7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Ғабит Мүсірепов Жаңа достар

Ашық сабақ Ғабит Мүсірепов Жаңа достар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ. Пәні: қазақ әдебиеті Күні: Сыныбы: 5 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Жазушы жайлы білетін мәліметтерді қорыта отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Қазақ солдаты» романынан үзіндінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер,слайд, постер, СТО.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,әдебиет, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару, (психологиялық тренинг) (5 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Түртіп алу» стратегисы

Ғ.Мүсірепов 1902 жылы дүниеге келген. Ғ.Мүсіреповтың туған жері СҚО, Жамбыл ауданы. Зерек бала «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»жырларын сүйсіне оқыған.Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке», «Қазақ солдаты» сияқты романдар жазды. Ғабиттің «Қыз Жібек», «Қозы көрпеш Баян сұлу» пьессасы бар. (5 мин)

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сыныпты топтарға бөліп, « Мен негіздей аламын...» стратегиясы бойынша, «Жаңа достар» шығармасына композициялық талдау жасау.

Білім, ол шам-шырағы жұрттың күнде,

Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.

Ж.Баласағұн.

•Басталуы: Зытып келем, зытып келем.. Қорқып қалаға қашып келуі.

• Дамуы: Қайырғалидің (Қайроштің) қалада дос табуы.

• Шарықтау шегі:

1)Достар арасындағы уәде;

2)Саратау операсында миллиция қолына түсіп қалуы;

3)Анасының Қайрошті үйге іздеп келуі;

Соңы: Қайроштің детдомда қалу себебі. (5 мин)



V. «Зерттей аламын..» стратегиясы

І топ: Шығармадан Бораш пен Шегеннің портретін тауып постер жаса.

ІІ топ: Шығармадан термин сөздерді тауып жазыңдар.

ІІІ топ: Суретпен жұмыс.

ІV топ: Сахналық көрініс. (10мин)

VІ. «Биікке самғаймын..» стратегиясы

І топ: «Дос» туралы мақал-мәтел жазу.

ІІ топ: «Дос» туралы бес жолды өлең.

ІІІ топ: «Дос» туралы өлең шығару.

ІV топ: «Дос» туралы эссе. (7 мин)

Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік? Кері байланысты орындаймыз.



VІІ. «Мен бір ой түйсем..» стратегиясы

Сандық ішінде сабақты қорыту сұрақтар жасырулы, соны ашып өз ойымызды қорытындылаймыз.

Бұл роман қай жылдарды суреттейді деп ойлайсыңдар?

Қайрош анасымен кетпей неге балалар үйінде қалды?

Анасы баласыны балалар үйінде қалдырды, сол дұрыс па? (5мин)

VІІІ. Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ғ.Мүсірепов «Менің достарым» деген тақырыпта әңгіме жазу.

2. Қайырғали Смағұлов туралы мәлімет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал