7


  • Учителю
  • Урок по казакскому языку 'Ы. Алтынсарин'

Урок по казакскому языку 'Ы. Алтынсарин'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы.Алтынсаринның өмірі,шығармашылығы,ағартушылық қызметі туралы білімдерін тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға,шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке, Ыбырай шығармашылығына деген сүйіспеншілігін ояту,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта,шығармалар жинағы.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру.талдау.сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы : I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

Ш Жаңа сабақ:

Оқысаңдар, балалар.

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел ,балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге.

Ықыласпен тоқылық.-деп жырлаған «Дала қоңырауы» кім еді?

АғартушыОқушылардың есіне Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін түсіру.топтастыру

Ұстаз

Ақын

Ыбырай

Алтынсарин



Аудармашы

Жазу

Оқулық авторы

2.Ы.Алтынсарин өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841

Қостанай облысы Зотобол ауданыныда дүниеге келген

1850

Орынбордағы жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі

1859

Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болады

1860

Торғай мектебінде мұғалім болады.

1864

Торғайда мектеп ашады

1876-1879

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады

1879

Торғай облысы мектептерінің мектептеріне инспектор болып тағайындалады.

1881

Орск қаласвында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады

1879-1883

Торғай қаласыгың төрт мектебінде мектептер ашылады/Торғай,Ырғыз,Тройцк,Ақтөбе/

1883

Торғайда қолөнер мектебі ашылады

1883

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазды

1887

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылды

1887

Қостанай уезінде мектептер ашып,жанынан 25 орындық интернат салдырды

1889

Ауыр науқастан қайтыс болды



Сабақты бекіту:

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін оқушылар арасынан бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша қиын сұрақтар құрастырып,жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң,оқушылар кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақ пен берілген жауап бағаланады.

Сабақты қортындылау: Ы.Алтынсарин шығармашылығының ерекшелігі туралы оқып-білгендерін «Эстафета» ойын тапсырмаларын орындау арқылы тексеру. Ол үшін оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады. Белгі бойынша белгілі бір уақыт аралығында бірін-бірі қайталамай,естерінде қалған мәлімет,түсінік, оқиғаны,мерзімді параққа жазып,бірін біріне жылжытып беріп отырады. Қай топ неғұрлым көп мәлімет берсе,толық,нақты жауап жазса,мерзімдерді дәл көрсетсе,сол топ жеңімпаз болады

Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

Оқушылар білімін бағалау

Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығы туралы білу. Хрестоматиядан өлеңін жаттау

Рефлексия кезеңі: Ы..Алтынсарин шығармаларындағы идеяларды қандай мақал-мәтелдер арқылы білдірер едіңдер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал