- Учителю
 - Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
 
Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қысқа мерзімді жоспары
Модуль «Сын тұрғысынан ойлау»
Пән Қазақ әдебиеті
Сынып 10-сынып
 
Қазақ әдебиеті
 
Күні
 
Сабақ
 
Сабақтың тақырыбы
Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Сілтеме
 
 
Оқулық авторы: Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова
Мұғалімге арналған нұсқаулық (II
Жалпы мақсаттар
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы мағлұмат беру; «Ескендір» поэмасының мәнін ұғынуға жетелеу; Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту. Топта ынтымақтастықта болуға баулу.
 
Оқыту нәтижесі
Өзінше ой қорытуға дағдыланады. Абайдың поэмалары туралы білім алады. Шығармашылық ізденістері дамиды.
Негізгі идеялар
Абайдың «Ескендір» поэмасы туралы түсінік. Поэманың негізгі ой-түйіні
Қолдынылған әдістері мен тәсілдері
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (кластер қорғату) Блум таксономиясы
АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Міндеттері
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді саралай білу, бағалай білуі;
Сөйлеу мәдениетінің дамуы;
Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай білу дағдысының қалыптасуы;
Оқушылар арасынан көшбасшылық қабілеттің даралануы.
Сабақтың өтілетін уақыты
45 минут
 
Сабақ жоспары
-  
Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
 -  
Сабақ барысы Блум таксономиясы бойынша
 -  
Рефлексия
 -  
Үйге тапсырма
 
 
Деңгейі
Мұғ.сұрағы
Оқушының іс-әрекеті
1. Білу
Абайдың неше поэмасы бар?
Абайдың поэмалары қандай тақырыптарға жазылған?
(Оқулықты пайдалану)
-  
«Абай поэмалары» тақырыбында кластер қорғау
 
(ақпаратты сол күйінде беру)
 
2. Түсіну
«Ескендір поэмасы» қандай тақырыпқа жазылған? Ақынның бұл поэманы жазудағы мақсаты қандай деп ойлайсың?
-  
Топтарда талқылап, сұрақтарға жауап береді
 -  
«ББкБ»- әдісі Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың басында орындалады
 
Білемін
Білгім келеді
Білдім
 
(Ақпараттың мазмұнын тани білу, түсіну)
3. Қолдану
Сызбалық талдау жасау
Ескендірдің іс-әрекеті: Әскер жиып қарулану, Қырып-жою; Жауға аттану; Қаласын тартып алу.
Топтастыру - «Ескендір», «Аристотель» (интерактивті тақтада орындау)
(Жаңа ақпаратты өзгертіп қолдана білу)
4. Талдау
Ой- тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
 Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
 Іші тар, көре алмастың біреуі сен,
 Ондай кісі бұл жерге келмейді тең. 
Мысалы:
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. (А. Құнанбаев) Т.б.
(ақпаратты бір бөлікке бөлу арқылы терең түсіну)
5. Жинақтау
Поэманың философиялық түйіні неде?
Ой-толғау
(Әр түрлі бөліктерінің нәтижесінен жаңа ұғым алу)
6. Бағалау
«Абай шығармаларынан алған тағлымым қандай?»
Эссе жазу немесе ББкБ әдісінің 3-бөлімін толтыру
(Жаңа ақпаратқа өз көзқарасы тұрғысынан баға беру.)
Рефлексия
«Бүгінгі сабақтан не үйрендім?»
Қорытындылау
Топтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Топты бағалау кестесін толтыру. Көңіл-күйлерін смайликпен белгілеу
Үйге тапсырма
Абай шығармашылығын қайталау