- Учителю
- 'Менің достарым' тақырыбындағы саабқ жоспары
'Менің достарым' тақырыбындағы саабқ жоспары
Пән мұғалімі: Баданова Данагүл Абадшақызы
Сыныбы: 2 «ж»
Күні: 23.09.15
Тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік. Реттік сан есім туралы түсінік қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттеріне жетелей отырып, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту.
-
Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау. Достарына адал, мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Негізгі бөлім:
1. Үй тапсырмасын тексеремін.
2. Сөздікпен жұмыс:
Жақсы-хорошо
Тату-дружный
-
Жаңа сабақты меңгерту:
Үнтаспадан «Достық» әнін тыңдатамын. Оқушылар әнді тыңдап, не туралы екенін айтады. Достық туралы әңгімелей отырып, оқушылар өз досы туралы айтуға үйренеді. Мысалы: «Менің досым бар. Оның аты - Саша. Ол жеті жаста». Осыдан кейін оқушылардан олардың сыныптас достарының нешінші партадан отырғанын сұраймын. Реттік сан есімнің жасалуын жолын түсіндіремін.
Реттік сан есім
Сұрағы: нешінші ?
Жұрнақтары: -ыншы, -інші. Мысалы: тоғыз+ыншы, бес+інші
-ншы,-нші. Мысалы: алты+ыншы, екі+нші
III.Тапсырмалармен жұмыс:
1-тап.Сұраққа жауап бер, айт.
Досың қайда тұрады?
Менің досым Астанада тұрады. Менің досым Арқалықта тұрады. Менің досым Семейде тұрады. Менің досым Қызылордада тұрады. Менің досым Шымкентте тұрады.
2-тап. Торғайларды дұрыс қондыр.
Бірінші торғай, екінші торғай, үшінші торғай, төртінші торғай, бесінші торғай, алтыншы торғай, жетінші торғай, сегізінші торғай, тоғызыншы торғай.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш, төрт деп,
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бес, алты, жеті деп,
Бір отырып, бір тұрып,
Аяқты жазып аламыз.
Сегіз, тоғыз, он деп,
Алақанды он соғып,
Біз тынығып аламыз.
Қосымша тапсырма: Берілген сюжетті суреттер бойынша 2-3 сөйлем құраңыздар.
IV. Сабақты бекітемін. Достық туралы мақалдармен сабақты бекітемін.
V. Үйге тапсырма беремін: Досыңның суретін сал. Ол туралы айтып бер.
VI. Оқушыларды бағалаймын.