7


Еңбек түбі ― береке.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Еңбек түбі ― береке.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықтарын ояту: Шаттық шеңбері
А) Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Ә) Жалғасын тап ойыны.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек ер атандырар.
Б) «Қайдан келдің бауырсақ?» қойылымын тамашалау.
• Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
ІІ. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс.
1 топ. Сурет бойынша ой еңбегін ажыратып жапсырмалайды.
2 топ. Сурет бойынша дене еңбегін ажыратып жапсырмалайды.
3 топ. Еңбек туралы бес жолды өлең құрастыру.
Әңгімелесу.
Әрине еңбек еткен соң еңбектің ақысы болады.
• Ақысы не?
• Ақша қалай келеді?
• Ақша не үшін қажет?
• Ақша тапқан соң қажеттілікке жұмсау үшін не істеу керек?
• Шашып төгіп ұстау керек пе?
• Үнемдеу керек, дұрыс айтасыңдар, ендеше қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.
1 топ. Экономикалық әңгімеден экономикалық сөзді табады.
Ағылшын ертегісінен берілген үзіндіні оқып, ойлан және бір экономикалық сөзді пайдалана отырып, шалдың әрекетін қалай атауға болады?
Шал келе жатыр еді, қарсы алдынан торайларды айдаған шошқа бағушы кездесті.
― Сәлеметсіз бе, ақсақал! Қайда болдыңыз?
― Қалада. Бай саудагерде.
―Саудагер сізге не берді?
― Ат басындай алтын берді.
― Ол қайда?
―Атқа айырбастадым.
― Ал ат қайда?
― Өгізге айырбастадым.
― Ал өгіз қайда?
― Қойға айырбастадым.
― Ең жақсы торайды алыңыз да, қойыңызды маған беріңіз.
Шал торайды таңдап алып, шошқа бағушыға рахмет айтып, өз жолымен кете барды.
• Ол сөзді бос торларға жаз.
2 топ. Экономикалық жоспар құрады, ол отбасы бюджетіне байланысты.
Отбасы бюджетін құру.
Табыс Шығын
Үнемдеу туралы қорытып кету.
3 топ. Экономикалық есепті шешеді.
Дүкенге түрлі кәмпиттің үш қорабын әкелді: «Рахат», «Баянсұлу», «Қарағанды» кәмпиттері. Тасымалдау кезінде қораптардағы жазу өшіп қалды. 1 жәшікте «Рахат» емес, 2 жәшікте «Баянсұлу» емес екені, 3 жәшікте «Баянсұлу» орналасқаны белгілі. Қораптарды ашпай ―ақ 1― ші және 2―ші қораптарда қандай кәмпит орналасқанын білуге болады.
• Сонымен еңбек етіп қана қоймай, еңбекпен тапқан табысты үнемдей білу керек. Сонда ғана береке болады.
ІІІ. Ойтолғаныс.
Балалар, біз қазір сендермен қағазды үнемдей отырып, оригами әдісімен көгершінді жасаймыз.
Жасау жолдарын көрсету.
Жасап болған соң әрбіреуің тілек айтып, аспанға көгершіндеріңді ұшырыңдар.
Нарғыз көгершінді апарғанда, «Мен тілегімді бимен білдіргім келеді» деп айтады.
Би.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал