7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на республиканском семинаре

Открытый урок по казахскому языку на республиканском семинаре

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы қаласы

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін-өзі тану» гимназиясы,

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Абдраимова Рахиман Айтбайқызы



Қазақ тілі мен өзін-өзі тану пәндері кіріктірілген сабақ

(6 сынып, оқыту орыс тілінде).



Сабақтың тақырыбы: Табиғат

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға табиғатқа қиянат жасамау құндылығын ұғындыру арқылы туған жердің табиғаты туралы білімдерін толықтыру, мәнін ашу;

ә) дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; дұрыс сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

б) тәрбиелік: туған жер табиғатының сұлулығын сезіне білуге, байлығын қорғауға, табиғатқа қиянат жасамауға тәрбиелей отырып, елі мен жеріне сүйіспеншілік көзқарасын арттыру.

Сабақта қолданылатын құндылық: қиянат жасамау

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша, жеке және топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, үлестірме қима қағаздар.

Пән аралық байланыс: өзін - өзі тану, әдебиет, биология, геграфия пәндері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Мұғалім: Бүгін бізде қонақтар бар. Ендеше қонақтарға да сәлем берейік!

(Оқушылар бастарын иіп амандасады.)

Мұғалім: Сабағымызды бастамас бұрын жағымды күйге енейік. (Жеңіл, баяу музыка ырғағымен)



Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

1 дегенде дем аламыз, 2 дегенде демді шығарамыз (жаймен 1-3 рет жасалады).

ІІІ. Жан-жақты тексеру.

Мұғалім: Біз өткен сабақтарда зат есім мен септіктер туралы білімімізді толықтырған едік. Қане, зат есімнің сұрақтарын еске түсірейік.

  • Қазақ тілінде неше септік бар?

  • Олардың сұрақтары қандай?

  • Табиғат, көл сөздерін септеңдер. (Оқушылар жауабы тыңдалады)

ІV. Мақсат қою.

Мұғалім: Бүгін біз «Табиғатты қорғайық» атты жаңа модульді бастаймыз. Ал сабақтың тақырыбы «Табиғат» деп аталады.

Сабағымыздың дәйексөзі:

Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

(Ф. Оңғарсынова)

(Дәйексөзді 1,2 рет хормен оқыту)

Мұғалім: Осы дәйексөздің мағынасын қысқаша ашып көрейікші. Табиғат тазалығы, адамзаттың амандығы дегенді қалай түсінеміз?

1-оқушы: Табиғат тазалығы адам денсаулығына өте пайдалы.

2-оқушы: Өсімдіктердің тазалығы жан-жануарларға пайдалы.

3-оқушы: Табиғаттағы судың тазалығы өсімдіктердің жақсы өсуіне пайдалы.

4-оқушы: Қоршаған орта таза болса, адамның денсаулығы мықты болады.

Мұғалім: Ендеше, балалар, Ауа - өмірің, Су - қазынаң, Жер - үйің, ата мекенің деген сөз бар. Бұларды көзіміздің қарашығындай сақтап, қиянат жасамауды естен шығармайық.

V. Жаңа білімді меңгерту.

А) Сөздік жұмысы

Мұғалім: Біздің танысатын тақырыбымызда мына төмендегідей жаңа сөздер кездеседі.

мейірімділік - қоныс -

сүйіспеншілік - барлық тіршілік -

ластануы - санаспау -

қамқорлық - перзент -

үйлесімділік - орасан зор -

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

Ә) Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқу, мазмұнын талдау.



ТАБИҒАТ

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен қарағаны дұрыс. Қамқорлықпен қарап, үйлесімділіктің сақталуы шарт. Адамзат баласы үшін табиғат - кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы ТАБИҒАТ-АНАҒА қарыздар. Табиғаттың ластануы тіршілікке зиянын тигізеді. Сондықтан да табиғатқа қиянат жасамауымыз керек. Онымен санаспау, қорғамау - ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы - Табиғаттың ең ұлы перзенті. Сонымен бірге, ең ұлы қамқоршысы. Табиғатты қорғаудың маңызды орасан зор болмақ.

(2,3 оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды)

Б) Айтылым. Сұрақ-жауап

Мұғалім: 1. Адам табиғатқа қалай қарағаны дұрыс?

2. Адамзат үшін табиғат не?

3. Табиғаттың ластануы неге зиянын тигізеді?

4. Табиғатқа не жасамауымыз керек?

5. Табиғат қамқоршысы кім?

(Оқушы жауабы тыңдалады).

В) Жазылым. Берілген сөйлемді дұрыс құрап жазыңдар.

мақтанышы, халқымыздың, - Туған, табиғаты, жер, ұлттық.

қорғауымыз, сондықтан, керек, оны.

Дұрыс нұсқасы: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ. Туған жер табиғаты - халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны қорғауымыз керек.



Мұғалім: Балалар, өте дұрыс айттыңдар. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, табиғат сұлулығын дұрыс сезіне білейік. Үнемі табиғатты қорғауға ат салысыңдар, оған қамқор болыңдар. Себебі, табиғат - біздің екінші үйіміз.

Сергіту сәті «Сыңарын тап» ойыны.

Мұғалім: Енді біраз бой жазып алайық. Ол үшін «Сыңарын тап» ойынын ойнап жіберейік. Мына жолақ қағаздарда сөздер жеке-жеке жазылған. Сендердің міндеттерің сол сөздердің сыңарын дұрыс тауып сөз тіркестері мен сөйлем құрауларың керек. (Оқушылар орындайды.)



Жолақтағы сөздер: қоян, суда, жапырақ, балық, ағашта, орманда; Сонда болады. үйлесімділік табиғатта,



VI. Пысықтау, бекіту. В) Жазылым.

Шығармашылық жұмыс (топтық).(«Көңіл толқыны» күйі баяу естіліп тұрады)



Оқушыларды үш топқа бөлу, өз қалаулары бойынша түстерді таңдап алу. Сол бойынша 1-топқа Жер туралы өз ойларын сурет салу арқылы жеткізу; 2-топқа суды кесте жасау арқылы баяндау; 3-топқа ауа туралы өз ойларын жазбаша (шағын эссе) білдіру тапсырылады. (5 мин)

Мұғалім: Сендер табиғатқа адамзат ретінде қандай көмек көрсетер едіңдер?

1 топ: «Медеу шатқалындағы апат», 2-топ: «Арал теңізінің тартылуы», 3-топ: «Алматы көшелеріндегі қоқыс қалдықтары». (Өз ойларын 1,2 сөйлеммен білдіру)

(Егер уақыт артылса «Табиғат тамашалары» атты слайд көрсетіледі.)



VII.Сабақты қорыту.Алматыға ең жақын орналасқан тау.

Суы тартылған теңіз.

Үстінде үйі бар қосмекенді.

Табиғатқа не жасамауымыз керек?

Защищать сөзінің аудармасы.

Тыныс алуға қажетті не?

Жылы жаққа ұшып кетеді де ұшып келеді.-Біз бүгінгі сабақта табиғат туралы әңгіме қозғадық, ой қорыттық. Бүгінгі сабақтан алған тағылымдарыңды жүректеріңе терең бойлатып, сіңіре біліңдер. Үнемі табиғатты қорғау мен оған қиянат жасамауды жүрек түкпіріне сақтап, қамқорлық таныта біліңдер.

VIII.Үйге тапсырма.

-Табиғат туралы диолог құрау. Жаңа сөздерді жаттау.



Білімді бағалау. Оқушылар білімі бағаланады.



Сабақ соңында бәріміз «Табиғатым» әнін бірге орындаймыз. (Сөзі мен музыкасы беріледі.)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал