- Учителю
- Разработка урока на тему: 'Қорықтар'
Разработка урока на тему: 'Қорықтар'
14.03.15 8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Қорықтардың пайдасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекі-құралдары: суреттер, тест, кітап, постер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылармен амандасу;
-
Оқушылардытүгендеу;
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-
Шаттық шеңбер. (Әр оқушы өзінің жақсы қасиетін айтады)
-
Үй жұмысын тексеру: Сұрақ - жауап.
-
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-
«Қорықтар» деген сөзді қалай түсінесіз?
-
Қорықтар не үшін керек?
-
Қазақстанда неше қорық бар? Қандай?
-
Біздің облысымызда қандай қорық бар?
-
Наурызым қорығы қай жылы құрылған?
-
Науырызым қорығында қандай жануарлар бар?
-
Бұл қорықта қандай өсімдіктер өседі?
-
Қорықтардың қандай пайдасы бар?
-
Жаңа сабақ: Қорықтардың пайдасы.
-
Тапсырма: жаңа сөздермен танысу. (бір-екі оқушы жаңа сөздерді дауыстап оқиды)
қорық заповедник
жан-жануарлар животные
өсімдіктер растения
табиғат природа
қоршаған орта окружающая среда
қорғау защищать
сақтау сохранять
құрып кететін исчезающие
қауіп опасность
сирек кездесетін редко встречающие
-
Тапсырма: фонетикалық талдау жасау1- топ: қорық; 2- топ: табиғат.
-
Тапсырма: берілген жаңа сөздермен сөйлем құру.
-
Тапсырма: Бейнекөрініс көрсету.
1- топ: «Қорықтардың пайдасы» ; 2- топ: « Қорықтардың зияны»
Ал енді грамматикалық тақырыпқа көшейік.
-
Тапсырма: берілген етістіктерге бұйрық рай жұрнақтарын қосыңдар.
-
Топ: Қорғау, сақтау, құру, баптау, айт.
-
Топ: Істеу, жақтау, білген, мақтан,жоғалу.
-
Бекіту сұрақтары:
-
Сонымен бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
-
Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-
Бекіту тапсырмалары: Тест жұмысы 10 сұрақ.
-
Бағалау: критерий арқылы бағалау
-
Үй тапсырмасын беру:
А) Жаңа сөздерді жаттау;
Б) Жаңа сөздермен 7-8 салалас құрмалас сөйлемді жазу.