7


  • Учителю
  • Орыс сыныптарына қазақ тілінен 'Бастауыш' тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8 сынып

Орыс сыныптарына қазақ тілінен 'Бастауыш' тақырыбы бойынша сабақ жоспары, 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 8-сынып. Пәні: Қазақ тілі Күні:


Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың игерілген білімдерін пысықтау, еске түсіру, қайталау, жинақтау, толықтыру, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгерту. Топтық тапсырмалар арқылы әңгімелесе білуге, диалог түрінде сұхбат құра білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс түрлерін орындай отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құра білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, тұрақты тіркестердң мағынасын түсінуге, өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, ойландыру, пікір алмасу, жинақтау, топтастыру, іздендіру, топтық және жеке жұмыстар, модульдік оқыту технологиясы.

Көрнекілігі: кесте, үлестірмелі кәртішкелер, кеспе қағаздар, кроссворд шешу

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Сабақтың түрі:

  • Жаңа оқу материалын беру сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

  • Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

  • Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қолдану, сайыс сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу;

  2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. тапсырма. Мәтіннен мақалдарды теріп жазып, мағынасын түсіндіру.

«Жаманға жан жуымас», «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар», «Жақсы-көпке ортақ».

Шығармашылық жұмыс: Балалар өздерің адам қасиетіне байланысты қандай мақал -мәтелдер білесіңдер?


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Жаңа сабақ. Бастауыш. Оқушылар қызығушлығын ояту.

Енді балалар тақтадағы кестеге қараймыз.

Сұрақтар

Мысалдар

Кім? Не?


Кімдер? Нелер?

Кімі? Несі?

Нешеуі? Қаншасы,?

Астана қаласы-жаңа өмірдің белгісі.

Біз бірлікті ойлаймыз.

Жалқаудың ертеңі бітпейді.

Үшеуі қосылып ән айтты.

Сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын оятамыз.

  1. Тақтаға назар аударып ішімізден оқып шығайық. Кім дауыстап оқығысы келеді? Рахмет ,тамаша.

  2. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

  3. Бастауыштың сұрақтарын атаңыз.

  4. Әр сөйлемдегі бастауышты атаңыз.

  5. Бастауышқа өздеріңіз мысал келтіріңіздер


Сонымен, расында да, жаңа сіздер тоқталып өткендей бүгінгі тақырыбымыз-бастауыш.Сөйлем мүшелерінің ішінде тұрлаулы мүшеге жататын-бұл .....? (балалар жауап береді)

Дұрыс айтасыздар, қарап отырсақ , сабақ барысында өзіміз ізденіс жасап, ойымызды ортаға салып жатырмыз. Сол себепті бәріміз ойымызды айтамыз, тіпті, қате болып жатса да ол бүгінгі сабақта кешірімді.

Сонымен бастауыш қандай сөз таптарынан жасалады.

Бастауыш-Зат есім

Бастауыш-Есімдік

Бастауыш-Сын есім

Бастауыш- Сан есім

Бастауыш -Есімше тұлғалы етістіктен жасалады.

Сонымен бүгінгі сабақта біз қандай грамматикалық тақырып өттік. Дұрыс.

IV . Жаңа тақырыпты дамыту жаттығулары:


  1. тапсырма. Мәтінің мазмұны бойынша 4 жай сөйлем құрау. Бастауышқа сұрақ қою.


  1. Сын есімнен жасалған бастауышы бар сөйлемді теріп жазамыз. Оқып, бастауышты тауып, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.


  1. Топтық жұмыс арқылы оқушыларды ізденіске жетектейміз.


1.Әр партаға белгілі бір тақырып туралы сөйлемдер құрап , олардың ішіндегі бастауышты табуға тапсырма беріледі.

Табиғат, Отан, мектеп, достық, кітап, астана

  1. Перфокартамен жұмыс.

Кесте бойынша бастауыштың қай сөз табынан жасалып тұрғанын ажыратып, белгі қою керек.

Сөйлем

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Есімше

Отырғандар төрге шықты





+

Сабақтан соң үшеуі үйге келді



+



Алмас дүкеннен жаңа ғана кірді

+





Жақсы-ісімен жасы


+




Сен ертемен жолға шығасың.


+

VІ. Бекіту жұмыстары .

Сабақты бекіту сұрақтары және бекіту жаттығуы.

  1. Сонымен балалар бастауыш дегеніміз не?

  2. Бастауыштың сұрақтарын кім айтады?

  3. Бастауыш қандай сөз таптарынан жасалады?

  4. Бүгінгі сабағымызды есте сақтауға бола ма?

  5. Бастауыш-сөйлемнің қандай мүшесі.

  6. Тағы қандай тұрлаулы мүшені білеміз?


2.2.7 тапсырма бойынша сөйлемнің дұрыс, бұрысын анықтап, бастауышын табу керек.

VІІ. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бүгінгі сабақта бәріміз жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын. Қалай ойлайсыңдар, бүгін кімдер жақсы баға алу керек?

Егер сен мұғалім болсаң....

VІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Шығармашылық тапсырма. Оқулықтағы 2.2.6.тапсырмадағы бос орындарына қажетті сөйлем мүшесін қою.

Бастауыш туралы ережені есте сақтау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал