ, ТМД, Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор.

Қазақстан өзінің ұлттық экономикасының дамуына ықпал ету маөсатында шетелдік инвестициялар тартуда. Дүние жүзінің дамыған елдердің Орта Азияға беретін барлық инвестициясының 80 пайызынан астам Қазақстан экономикасы алады. Олар қазақстанды инвестиция салуға ең қолайлы мемлекеттердің бірі деп тануда.



4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңнен сын есімдерді теріп жазыңдар. Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айтыңдар.

Тәуелсіз елім бар.



Көк айна көлім бар, Жайдарлы желім бар,

Кең жайлау жерім бар. Өрісті белім бар.

Еңбегі еленген Ерлікке баулитын,

Атақты ерім бар. Егемен елім бар.



Жемісті бауым бар, Тарих боп кешегім

Шың-құзды тауым бар. Көп жұмбақ шешемін.

Еңісті өр еткен, Егемен еліме

Жемісті қауым бар. Еге боп өсемін.

(Базарбай Исаев.)



5-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айтыңдар.



Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті.

6-жаттығу. Оқыңдар. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қойыңдар.



.... бала- сүйінші,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз ... - күйінші,

Төмендеп басын кетеді.

.... бала жанында

Ұрыс пен ...., айқай-шу.

.... бала маңынан

.... қылық байқайсың.

(Есентай Ерботин.)



Керекті сөздер: бала, тәртіпті, ұрыншақ, ұстамды, ұнамды, керіс.



7-жаттығу. Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқыңдар. Содан мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айтыңдар.



Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтер. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.



1. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.

2. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Негізгі, туынды сын есімдердің астын сызыңдар.



8-жаттығу. Берілген сын есімдерді жұптастырып жаз.



Аласа, жарық, қымбат, қою, қараңғы, қалың, алыс, сұйық, жұқа жіңішке, жуан, жақын, арзан, биік.



9-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.Оларды өзара салыстыр.



Қаз - суда жүзетін құс. Оның мойыны ұзын, аяғы қысқа, қызғылт немесе қызыл түсті болып келеді. Олар маңғазданып, аяғын теңселе басады.

Украинада арқасы мен мойыны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.

(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)



10-жаттығу. Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сын есім жасаңдар.



Үлгі: жаз-жазғы. Мейірім, қоғам, адам, бауыр, қайырым, әдеп, төзім, тындыр, орын, міндет, қасиет, сәт, бас, тәртіп, ынтымақ, бірлік, жауып, намыс, еңбек, тағылым, темір.



11-жаттығу. Сөз тудырушы -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді мағынасына қарай сөз таптарына топтап жазыңдар.



Үлгі: өкілдік-зат.е, унитарлық-сын.е.



Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, республикалық, мемлекеттік, президенттік, өкілеттік, елшілік, билік, басшылық, төрелік, азаматтық, ұйымдық, азаттық, тәуелсіздік, конституциялық, өкілдік, министрлік, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, әкімдік.





Сан есім.



1-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. Сан есімдерге сұрақ қойып, қайсысы реттік, қайсысы есептік сан есім екенін дәлелдеңдер.

2. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.



Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ стансыға екінші автобуспен келді. Ол - үшінші курс студенті. Жазғы демалыстан соң оқуға бара жатыр.



2-жаттығу. 1. Жұмбақты оқып шешіңдер. Сан есімдерге сұрақ қойыңдар.



Жұмбақ.



Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ,

Екінші әріп тісте бар, бұрымда жоқ.

Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ,

Төртінші әріп - жүректе, құлақта жоқ,

«П» әрпі - бесінші ақырғысы

Жұмбақ шешкіш - баланың ақылдасы.

(Кітап.)

2. Сан есімдерді ретімен бөлек көшіріңдер.





3-жаттығу.Төмендегі сан есім, зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.



Қырық бір ұялы телефон, он төрт озат оқушы, екі жүз сексен алты шақырым, жүз қырық төрт жәшік, жиырма үш планшет.



4-жаттығу. Анаграмманы шешіңдер. Сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.



Бірінші менің бөлігім -

Шұңқырмын - екі-ақ әріппін.

Екінші менің бөлігім -

Бір түсті жұртқа таныттым.

Екуін қосақ жөнімен,

Орасынң шөпті онымен.

(Мұзафар Әлімбай.)



5-жаттығу. Сөйлемдердегі сан есімдерді сөзге айналдырып көшіріп жазыңдар. Сан есімдердің астын сызыңдар, дара немесе күрделі екнін айтыңдар.



1. Кит -ең ірі жануар. Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай болады. 2. Тұйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді. 3. Айдың көлемі Жерден 50 есеге жуық кіші. 4. Емен өте ұзақ, яғни мың жылға дейін жасайды. 5. Жусанның Қазақстанда 18 түрі белгілі.



6-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. 1.Сан есімдердің түрін айтыңдар. 2. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап беріңдер.



Жүз қырық үш қызғыш құсқа

Жүз қырық үш қызғышқұс қосса,

Қанша қызғыш құс болады.



7-жаттығу. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастырыңдар. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айтыңдар.



Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмдә, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, көңілді, жеті, сексен алты, терек.



8-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.



1. Кенен - айтыс ақыны. Ол 16 жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен. 2. Жер бетіндегі ең терең көл - Байкал көлі. Оның тереңдігі 1637 метрден асады. 3. Құлан сағатына 70 километр жылдамдықпен жүгіре алады. 4. Қазақстанда теректің 18 түрі өсіріледі. 5. Қажымұқан Мұңайтпасов 26 мемлекетте болған. Ол 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған. Қажымұқанға 1927 жылы «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.



9-жаттығу. Берілген сөздерден ребус құрастырыңдар.



Жетісу, Екібастұз, бірлік, жүйрік ат.



11-жаттығу. Өлеңді оқып шығыңдар, қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып, оған сұрақ қойыңдар.

«Бір» мен «екі» алмаңдар,

«Үшке» алданып қалмаңдар!

Кілең «төрт» алғаңдар

«Бесті» ғана армандар.



12-жаттығу. Жұмбақты шешіңдер, сан есімнің түрін анықтаңдар.



Ағайынды екеу болыпты,

Екеуі қатар тұрыпты.

Ортасында тау болып

Бірін-бірі көрмепті.

Екеуінің орындайтын міндеті

Бір болыпты.



Есімдік.



1-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. Есімдіктерді тауып сұрақ қойыңдар. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.



Ол аралда да марал,

Бұл аралда да марал.

От екен маралға арал, оттасын аралда марал.



2-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. 2.есімдіктерге сұрақ қойыңдар. 3.Сөйлем мүшесіне талдаңдар. Сөйлемде есімдіктердің қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықтаңдар.



Көктемде біз орманға бардық. Күн көтерілді. Самал жел соқты. Ормандағы ағаштар ән салып тұр. Әрқайсысы өз әнін шырқайды. Қайын өзінің мейрімді әніне басты. Емен ерлікті жыр етті. Бұл әнді естіп, тату дос, батыл ер болғымыз келеді

(В.Сухомлинский.)



3-жаттығу. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құра.



Әркім, ешкім, ешқашан, ешқандай.



4-жаттығу. 1.Қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып, мәтінді көшіріп жаз.



Киіз үйге төселетін төсеніштің бірі -текемет. Текеметтің оюлы текемет, шашақты текемет, салбырама текемет сияқты түрлері бар. Текемет сырмақтан үлкен, енді болып келеді.



2.есімдіктер қай сөз табының орнына және не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелде.



5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, есімдіктерді табыңдар. Олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.



Бала торғайдың осы мезеттегі қалпын байқап: «Сен бізбен қошташқалы келіп отырған сияқтысың-ау. Мен сенің не деп отырғаныңды мұңайған көзіңнен-ақ ұқтым. Сен жылы жаққа кетем деп отырсың ғой, ақсағым! Оның жөн. Сапарың оң болсын! Қош бол! Көктем шыққан соң қайтып кел, қарсы аламыз, саған арнап үй саламыз», - деп оны өзінше жылы сөзбен жұбатты.

(Ө.Тұрманжанов.)



6-жаттығу. Тиісті есімдікті қойып, мәтінді оқы. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт.



Кеше (ол, мен) сыныпта кезекші болдым. (Мен, менімен бірге айнұр кезекшілік етті.)

(Сен, ол) гүлге су құйды, сыныпты желдетті.

(Біз, мен) парталарды және тақтаны сүрттім. Тақта жалтырап тұр.

(Біз, біздің) сынып тап-таза.



7-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына өзгертіп жаз. Неліктен солай өзгерткеніңді дәлелде.



(Ол) (кіммен?) кездесу, (ол) (неге?) тағылады, (мен) (кімге?) ұнайды, (сен) (кімнің?) киімің, (мен) (кімді?) таппады, (ол) (неден?) көлемдірек, (сен) (кімге?) бармақшы.



8-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жазыңдар.



.... мектепке де бірге бардық. Ол - бір үйдің еркесі. .... атасы мен әжесі бар. .... апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.

(Р.Қунақова.)



9-жаттығу. 1. Жұмбақты оқы, шешуін тап.



Ол келсе орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса, өзін қуады,

Ешкім оны қумайды.



2. есімдіктерді табыңдар. Олардың қайсысы жіктеу есімдігі?

3. жіктеу есімдігінің орнына қай сөзді қойып айтуға болады?



10-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Есімдіктерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.



Мынау менің сезгенім: Күнде бестік алсаң сен,

Ол - сыныптың анасы. Онда басқа жоқ арман.

Өзінің де, өзгенің Ал оқымай барсаң сен,

Баласы - оның баласы. Бір тал шашы ағарған.



Қай кезде де ол анық, Жақсы болсаң шынында,

Қайғырмайды өзі үшін. Қартаймас деп айта алам.

Біздер үшін қуанып, Жаңа оқу жылыңда,

Қызарады біз үшін. Жасарады қайтадан.

(Қадыр Мырза Әли.)



Етістік.



1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтіннен етістіктерді табыңдар, оларға сұрақ қойыңдар. Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесіңдер?



Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың ең соңғы бетінен: «мен бұл кітапты жүз мәртте оқып шықтым» декген жазуды көрді. Сөйтсе, мұны жазған Әбунасыр әл-Фараби екен.

Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәртте оқып қоя салмаған. Мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп кітапта айтылған жағдайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа түсініктердің есігін ашып отырған. Сол есігі арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

(«Жыл он екі ай» кітабынан.)



2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңдер, етістіктерді тауып, дара, күрделі түрін анықтаңддар.



Көктемде кластағы оқушылар экскурсияға барды. Бізді мұғалім бастап апарды. Орманға келіп жеттік, орман іші тыныштық. Тек құстардың сайрағаны естіледі. Экскурсияда көргенімізді жазып алдық.



3-жаттығу. Туынды етістіктерді теріп жазыңдар. Неліктен туынды етістік екенін дәлелдеңдер. Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар.



Оқы, жырла, жүрді, жүзді, көрген, ақылдас, ойла, сезді, ұсақта, болды, керілме, тұзда,ақта, айтады, сөйле, кешік, әкел, тазар, жаз, әдеміленді, екеуледі.



4-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктерді көшіріңдер.



Жұмбақ.



Сырт-сырт етіп соғады,

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз - сөйлейді,

Өзі жансыз - жүреді.

(Сағат.)



Етістіктердің жіктелуі және шақтары.



1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айтыңдар.



Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа көрек жинайды.

(«Қазақстан жануарлары» кітабынан.)



2-жаттығу. Берілген жіктік жалғаулы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Құраған сөйлемдеріңде жіктік жалғаулы сөз қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар.



Тазалаймын, үйренесің, біледі, қатысасыңдар, дайындалады, көресің, барамыз, ойлайсың, оқыдыңыз, барарсың.



3-жаттығу. Өлеңді түсініп оқыңдар. Етістіктерді теріп жазыңдар. Өлеңде олар қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын анықтаңдар.



Созылса да ұзақ қыс, Ыдырады тозғандай,

Ұшып келді ұзақ құс. Қар жоғалды, із қалмай...

Айқыш-ұйқыш шатынап, Жайнайды енді келбеті,

Жарылды мұз қақырап. Жасылданып жер беті.

Күн ерітті сүңгіні, Көлдің суы зеңгір көк,

Тамшы жерді үңгіді. Көз тартады мөлдіреп.

Егінжайлар бу атып,

Толқиды енді мұнартып.

(Мұзафар Әлімбай.)



4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Етістіктер қай шақта тұрғанын айтыңдар.



Күй атасы - Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есей келк Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.

Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен махамбеттің қазақ хандарына қарсы күресіне арнайды.



-Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Құрманғазы күй тартуды кімнен үйренеді?

2. Оның қандай күйлерін білесің?

3. Құрманғазы неге қарсы күресті?



5-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Етістіктерді табыңдар, қай шақта тұрғаның айтыңдар.



Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар, спирт алады.

(«Ол не? Бұл кім?» кітабынан.)

Кәдеге асады дегенді қалай түсінесіңдер?



6-жаттығу. Мақалды жатқа жазыңдар. Келер шақ етістіктерді табыңдар. Оларға сұрақ қойып өзара салыстырңдар.



1. Азаматпен дос бол, 2. Ақыл көпке жеткізер,

Қадіріңді біледі. Өнер көкке жеткізер.



7-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңдер. Баяндауыштын астын сызыңдар.



Аға ақылына Қасым ерекше зейін салды. Осы өнері Қасымның өмірлік серігі болып кетті. Ол өлең жазғанда ылғи да домбыраны қолға алатын. Оның өлеңдері әуенді болатын.

(«Балдырған» журналынан.)



8-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріпжазыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеңдер.



Қыс. Айнала аппақ, қалың қар басып жатыр. Қатты жел соғып тұр. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Асқар оған көмектесіп жүр. Әжем сиыр сауып отыр.



9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын айтыңдар.



Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,

Сол қарбызға бүкіл әлем сыйып тұр.



10-жаттығу. Берілген етістіктерді құрамына қарай талдаңдар.



Өндіреміз, өсіп жатыр, түспекші, ойлайсың, тыңдадық, қызығамын, үйренді, орындамақ, сипаттап берді.



11-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанға бөліп жазыңдар.



Тұрдым, отырғанмын, тұратынбыз, отырдым, жаздым, оқығанмын, тыңдайтынсың, жатқансыңдар, түсінетінбіз, қайталадым, сөйлегенсіздер, әңгімелесіппіз, барыпсыңдар, күлмедіңдер.



12-жаттығу. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңдар.



Күл, ойна, жүр, айт, сана, есепте, ойла, талда, тапсыр.



13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, етістіктің осы шақ түрін анықтандар.



1. Мен биыл демалыста Астана қаласында боламын. 2. Аға, түскі демалыста үйге келіп тұрыңыз. 3. Жездем баяндама жазып отыр. 4. Досымның ағасы жауынгерлік міндетін атқарып жүр. 5. Біздің шеқара сақшыларымыз әскери тәртіпті қатал сақтайды. 6.құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.



14-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңдар. Баяндауышын осы шақ, өткен шақ, келер шақ түріне қойып жазыңдар.



Үлгі: біз биыл ел арала+мақпыз, +дық, +ймыз, +лап жүрміз.

1. сен кешкісін досыңмен хабарлас (..., ..., ...).

2. сіздер апта сайын кел (..., ..., ...).

3. мен әркез бұл ұсынысты қолда (..., ..., ...).



15-жаттығу. Берілген етістіктерді үш шаққа қойып, жазыңдар.



Ұсыну, қалдыр, өзгерту, келісу, тап, зерттеу, ал.



Үстеу.



1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.



Біз бүгін кітап баспаханасына бардық. Біз онда қағаз кесетін, әріп теретін машиналар орналасқан цехтарды көрдік. Үшінші цехта кітап жасалды. Мұнда кітаптың әр беті жасалып, түптеледі. Бұл жұмыстар қазір техникамен атқарылады. Баспахана оқулықтарды, ақын, жазушы, ғалымдар еңбектерін кітап етіп шығарады. Баспахана жұмысшылары кітаптарды машинаға, поезға салып, Қазақстанның қалаларына, ауылдарына жібереді.

Міне, сенің қолыңда кітап тұр. Сен оны таза ұстап, көп оқы, жадыңа түй. Кітап - сенің сенімді досың.



2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаыңдар. Үстеулерді тауып, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Үстеулердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрснтіңдер.



Сая-үздік оқушы. Жазуды қатесіз, шапшан жазады. Күнде үлкендерге көмектесіп, кішілерді қамқорлыққа алып жүреді. Ол ертең үздік оқушылардың олимпиадасына қатысады.



3-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар.



Бірсігүні, бұрын, күні бойы, таң сәріде, жылдам, жолшыбай, жоғары, ілгері.



4-жаттығу. Кестені тиісті сөздермен толтыр және оларды өзара салыстыр. Сөз таптарының ұқсастығы мен өзгешелігін олардың мағынасына, сұрақтарына және қай сөзбен байланысатына қарай анықтаңдар.











5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мекен үстеулер бар сөйлемдерді теріп жазыңдар.



Ақ және күлгін гүлдер.



Атай алда, біз артта ирелең жолмен келе жатырмыз. Біз ылдиға жете бергенде қарт артына бұрылды да: - Ананы қақаңдаршы, неге ұқсайды? - деді бақ жақты нұсқап.

Сәкен қағілез болатын. Мүдірмей жауап айтты: - Желкенін көтеріп, жай жылжып келе жатқан кеме секілді.

Сәкеннің тапқырлығына риза болдық. Әдемі көрініске таңырқай қарадық. Сан жетпейтін ақ және күлгін гүлдер тұтаса нұрланып, құдды кемелердің желкеніне ұқсап кетіпті.

(М.Тоқбергеновтен.)



6-жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Әр топта қай сөз артық екенін тауып, себебін дәлелде.



1. Күн, дала, қайың, арыстан, әдейі.

2. Көкшіл, дәмді, сүйір, үлкен, парта.

3. Ұшты, жүзді, оқыды, үйренді, жол-жөнекей.

4. Баяу, тез, ілгері, жолшыбай, қызық.



7-жаттығу. Үстеулерді оқы. Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жазыңдар.



Мезгіл білдіретін Мекенді білдіретін Сын-қимылды білдіретін

үстеулер үстеулер үстеулер

... ... ...

Жол-жөнекей, әуелден, былтыр, ілгеріде, әлдеқашан, тысқары, күндіз, мұнда, төмен, сонда, үнемі, тез, ежелден, қолма-қол, баяу, әрең-әрең, етпетінен.



8-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Үстеулерді тауып, қай сөз табымен байланысқанын айтыңдар.



Тоты - әдемі құс. Ол Африка, Америка және Австралияның тропиктік ормандарында тіршілік етеді.

Тотының аяғы өрмелеуге ыңғайлы. Әр аяқтағы төрт саусақтың екеу алға, қалған екеуі артқа қарай біткен. Тотылардың қанаты да жақсы жетілген. Олар кәдімгідей тез ұшады.



9-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар. Сын-қимыл үстеуін табыңдар.



Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

(Абай.)



10-жаттығу. Мақалды жатқа жазыңдар. Мезгіл үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.



Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.



Шылау.



1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарыт тұрғанын байқаңдар. Жеке тұрғанды мағынасы бар-жоғын айтыңдар.



Қаршыға - өте қырағы құс. Өзі сирек кездеседі. Орман-тоғайлы жерде анда-санда ғана оның «қия-қия-қия» дауысын естуге болады.

Қаршыға - аса епті, қайсар қыран. Көбіне орман-тоғайлы таулы жерді мекендейді. Ол ұзақ отырып өзінің жемін аңдиды. Торғай тұқымдарынан бастап шіл мен кекілікті, қаз бен үйректі, дуадақ пен құрға дейін алады. Бұларды көрісімен оқша атылып, зу етіп барады да, өткір тырнағымен бүре түседі. Ол байқатпай келіп,үй құстарына да шабуыл жасайды. Оның күшті де қысқалау қанаты жылдам ұшуға өте бейім. Құсбегілер оны ұстау үшін тұзақ құрады.

(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)



2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз.



1.Біздің сыныптың ұлдары..., қыздары..., өнерлі. 2. Мұғалім әкеме менің қалай оқитыным... айтты. 3. Әжей Алматқа көмектескені ... алғыс айтты. 4. Алмас ... Ербол сабаққа бірге дайындалады.



3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Шылаулар қандай қызмет атқарып тұрғанын айтыңдар.



1.Кейбір жұмыскерлердің аттары ...(мен, және) сауатын сиырлары болмаса, таяуда қара-құра көрінбейді (С.Сейфуллин). 2. Сөзін оқы ... (мен, және) ойла, тез үйреніп, тез жойма (Абай). 3. Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді ... (мен, және) оның ниетіне қарай көлік те болмады (Ғ.Мұстафин).



4-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп, шылаулардың астын сызыңдар.



1. Еңбек ет те, міндет ет.

2. Оймақ пішсең де, олап піш.

3. Білмеген бүлдіреді, бүлдіреді де күлдіреді.



5-жаттығу. Көп нүктенің орнына да, де -лердің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Олар жалғау болса, сөзбен бірге, шылау болса бөлек жазыңдар.



Тілек жұрттың бәрін ... ренжітпеуге тырысатын. Сондықтан ... болар, көршілер оны өте жақсы көретін. Өз үйіндегі бар жұмысты істей жүріп, сабақты ... жақсы оқитын. Мектептп ... оны бәрі сыйлайтын.

(«Балдырған» журналынан.)





Сөз тіркесі.



1-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінің байланысу жолын түсіндіріңдер.



Көне дәстү. Сары ала. Көлдің жағасы. Кешкі мезгіл. Ол айтты. Біз келдік. Орнынан тұрды. Жапырлай кірді.



2-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар. Бұл сөз тіркестері арқылы жылдың қай мезгілін суреттеуге болады?



Ашық аспан; аязды күн; ұлпа қар; көңілді балалар; көгілдір сырғанақ.



3-жаттығу. Берілген сөз тіркестеріне қарсы мәндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.



Жеңіл жұмыс -...; көңілді ән -...; терең су-...; баяу жел-...; қалың шөп-...; шалғай жер-...; қысқа мерзім-... .



4-жаттығу. Төмендегі зат есімдерден сын есім жасаңдар. Олармен сөз тіркестерін құраңдар.



Тау, аудан, көктем, аяз, жаңбыр, жаз, қар, шаш.



5-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінің үлгісімен тіркес қатарларын көбейтіңдер.



Үлгі: бұлтсыз аспан- түнгі аспан, ашық аспан, жұлдызды аспан.

Сусыз жер; қысқы кеш; алыс сапар, ауасыз кеңістік; ерекше құбылыс.



Сөйлем.



1-жаттығу. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастырыңдар. Бірінші сөйлемді-сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.



1. Бәйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.

2. Гүлдер, жақсы, көреді, өте, күн, сәулесін.

3. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп, шығады, бәйшешек.

4. Тезірек, бәйшешек, екен, көрінсе.

5. Бармақшымыз, бәріміз, бәйшешек, тауға, теруге.



2-жаттығу. Сөздерді оқып, олардан сөйлемдер құрап жазыңдар.



1. ғалым, қазақ, графика, жасау, туыстық, жақындық, сипат, бар, араб, таңбалар, алу.

2. ол, қазақ, фонетика, икемдеу.

3. арабша, таңба, жоқ, дыбыстар, таңба, қосу.

4. қазақ, мұрасы, Шоқан, Уәлиханов, қазынасы.



3-жаттығу. Төмендегі сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Олармен сөйлем құрастырыңдар.



Таза-лас; баяу-жылдам; биік-аласа; ұсақ-ірі; кең-тар; үлке-кіші, бірінші-соңғы.



Жай сөйлем және оның түрлері.



1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.



Жазғы еңбек.



Егіс егіліп болды. Мал жайлауға шықты. Енді жұмыс біткен шығар деп ойлайсың. Бірақ жаздың да өзіне тән шаруасы бар. Шабындық қаулап өсті. Оны шауып, жинау керек. Жұмысшылар тракторлармен шөп шабады. Оны кептіреді. Пішен маялайды. Оны қыстауға тасиды.

(«Табтғаттану» оқулығынан.)



2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріңдер. Бастауыш пен баяндауышты белгілеңдер.



Ата - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ. Бала - жағасындағы құрақ. Талап - тұлпар. Білім - сұңқар. Күш - білімде.



3-жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшесене талдаңдар. Сөйлемнің түрлерін атаңдар.



1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде мұражай орналасқан. 2. Ақын өмір шындығын айтқан. 3. Халық оны қадір тұтады. 4. Мен таңғалдым. 5. Ұйықтап қалыппын. 6. Мені шақыртып алшы.



4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Тұрлаулы мүшелерді табыңдар.



Хали мен Тілеш станцияда тұрады. Онда клуб бар. Клубта концерт көрсетіледі. Софияда концертке барады. Зифа мені циркке апарды. Циркті бірінші рет көрдім. Цирк өте ұнады.



5-жаттығу. Жақты сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын табыңдар.



Ғалам деген - жер шарынан тысғаламшарлар, жұлдыздар, кеңістіктер.

Ғаламдағы жұлдыздар шоғырын Галактика деп атайды. Жұлдыздың құрамында сутек өте көп. Жұлдыздар газдың қысымымен жарқырап көрінеді.



6-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, жақсыз сөйлем құраңдар.



Айту керек, көмектесу қажет, орындауға тиіс, қатысқаны жөн.



7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиіс анықтаушты қойып жазыңдар.



.... Жер серіктері ғарышқа әр түрлі мақсатпен ұшырылады. 2.Ол темірден .... бұйымдар жасайды. 3. Қазақ халқының ... өнерін жалғастырушы шәкірттері бар. 4. Фитодизайн үйірмесіндегілер өсімдіктер туралы ... пәндері оқиды. 5. ... балалар шығармашылығына мұражайда көрме жиі ұйымдастырылады.

Қажетті сөздер: жасанды, зергерлік, ерекше, арнайы, дарында.



8-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.



Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.



9-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқыңдар. Оларды сөйлем мүшелеріне талдаңдар.



Депутат сайлаушылармен кездесті. 2. Ар алтынмен өлшенбейді. 3. Күзгі суық өңменінен өтті. 4. Дулат ертең ауылға жүрмекші. 5. Аңшы қақпан құрды. 6. Құсбегі бүркіт салды.



10-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Хабарлы сөйлемдерді бір бөлек, сұраулы сөйлемді бір бөлек жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.



Сен бізді күт (пе). Үйде нан бар (ма). Ертайда мұндай өшіргіш жоқ (па). Сен бүгінгі кезектен қал (ма). Жолыңнан қал (ма). Оларға осының бәрі керек (пе). Күн бүгін кешегіден суық (па).



Құрмалас сөйлем.



1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айтыңдар.



Есіл өзені Астананың оңтүстік-шығыс жағында. Ол Аюлы-Нияз тауынан басталады. Есіл әуелі батысқа қарай ағады, содан кейін солтүстікке қарай бұрылыды.



2-жаттығу. Өлеңде неше құрмалас сөйлем бар екенін табыңдар. Өлеңнің бір шумағын жатқа жазыңдар.



Түн

Төсегіне түн жатты, Орман күңгірт, күңгірт көк,

Жердің бетін түн жапты. Құстар қалды жым-жырт боп.

Маужырады шың-құздар, Бергенен соң түн хабар,

Көзін ашты жұлдыздар. Тәтті ұйқыға кетті олар.

(Несіпбек Айтов.)



3-жаттығу. Екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлелем құрап жазыңдар.



1. Республика мектептеріндежыл сайын білім фестивалі өтеді. Оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын, бағдарламаларын ұсынады.

2. Лицей оқушылары әлемдік олимпиадаларға қатысады. Олар зерттеу жұмыстарымен айналысады.



4-жаттығу. Берілген жалғаулық шылауларды пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңдар.

Бірде, біресе;

Өйткені, сондықтан;

Не болмаса, әлде.

5-жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сөйлемін жалғастырып жазыңдар.



1. Сабақ кестесін өзгертсе, ... .

2. мен сыныптан шыға бергенде, ... .

3. Оқу аяқталысымен, ... .

4. Бұл тапсырма көп дайындықты қажнт еткендіктен, ... .



6-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Құрмалас сөйлемдерді көшіріп, жазыңдар, олардың жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндіріңдер.



Бір топ бала іске жұмыла кірісіп, коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты. Топ баланың ішінде Ахат, Ақан, Сәулелер де бар. Олар алаңның қарын күреп, тегістеді. Мұз айдыны дайын болғаннан кейін балалар конькилерін аяқтарына байлап, сырғанақ тебуге кірісті. Одан кейін екі топ құрап, хоккей ойнамақшы болды.

(М. Төрежанов.)



7-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазыңдар. Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу себебен түсіндіріңдер. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.



1.Еңбек түбі -береке, көптің түбі - мереке. 2. Жақсы адам - елдің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы. 3. Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы.





Қосымша материалдар.



1-жаттығу. «Мақал ішінде мақал» ойыны. Төмендегі мақалдардағы қарамен берілген сөздерді теріп жазып, олармен сөйлем құраңдар. Сонда тағы бір мақал шығады.



1. Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. 2. Сөз асылы - кітапта. 3. Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын. 4. Оқуын тапса, білім қонар.



2-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Кейінді ықпал әсеріне ұшыраған сөздерді тауып, себебін түсіндіріңдер. Зат есімге сұрақ қойып, септік жалғауларын ажыратыңдар.



Қала орталығында кітап дүкені бар. Ол үлкен әрі әдемі үйге орналасқан. Мен дүкенге бардым. Ол ашық екен. Дүкен іші кең, жарық, таза. Сөрелерде үлкен-кішілі, түрлі-түрлі, әдемі суретті кітаптар көп. Дүкенде ағылшын, араб, неміс тілдерінде жазылған кітаптар бар екен. Абай өлеңдерінің аудармалары мені қызықтырды. Мен «Қазақтың шешендік өнері» кітабын сатып алдым.



