7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздер

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздерҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздер



Күні: 11.03.2016 жыл

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6 сынып



Сабақтың тақырыбы: «Бейнелеуіш сөздер» Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бейнелеуіш сөздер жайлы толық мәлімет беру. Сабақ барысында оқушыларға шығармашылық тапсырма беру арқылы ойлау қабілеттерін, сауатты сөйлесу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік: ой алғырлығы мен тапқырлық, бейнелі сөйлеу шеберлігіне бағдар беру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: зерделей-ізденіс, ой қозғау, түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, ноутбук, слайд, түрлі-түсті қағаздар, кестелер, кеспе қағаздары, сызба тірек, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, орыс тілі.

Сабақтың формалары: топпен, сынып ұжымы мен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

Тақтаға түрлі-түсті қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіремін. Қызығушылықты ояту кезеңі

Интерактивті тақтада түрлі дыбыстар туралы видеосюжет көрсетуден басталады, видеосюжетті көрген соң ол бойынша еліктеуіш сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, оларды топта постерге салуды, бір оқушы топ атынан оқып береді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Бейнелеуіш сөздер - табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. (М.Ә.) Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады (С.М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші (Ж.Ж.). Бұл мысалдардағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтатуды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды, селк сөзі бейғам даланың (тау ішінің) бірден шоши қозғалуын білдіріп тұр.

Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт ете түсті, жалт қарады, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, қиқаң-қиқаң етті, жалт-жұлт етті, т.б Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма:

ІV. Оқулықпен жұмыс:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, оған ат қой. Дәл осы атты таңдау себебіңді түсіндір. Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін анықта. Еліктеу сөздердің оқиғаны баяндаудағы рөлі туралы айт. Осы мәтіннің негізінде өз пікіріңді түйіндеп, 4 сөйлемнен тұратын ой қорытындысын жаз (дербес жұмыс).

Келесі тапсырма: 2-тапсырма. «Бауырсақтың әңгімесі». Өзара кеңесіп, бауырсақтың қалай жасалатынын анықтап алыңдар. Сол ретпен бауырсақтың атынан «әзіл-шыны аралас» қызықты өмірбаяндық мәтін құраңдар. Мәтінде еліктеуіш сөзді ең көп әрі ұтымды қолданған топ жеңімпаз болады (топтық жұмыс).

V. Үлестірме қағаздармен жұмыс. (Әр топқа үлестірме қағаздарды таратылып беріледі)

І деңгей

  1. Еліктеу сөз деген не?

  2. Төмендегі еліктеу сөздерге сөйлем құра.

Жалт-жұлт, тарс-тұрс, ербең-ербең, дүрс-дүрс.

  1. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қой.

Ауыл үсті айқай-ұйқай, ...., ..... Күміс үзеңгіге салып шіренген аяғында әміркен мәсі-кебіс .... ..... етеді. Қымызды жұтқанда Текебектің өңеші ..... етеді. (С.Сейфуллин)

ІІ деңгей

  1. Еліктеу сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек жаз. Томпаң-томпаң, қалт-құлт, гүр-гүр, шаңқ, сақ-сақ, маң-маң, шолп, қолп,

шарт-шұрт, сатыр-сұтыр.

  1. Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді? Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөзді жазып, қай түрі екенін ажырат.

Осымен бір жарты сағаттай уақыт өткенде, есіктің сыртында ....... дыбыстар шықты. Асығып, ерсілі-қарсылы қақтыққан көп кісінің ....... жүрісі естілді. Камера іші толған жұрт түгелімен ...... етіп шошынып, есікке ...... қарады. Сол-ақ екен, келесі секундта барлық абақты іші дозақ үніндей жат суық үн шығарып, көп мылтық даусы ......, ...... ес тіліп қалды. (М.Әуезов)

  1. Мәтін қай шығармадан алынған? Еліктеуіш сөзді бір бөлек, бейнелеуіш сөзді бір бөлек теріп жаз және шығармадағы кейіпкер туралы өз пікіріңді білдір.

Құдықтың аузындағы жігіттер шыңыраудың түбіне бір тал шаштай боп, сымша тартылып, созыла түскен жіп-жіңішке қыл арқанның ұшына жармасып тырбаң-тырбаң етеді.

Сыз қабырғаны дүңк-дүңк ұра бастады. Кенет тасқа тиіп, шық ете түсті. Еңсеп өтірік пе шын ба дегендей, аңтарыла тұрып қалды. Сосын жаңағы сүйменіне қатты тиген жерді бойлап қаза түсті. Әлгі күрт-күрт дыбыс жоғалды. Сүйменнің тиген жері-шақ-шұқ тас. (Ә.Кекілбай).

VІ. «Кім тапқыр, кім білгіш?» Тез арада бейнелеуіш сөздерге мысал сөйлем айту керек.

1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қылп ете қалды. 2.Азиат! - деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді. 3. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым. 4. Бермесеңіз, қойыңыз, - дедім де жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім. 5. Балалар ананы - мынаны сұрап, азан - қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым. 6.Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ - сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді.

VІІ. Сергіту сәті:

1.Жай ғана сарт етіп жабылады

Іздегенің ішінен табылады (сандық)

2.Қорбаң - қорбаң еткен

Өмірі орманда өткен (аю)

3.Сырт - сырт еткен дыбысы

Ояту оның жұмысы (сағат)

4.Жалт - жұлт етеді

Жерге сіңіп кетеді (жаңбыр)

5.Тоқ - тоқ етіп тамағын

Ағаштан іздеп табатын (тоқылдақ)

VІІІ. Суретке қарап, бейнелеуіш сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құраңдар

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздерҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздер

ІХ. Сызба кесте

Х. 321 стратегиясы

Сабақтың мақсатына жеткен немесе жетпегендегін айтады, сабақтан алған негізгі ұғымдар жайлы әңгімелейді. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

ХІ. Сабақтың қорытындысы

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  • 1.Еліктеу сөз дегеніміз не?

  • 2.Мағынасына қарай еліктеу сөз нешеге бөлінеді?

  • 3.Бейнелеуіш сөз дегеніміз не?

  • 4.Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің?

  • 5.Абай атамыздың бірыңғай еліктеуіш сөзге құрылған «Жаз» өлеңін жатқа айту

ХІІ. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

ХІІІ. Үйге тапсырма: 234-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Дене тәрбиесі сабағында жасалатын қимылдарды бейнелеуіш сөздермен бере отырып әңгіме құраңдар.





Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздерҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ Бейнелеуіш сөздер























































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал