7


  • Учителю
  • Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба

Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ .........................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ



2. 1 Анималды терапия немесе зоотерапия -

дәстүрлі емес әдіс ....................................................................................5



2. 2 Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктердің

емдік қасиеттері ........................................................................................6



2. 3 Құранда кездесетін емші жануарлар мен жәндіктер...........................23





ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................25



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................26





























Аңдатпа

Аnimal - жануар, яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» - хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.

Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады.



































Кіріспе



Дамыған, кемеліне келіп, арнасы толысқан «ақ халатты» медицина дәстүрлі ем-домды ешқашан жоққа шығарған емес. Ықылым замандардағы сырқатты айықтыру жолдарының бірі - жан-жануарлар арқылы емдеуді бүгінгі дәрігерлер қайта жаңғыртуда. «Анималды терапия» деп аталатын жүйеде түрлі хайуанаттардың көмегі арқылы адамға физиологиялық, психологиялық және терапевтік ем жүргізіледі. Бұл сала Батыс пен Еуропа елдеріне кеңінен қанат жайған, арнайы зерттеу орындары мен емдеу орындары да ашылған.

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, үйінде емдік қасиет бөлетін хайуанаттар ұстайтын кісінің өмірі қорасы бос көршісіне қарағанда екі есе ұзақ көрінеді. Зоотерапия - адамзатқа ұзақ ғасырлардан бері таныс. Үнді данышпандары жүйкені құстардың үнін тыңдау арқылы тынықтыру тәсілдерін ұстанса, орыс емшілері иттің көмегімен психологиялық күйзелістен шығуға болады деп тұжырады. Гиппократ жазбаларында жылқының адамды емдеу магиясының басымдылығы айтылса, тай халықтары піл арқылы бірталай ем-дом шарасын өткізіп келген. Еуропа елдерінде жүйкесі тозған шығармашылық адамдарына дәрігерлер дельфиннің судағы ойындарын тамашалату арқылы ем жүргізеді. Бұл ем сырқатты рухани тұрғыда жарқын өмірге жетелейді екен. Ит арқылы жүргізілетін ем-шаралары көбіне итті серуендету және тілдесу арқылы іске асады. Бұл жүрек ауруларына дауа. Ертедегі көшпенді халықтың саулығындағы мықтылықты шет елдік саяхатшылардың көбі жылқымен байланысты қарастырды. Жылқыға мініп серуендеу арқылы іске асатын «иппотерапия» деп аталатын шара аясында көптеген аурулардың емі бар.

Латын тілінен аударғанда animal - жануар, яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» - хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.

Мақсаты: Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта пайдалана отырып, оларды тиімді тұтыну жолдарын зерттеу.

Негізгі идеясы:

- Жергілікті жер жәндіктері мен жануарларының маңызын зерттеу;

- Оларды емдік мақсатта қолданудың тиімділігін анықтау;

- Тірі табиғат байлығын ысырапсыз қолдануға шақыру;

- Зоотерапияның маңыздылығын насихаттау.

Құндылығы - көпшілікке мүмкін болатын, нәтижесі зерттелген

ем түрлерін ұсыну

Нәтижесі - тірі табиғатты аялай отырып, оның бар мүмкіндігін пайдаға асыру.







































Негізгі бөлім



2. 1 Анималды терапия немесе зоотерапия - дәстүрлі емес әдіс



Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде кеңінен дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.

Хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Бұған әр құрлықтан табылған тасқа басылған суреттер дәлел бола алады. Ал суреттер «мәтіні» ХІХ ғасырдың соңында оқылды.

Ежелгі египеттіктердің папирусында емдеу мақсатында мысықтарды пайдалану әдістемесі жазылған.

Шамамен 3000 жыл бұрын ежелгі гректер жаралы жауынгерлердің әдеттегіден гөрі тезірек жазылуына көмектескен иттің емдік қасиетін анықтаған.

Ғалымдар ұмыт қалған ежелгі рецепттерді жаңғыртты. Б.э.д. V ғасырда Гиппократ қоршаған ортаның адамға әсерін байқап: «Ат үстінде жүру - тек қана жаралы адамды ғана жазып қоймай, меланхоликтерге жаман ойлардан арылып, керісінше, көңілін сергітіп, жақсы ойлар ойлауға жәрдемдеседі», - депті.

Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар - емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.

Негізі жануарлармен емдеу терапиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен етек ала бастады. Бұл әдістің «пионері», америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған.

Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып сеанс жүргізеді.





2. 2 Жергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктердің емдік қасиеттері



Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адамға әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.

Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады.

Енді зоотерапия мен олардың арасындағы «емдеуші терапевтерге» жекелей тоқталайық…

Дельфин ойыны. Суда әдемі қылықтар көрсетіп, әлсін-әлсін су бетіне секіріп шығатын бұл хайуанаттың ойынын қызықтағанды кім ұнатпайды?

Оның түрлі ойынын қызықтаған адам психологиялық күйзелістен арылып, көтеріңкі көңіл-күйге қол жеткізеді. Дельфинмен «тіл табысқан» адам шаршағанын ұмытып, ойлау қабілеті жақсарады, дағдарыс жағдайында тез әрі дұрыс шешім қабылдайтын болады.

Дельфинмен емдеу, әсіресе, апатты жағдайларды, мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия. Олардың пациенттері - кәсіпкерлер, шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар.

Дельфинотерапия шетелдердегі мүгедек балалар үйінде кеңінен қолданылады. Мұндай ем түрі біздің елде мүлде жоқ, тіпті бұл туралы ақпарат та жоқтың қасы деуге болады. Дельфинотерапия - психотерапияның бір тармағы болып табылады. Бұл су жануарының көмегімен балалардың тұтықпа ауруын, ДЦП, энурез ауруларын емдеуге болады. Сондай-ақ оның көмегімен табиғи және техногендік апаттан жарақат алғандар, бұрынғы қашқындар мен кепілге алынғандардың арасынан сауығып кеткендер көп көрінеді.

Дельфинмен сөйлесудің адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Алайда қандай пайдасы бар екенін көбісі біле бермейді. Мұнымен қатар, адам теңіз суына түскенде қимыл-қозғалысы жиілей түседі. Бұған психологиялық әсерін қоса түсіңіз. Бұл қалай жүзеге асады? Дельфиндердің мейірімділігі соншалық, бассейндегі адаммен бірінші болып «тілдесуге» тырысады. Науқаспен суда бірге жүзіп, түрлі ойын ойнаған соң, таңбалы ақпаратпен алмасады. Нәтижесінде әсері өте күшті деген дәрілерді алмастырады.

Дельфин терапиясының басты элементі - ультрадыбыс. Оның әсерін білетін дәрігерлер оны қырық жыл бойы қолданып келеді. Бұл рәсім ультрадыбыстың ағзамыздағы белгілі бір мүшесіне емес, жасушаларға ғана әсер етеді. Әрине, бүгінгі таңда мұндай ультрадыбысты арнайы жасалып шыққан құрылғының көмегімен таратуға болады. Алайда механикалық түріне қарағанда, табиғи ультрадыбыстың әсері екі есе күшті екені анықталған. Теңіз жануарлары осындай әсері күшті ультрадыбыстарды шығара алатынымен ерекшеленеді. Ультрадыбыс әсер етіп тұрған кезде жасушалардың аузы ашылып, пайдалы заттар ағзаға жылдам сіңеді. Нәтижесінде жасушалар арасындағы зат алмасу процессі сапалы болады. Ағзамыздағы қажетсіз сұйық заттар сыртқа шығады. Бұдан өзге дельфиндерден шығатын ультрадыбыс ауырсыну әсерін азайтады.

Дельфиннің психологиялық әсерін де ескеруіміз керек. Бұлар - өте ақылды, мейірімді, қарым-қатынасқа тез түсетін сүтқоректілер. Оның жанында науқас өзін жайлы сезінеді. Адамдар мен дельфиндердің бірдей қимыл-қозғалыс жасап жатқандырын көру арқылы ерекше сезімтал екенін байқаймыз. Олар адамға кез келген жағдайда көмектесуге тырысады.

Мысық-емші. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» деп аталады.

Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.

Мысық - қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.

Сырқатты мысықтардың көмегі арқылы емдеу шарасын көптеген ғасырлар бұрын Мысыр перғауындары қолданысқа енгізді дейді біз парақтаған деректерде. Сонымен қатар, ежелгі Римде, Вавилонда, Ассирияда мысықтарда табиғаттан тыс қандай да бір күш бар деген ұғым болды. Ислам шариғаты мысыққа жақсы түсінікпен назар салса, жапон мифологиясында мысық сәттіліктің кепілі іспетті танылады. Бүгінгі пышақ пен инеге негізделген медицинаның өзі мұны ғылыми тілде «фелинотерапия» деп атап, адамның күре тамырлық қысымын реттеуде көмекші күші бар деген болжамды толығымен қоштайды. Үйінде мысығы бар кейуаналарда инфаркт мүлдем жоқ деуге де болады, - дейді олар. Мысықтың адам арқасына шығып ұйықтауы немесе иығына отырып алуы, аяғына оралуы аталмыш мүшелерде белгілі бір сырқаттың барына байланысты көрінеді. Ол үйге кірген мезетте үй ішіндегі атмосфераны реттеуден бастайды екен. Теріс энергия шығаратын қара нүктелерді өзінен шығатын энергетикалық күшпен бітейді, мұнан соң үй иелері стресс зардаптарынан құтыла бастайды. Англия дәрігерлері мысықты зерттей келе 4-7 жас аралығындағы балалар үшін тамаша емші деген пікірге тоқталды. Үйінде мысық асырайтын балада психологиялық шашыраңқылық белгілері жоқ, иммундық жүйесі берік, ойлану, өзі шешім шығару, жауаптылық секілді адами қасиеттері де дұрыс жетілген, шапшаң қимылдап, асыр сала ойнауымен қоса, оқу деңгейі де үйінде мысығы жоқ балалармен салыстырғанда жоғары деп танылған.

Ал, Нью-Йорк университетінің ғалымдары зерттеу жүргізе келе мысық терапиясы отбасының бірлігіне бірден-бір әсер етуші деген жаңалыққа қол жеткізді. Мысық отбасы мүшелерінің бойындағы ашу мен ызаны өзінен тарайтын биоырғақтар арқылы ыдырата алатын көрінеді. Сондай-ақ, ғалымдар үйінде мысық-дәрігері бар отбасында суицид оқиғасы кездеспейді деген ұйғарымда. Мысықтың пырылдауы мен мияулауының өзі көп дертке дауа болатын шипалы дәрі секілді: имминитетті жоғарылату, түрлі бас ауруларын жазу, психологиялық тұрғыда сауықтыру қызметін атқарады. Оның пырылының 27-44 герц аралығындағы жиілігі зақымданған жүйке талшықтарын бұрыңғы қалпына келтіру белгілерін түзеді. Табиғи ем сипатындағы бұл пырыл ағзаға түрлі физиологиялық қорғандар орнатуымен қатар, шаршау синдромының алдын алатын күшке ие. Мысықтың 27-44 герц диапазонындағы ультрадыбыстық терапиясы сонымен қатар адам сүйектерін қатайтып, нығайтарлық қабілеті бар.







Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!



11



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал