7


  • Учителю
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: студенттерге Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.

2) Тәрбиелік: жастарды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.

3) Дамытушылық: Шәкәрім шығармалары арқылы дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың типі: аралас сипатта

Әдістемелік құрылымы: Үй тапсырмасы (блиц сұрақ-көкпар, тест сұрақтары), жаңа тақырып( ой топтастыру, сұрақ- жауап, видео бейне, өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Сабақтың көрнекілігі: қамшы, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен сәлемдесу.

ІІ.

Абай Құнанбаевтың өмірі бойынша өткен материалдарға пысықтау жүргізу. Үй тапсырмасы: Блиц-сұрақ (Ой көкпар), «Абайдың қара сөзі мен көзіммен» ой-толғам, тест. І нұсқа

1.Абайдың Семей қаласындағы алғаш оқыған жері қалай аталады?

А) Қожа Хафиз медресесі

Ә)Ахмет -Риза медресесі

Б) Ғабдул-Жаппар медресесі

2.Абай өлеңдері «Көкпай сөздері» деп қай жылдары баспада жарияланды?

А)1880-1886

Ә) 1879-1880

Б) 1882-1885

3.Ел ұйытқысын бұзған, берекесін кетірген әкімсымақтарға деген ызасы мен ел мұңы туралы қамтылған өлеңін тап.

А) «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»

Ә) «Қалың елім,қазағым, қайран жұртым»

Б) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

4.... Есіңде бар ма жас күнің,

Көкірек толы, басың бос..., - шумағындағы ұйқас түрі мен бунақ түрін тап.

А) 8 буынды шалыс ұйқас

Ә) 7 буынды кезектес ұйқас

Б) 6 буынды қара өлең ұйқас

  1. Қазақ әдебиетінде лириканың қанша түрі бар?

А) 2

Ә) 3

Б) 4







ІІ нұсқа

1.Абай Құнанбаевтың ең алғашқы орыс досы кім?

А) Долгополов

Ә) Михаэлис

Б) Н.Г.Чернышевский



  1. Абай Семейдегі «Приходская школада» неше ай оқыды?

А) 6 ай

Ә) 5 ай

Б) 3 ай



3 Абай ақындық жағынан өзін және өзгелерді де мойындатқан өлеңі қалай аталады?

А) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Ә) «Өлең сөздің патшасы»

Б) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»

4. ...Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.Қай өлеңінен алынған үзінді?

А) «Дүние де өзі, мал да өзі»

Ә) «Интернатта оқып жүр»

Б) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

5. ...Қара көз, имек қас,

Қараса жан тоймас.

Ауызың бал, қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас. ..., - шумағындағы ұйқас түрі мен бунақ түрін тап.

А) 8 буынды шалыс ұйқас

Ә) 7 буынды кезектес ұйқас

Б) 6 буынды қара өлең ұйқас







Жауабы

І нұсқа ІІ нұсқа

1. Б 1. Ә

2. А 2. Б

3.Ә 3. А

4.А 4. Б

5.Б 5. Б

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Балалар, қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі, даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы қандай мағлұматтар білесіңдер?( студенттердің жауабын тыңдау арқылы топтастыру (кластер).Осы топтастыруды сабақ соңында толықтырамыз...



1. Шәкәрім Құдайбердиевтің өміріне байланысты видио -бейнені көру.

2. Өміріне байланысты суреттерді слайдтардан көру.( 5 слайд)

3Студенттерді «Сіз білесіз бе?» ақпараттық мағлұматтармен таныстыру.(Слайдтар арқылы)

1 - слайд. Шәкәрім - Меккеге барып, қажы атанған адам.

2 - слайд. Шәкәрім өз заманында ойшыл азаматтардың бірі атанған. Мекке сапары Шәкәрім үшін діни сапар ғана емес, ілім іздеу жолы болды. Ол аса бай Стамбул кітапханасында болады. Египеттегі Александрия кітапханасына қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алады.

3 - слайд. Шәкәрім тарихпен де айналысады. « Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», - дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі - «Шежіре»

4 - слайд. Шәкәрім түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған.

5 - слайд. Шәкәрім төрт тілге жетік болған: орыс, араб, түрік, парсы.

6 - слайд. Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған.

7 - слайд. Шәкәрім геометрия заңдарын үйренген, тік үшбұрыштың есебін білген.

8 - слайд. Шәкәрім Л. Толстойды өзіне ұстаз тұтқан, онымен хат алысып тұрған.

4. Шәкәрімнің жұмбақтарын шештіру.

1. Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.



2. Бір нәрсе жұртқа мәлім, көзден ғайып,

Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.

Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,

Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып.



Деңгейлік тапсырмалар:

І. Шәкәрімнің өмір жолы. Бірінші деңгей - білімнің минималдық шегі.

ІІ. Алгоритмдік саты. Өлеңін талдау. Екінші деңгей - оқушының шығарманы түсінуі, ұйқас, тармақ, бунақ, буын, троп түрлеріне талдау.

ІІІ. Эвристикалық саты. Өлеңдерін жатқа айту. Үшінші деңгей - осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау.



ІV. Шығармашылық сатысы. « Мен таныған Шәкәрім» ( шағын ой толғау).

Төртінші деңгей - дарынды, ізденімпаз, қабілетті оқушыларға арналған. Мұнда оқушылардың сөздік қоры, ой ұшқырлығы бағаланады.

Сабақты бекіту. Ұлы Абай әйгілі «Ескендір» поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген жолмен бастағаны белгілі. Біз бүгінгі сабағымыздың қорытындысында осынау өлең жолын «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?» деп, сәл - пәл өзгерте қолдансақ... Білсек, кім деп білеміз?

«Топтастыру» стратегиясымен «Шәкәрімді» толықтырамыз



V. Қорытынды. Иә, Шәкәрім, ең алдымен, ақын. Ақын болғанда да, XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген. Сондықтан сабағымызды Шәкәрім атамыздың өз сөзімен қорытындылаймыз.

« Адам үшін - еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қалап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім!»



Үйге тапсырма. « Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын тануға қосар менің үлесім» Шағын жобалық- зерттеу жұмысын жүргізу. «Еңлік - Кебек» поэмасының мазмұны.



Студенттерді бағалау парағы бойынша бағасын қою.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал