- Учителю
- Ашық сабақ. Шығармашылық- жетістік бастауы
Ашық сабақ. Шығармашылық- жетістік бастауы
Сыныбы:5
Өткізген мұғалімі: Холганат Данекер
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық-жетістік бастауы
Мақсаты:
-Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу;
Міндеттері:
-оқушыларға шығармашылық ұғымының мағнасын ашып түсіндіру;
-баланың шығармашылық қызығушылығын ояту арқылы ішкі мүмкіндіктерін дамыту;
-әр істі шығармашылықпен,құлшыныспен атқара білуге тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Көктегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз
Психологиялық дайындық
Өзіммен-өзім
Сендер отбасыларыңмен тау бөктеріне демалуға бардыңдар. Бәрің сондай қуаныштысыңдыр, отбасы мүшелерінің барлығы мәз - мейрам. Әдемі түрлі - түсті гүлдер, көбелектер қалықтап жүр.Құстар әсем ән салуда. Сендер өз ата- аналарыңмен қуанып ойнап, шаттанып жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айталық.
Ойланайық, пікірлесейік
1.Жетістік деген не?
2.Жетістікке қалай жетуге болады?
3.Шығармашылықтың жетістікке жетуге ықпалы бар ма?Неге?
4.Адам жаңа бір нәрсені жасағанда, жетістікке жеткенде неліетен ерекше қуанады?
5.Өздеріңнің ізденгіш, талапты достарың бар ма?
Жаңа ақпарат
Іздену білімге құштарлықтан, сүйікті ісінің жаңа қырын ашуға жетелейді.Адам шығармашылық арқылы алдына мақсат қоюға ұмтылады және үнемі ізденумен болады.
Адам сан сауалдарға жауап іздеу, жетістіктерге жету барысында өзін де, өзгені де қуанышқа кенелтіп, қоғамға пайда келтіреді.
Мәтінмен жұмыс
"Суретші туралы ертегі" А.Лопатина
1.Суретшінің әлемдегі сұлулықты жаңа қырынан тануына не себеп болды?
2. Сұлулықты көріп, сезіне білуге бола ма? Қалай?
3.Адам бойындашығармашылық болу үшін қандай қасиет қажет?
Түйіндеме
Шығармашылық
ішкі мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік жасайды;
әлемнің сұлулығын сезіну мен ұғынуға ықпал етеді;
Жалпыадамзаттық құндылықтарды тануға жетелейді:
Жаңа бастама мен идеяларды іске асыруға көмектеседі;
Өз қалауына сәйкес әркімнің өмірдегі орнын табуына көмектеседі.
Шығармашылық жұмыс
1.Өздеріңе ұнаған табиғат сұлулығын естеріңе түсіріп суретін салыңдар!
Дәйексөз
Барлық өмір қуанышы-шығармашылықта
Тапсырма
1.Шабыт- шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы.
А.Богомолец
2.Ізденіс-шығармашылықтың бастауы
Халық нақылы
Үйге тапсырма:
Эссе жазу.
Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?
Үйге тапсырма. Эссе жазу
Жүректен жүрекке:
Мен өзімді сүйем
Cені де сүйем білем
Өзіңді сүйе білсең,
Сүйесің мені білем