3-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұның әңгімелеңдер.

Алматы қаласындағы ең үлкен ұлттық кітапхана төрт қабатты үйде орналасқан. Оның бөлмелері кең, биік. Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жазушылар жиі келеді. Кітапхана үнемі жұмыс істейді. Ол кітапқа өте бай. Бұл кітапханада сирек кездесетін кітаптар да жеткілікті. Кітапханада әр түрлі тілдеге кітаптармен, газет-журналдармен танысуға болады.

Кітапхана қызметкерлері, кітапханашылар - өте кішіпейіл жандар. Бұл кітапхана - біздің мақтанышымыз.



4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, орысшаға аударыңдар. Уақыт туралы мақал жазыңдар. Үй, мектеп, бөлме сөздерін шығыс септігіне қойыңдар.



Уақытты қадірлей білу үшін мынадай кеңестер береміз:

1. Белгеленген уақытта қоңыраулы сағатсыз-ақ оянып үйрен.

2. Заттарыңды, кітаптарыңды белгілі орында жинақтап ұста, сонда ғана оларды тез таба аласың.

3. Келесі күнге керекті заттарыңды кешке таман әзірлеп қой.

4. Үйінен әрқашан ертерек шық. Кешікпеуге дағдылан.

5. Орындай алмайтын іске уәде берме.



6-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қазақшаға аударыңдар.



С первым снегом прилетели к нам на зимовку красногрудве снегири. На дне реки заснули усатые сомы. Зарылись в ил лягушки. Ежик накрылся одеялом из сухих листьев. Только медведь еще бродит. Он ждет глубокого снега. Тогда ему будет тепло в берлоге.



Аудармаға пайдаланатын сөздер: на зимовку - қыстауға, красногрудые - қызыл төстілер, усатые - мұрттылар, сухих - кепкен, бродит- қыдырып жүр.



7-жаттығу. Мәтінді оқыңдар, мазмұны не туралы, әңгімелеп беріңдер. Дара және қүрделі етістіктерді табыңдар.



Аңқау күшік

Менің Мойнақ деген күшігім бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Бірақ күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп Мойнақ шеңбердең қарғуды үйренді.

(Қ.Айжарықов.)

8-жаттығу. Мәтінді оқып, қазақшаға аударыңдар.



Зачем поют птицы?

Для птиц весенние песни - это очень серьезное и важное дело. Поют лишь самцы. Весной возвратится домой маленький певун и во весь голос заявляет: «Я здесь! Я прилетел и занял участок. Тут я буду охотиться на насекомых, растить птенцов и никто не смеет поблизости селиться».

Есть у птичьей песни и иное назначение. Будущий папа, подыскивая подходящее место для гнезда, начинает звонкой песней звать маму своих будущих птенцов.

(А.Дитрих.)

Аудармаға пайдаланатын сөздер: самцы-ана құстар, во весь голос-бар дауысымен, насекомые-жәндіктер, иное назначение-басқа жағдайда, подыскивая-іздестіреді.



9-жаттығу. Мына сөздердідұрыс айтып,жатқа жазыңдар. Қандай ықпал әсеріне ұшырағанын айтыңдар. Сөздерді пайдаланып, 5 сөйлем құраңдар.



Досжан (Досшшан), өндіріс (өндүрүс), ащы (ашшы), жұмысшы (жұмұшшұ), көп адам (көб адам), бүгін (бүгүн), күндіз (күндүз).









Мазмұны



Алғы сөз .............................................................................................................

Буын ....................................................................................................................

Түбір мен қосымша ...........................................................................................

Біріккен сөз ........................................................................................................

Қос сөздер ..........................................................................................................

Зат есім ...............................................................................................................

Көмекші есімдер ................................................................................................

Зат есімнің жекеше, көпше түрі .......................................................................

Зат есімнің тәуелді түрі .....................................................................................

Зат есімнің септелуі ...........................................................................................

Сын есім ..............................................................................................................

Сан есім ...............................................................................................................

Есімдік .................................................................................................................

Етістік ..................................................................................................................

Етістіктің жіктелуі және шақтары ....................................................................

Үстеу ....................................................................................................................

Шылау .................................................................................................................

Сөз тіркесі ...........................................................................................................

Сөйлем .................................................................................................................

Жай сөйлем, оның түрлері .................................................................................

Құрмалас сөйлем ................................................................................................

</ Қосымша материалдар .......................................................................................









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал