7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінен үзінді: Шофердің әңгімесі

Конспект урока по казахскому языку Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінен үзінді: Шофердің әңгімесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінен үзінді: Шофердің әңгімесі

Сабақ мақсаты:

А) қырғыздың ұлы жазушысы Ш. Айтматов туралы мағлұмат беру, шығармашылығы жайында дерек беру, «Шофердің әңгімесінің» идеясын ұғындыру.

Ә) шығармашылық іздену қабілеттерін дамыту;

Б) шынайы сезімді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: автор портреті, автор шығармашылығы бойынша слайд - шоу, орталық Азияның физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту;

Сабақ әдісі: диалогтық оқыту, СТО

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ жоспары



І ұйымдастыру (3 минут)

Оқушылар «Танысу» тренингі бойынша шаттық шеңберіне жиналып, өз есімдерін атап, көңіл күйін білдіреді. Оларға бетшелер таратылады. Сәйкесінше сұрақтарының жауабын тауып, топтарға орналасады.

1 - топ - «Пушкин» тобы:

1. Ол «Балықшы мен балық» шығармасының авторы;

2. Абай ақын оның 1889 жылы «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударды;

3. Ол орыс ақыны;

4. Дубровский

5. Өмірінің соңғы кезінде ол «Ескерткіш» өлеңін жазды.



2 - топ - «Джек Лондон» тобы:

1. Оның «Мексика ұлы» атты шығармасын 6 - сыныпта оқығанбыз;

2. Ол американ жазушысы;

3. Оның Ривера мен Денни Уорд атты боксшы кейіпкерлері бар;

4. Оның «Ақ азу» шығармасы мен М. Әуезовтің «Көксерегі» бір - бірімен ұқсас;

5. Оның туған кездегі есімі Джон Гриффит.



3 - топ - «Мақтымқұлы Фраги» тобы:

1. Ол түрікмен жазушысы

2. Оның әкесі - Довлетмамед Азади;

3. «Айырылдым», «Жар керек», «Қайдан білсін қадірін» атты өлеңдердің авторы;

4. Ол өзінен кейінгі Молланепес, Кемин сияқты лирик ақындарға жол ашты;

5. «Асқар таулар, биікпін деп бәлсінбе, Күнің жетсе сен де типыл боларсың»,- деген өлең жолдары оның «Боларсың» шығармасынан алынған.



4 - топ - «Расул Ғамзатов» тобы:

1. Ол башқұрт ақыны;

2. Оның өз ана тілі - авар тілі;

3. Оның «Менің Дағыстаным» атты шығармасы бар;

4. Егер ертең тілім болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін - ақ;

5. «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай, жыр жаза алмай жүрмін мен...- дай» деп ақын М. Мақатаев кімді айтқан еді?



ІІ Үй тапсырмасын тексеру: М. Фраги шығармашылығы бойынша сұрақтарға жеке және топтық жауаптар қабылданады.(8 мин)



ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. Ой қозғау - 5 минут.

А)«Ол, ең алдымен, екі халықтың ғажайып ұқсастығына таңғалды... екеуі кезек - кезек сөйлеп отырғанда, біраз құлағың үйренген соң, тіпті айыра алмай қалады екенсің... түр - түстерінде де көзге үріп тұрған бәлендей өзгешелік болсашы. Тек кішкентай ғана айырма, онда да Ержан сияқты суретшінің ғана көзіне шалынатын болар - болмас айырмашылық -...- дың көздері сәл қысықтауу, беттері сәл жалпақтау ма қалай? Оның өзі де жаппай емес, кейбіреулерінен ғана байқалады. «өздерін басқа жұрттар шатастырмауы үшін, бастарына ақ қалпақты әдейі киетін болуы керек» деп ойлады Ержан ішінен» мәтін кімнің қай шығармасынан алынған? Мәтінде сөз болған қандай екі ел? (қырғыз, қазақ, карта арқылы көрсетіледі).



Ә) «Ерте келген тырналар» дегенді естігенде еске түсетін алғашқы есім (Ш. Айтматов, кейіпкері - Сұлтанмұрат). Осы орайда автор туралы кеспе қағаздар таратылып, өмірі жайында мағлұмат беріледі. Топтастыру, семантикалық картаны толтыру тапсырылады. (5 мин)



2 Мағынаны тану. Берілген мәтін топтарға бөлініп беріледі. Оқып - танысуға 9 мин.

Тақырыптың мазмұнын ашқызу мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі:

1. Оқиға желісіндегі кейіпкер - шофер - шынайы сезім иесі. Дәлелдей аласыз ба?

2. Ілиястың шынары туралы ойыңыз қандай?

3. Оқиғаны сіз қалай жалғастырып, қорытындылар едіңіз?

4. Шығармадағы жер - су атауларын картаға түсіріңіз

География пәнімен байланыстыра түсінік бере кету керек.

6 жер - су атаулары кездеседі шығармада. Ош, Балықшы (шығармада Рыбачье), Нарын, Ыстық көл, Памир, Тянь - Шань. Осылардың ішінде ең ерекшесі - Тянь - Шань автотрассасы (слайд - шоу). Қырғызстанның таулы аймақ екендігін ескере кете, ондағы шаруашылық түрлерінің дамуы жайында да бірер сөз айтылғаны дұрыс (6 мин):

Шығармада сөз болатын Тянь - Шань тауы әлем бойынша алғашқы үштікке кіреді. Қытай тілінен аударғанда «Аспан тау» дегенді білдіреді. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км, ал ені 400 км. Ол 4 мемлекетке қарайды: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай. Ең биік шыңы - Жеңіс шыңы, биіктігі 7439 м. Мұнда жер сілкінулер өте жиі болып тұрады. Орталық бөлігі тұтасымен дерлік Қырғызстанда жатыр. Қырғыздар жерінің барлығы дерлік таулы аймақ десе де болғандай. Қырғыздар халқы 5, 2 миллион, олардың 60 пайызы ғана қырғыз ұлты. Бұрын Фрунзе атанған астанасы - Бішкек. Халқы егін егіп, мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан. Сондай - ақ түрлі жүк көлік терімен шет Қытай еліне жүк таситын көліктер арқылы шикізаттар жеткізіп отырған.



ІҮ Тақырыпты бекіту. Сұрақтар арқылы жауап алынады. (3 мин)

Ү Үйге тапсырма беру: шығарманы толық оқып аяқтау және идеяны жеткізу жазбаша. (2мин)

ҮІ Бағалау және оқушылардың сабақтан алған әсерін тыңдау (4мин)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал