7


  • Учителю
  • 4-сынып Өзін-өзі тану Өзін-өзі тану – өмірді тану

4-сынып Өзін-өзі тану Өзін-өзі тану – өмірді тану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



1 - сабақ Сыныбы : 4

Күні :

Сабақтың тақырыбы : Өзін-өзі тану - өмірді тану

Мақсаты : оқушылардың «өзін - өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері :

  • 4-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • Адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру:

  • Сыйластыққа, кішпейілдікке, ізгілікке тәрбиелеу.

. Шаттық шеңбері

</ Оқушылар мұғаліммен бірге « Шаттық шеңберге » жиналып .Мұғалім «Өзін-өзі тану» пәнінің 4-сыныптағы алғашқы сабағын кіріспе сөзбен бастайды. Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Қызығы мол жазғы демалыстарың да аяқталды. Енді сендер 4-сынып оқушысысыңдар. Сендердің ойларыңның тереңдеп, ақылдарыңның өскеніне мен сенемін. Ал бүгін сол ойларыңның өмірде қолдануға көмектесетін пәндеріңнің бірі өзін-өзі танудың алғашқы сабағы деп бастап А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем» атты өлеңін мұғалім айтып, оқушыларға қайталауын ұсынады.

Шұғылалы әлем

Осындай әлем бар, Қуатты.

Қызықты, Ондағы балалар

Шуақты. Жайдары,

Әлемде әр ел бар, Көңілді.

Бақытты, Бәрі де керемет!

Мұғалім оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға тілек айтады. Оқушылар да осы шеңбер аясында бір-біріне тілек айтып шығып, оқушылар орындарына отырады.

Ойын

« Таныс болайық »

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына тарту мақсатында мынандай сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізеді:

  • Жазғы демалысыңды қалай өткіздің?

  • 3-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгеніңді есіңе түсір айтып беріңдер?

  • Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?



Мәтінмен жұмыс

« Өзін-өзі тану » пәні бойынша меңгерген кейбір адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттерді оқушылардың есіне түсіру оқып , талдау .

Мақтай неге мақталар?

Мақтайды жұрт мақтайды, Дарындылық,

Өйткені ол жақтайды: даналықты,

Әдептілік, қарымдылық,

Адамдықты, тазалықты;

Әділеттілік, Табандылық,

Адалдықты; қайсарлықты,

Білімділік, талаптылық,

Батырлықты, жайсаңдықты;

Бейімділік, Намыстылық,

Алғырлықты; даралықты,



  • Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

  • Жазғы демалыс кезінде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім оларға ризашылығын білдіреді.

Ойын

Оқушылар бір -біріне жақсы қасиеттерін айтып шығу үшін «алтын сақа» ойын ұйымдастырылады.

Мәтінмен жұмыс

Достық, қайырымдылық құндылықтарының мәнін еске түсіру мақсатында «Екі дос және қария» аңыз әңгімесін, әңгімелеу жүргізіледі.

Тыныштық сәті

«Балалардың денесі, ойы сергітіледі»

Жаңа ақпарат

Мұғалім балаларды жаңа ақпаратпен таныстырады, өзін-өзі тану туралы түйіндейді. Жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.

Дәйексөз

« Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту , ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну »

Нақыл сөз

Дәптермен жұмыс

Дәйексөзде айтылған ойдың пысықталуы үшін мынандай тапсырма беріледі.

Мен кіммін?

Менің мінезі қандай?

Менің мінезімнің жағымды жақтары қандай?



Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз» деп екі рет қайталайды. Өлең оқылады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал